Мемлекет басшысы қасым-Жомарт Тоқаевтың әр Жолдауы аса маңызға ие құнды құжат. Себебі онда еліміздің тұрақты дамуына сай келетін басымдықтар атап көрсетілген. Бірлігіміздің арқасында біз қаңтар айында елімізді қорғап, Мемлекет басшысының сындарлды кеззеңде қабылдаған шешімдері нәтижесінде бірқатар биік белестерге қол жеткіздік. Себебі Президент елді әрі қарай демократияландырудың маңыздылығын үнемі айтумен келеді.
Бүгінде Президентіміз сайлап, енді депутатық корпусты 2023 жылға белгілеп отырмыз. Себебі қазіргідей күрделі кезеңде бұл аса қажет бастама. Жолдауда белгіленген жаңа өзгерістерді бірлесіп іске асыру барлық тұрғындардың мүддесіне сай келеді. Азаматтардың әлеуметтік жағдайын арттыру мәселесі жұмысқа орналасу ісімен тікелей байланысты. Биылғы жылы Түркістан облысында жастарды жұмыспен қамту жоспарына сәйкес, 29 307 жасты жұмыспен қамту көзделуде. Олардың басым көпшілігі Жастар практикасы және Қоғамдық жұмыс жобаларының аясында жүзеге аспақ. Ал, жыл басынан бері өңірдегі 6 161 жас тұрақты жұмысқа орналастырылған.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кезекте тұрғандарға арналған әлеуметтік тұрғын үй құрылысының көлемі артып келеді. Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында 7, 9 және 12 қабатты жалпы 82 тұрғын үйдің құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен жүргізіліп жатыр. Барлығы – 5313 пәтер, оның ішінде 4039 пәтер кредиттік жүйемен тапсырылса, 1274 пәтер кезектегі азаматтарға беріледі. Биыл 53 үйдің құрылысы аяқталып, тапсыру жоспарланған. Тұрғын үйлердің аулаішілік абаттандыру жұмыстары қатар жүргізілуде.
Түркістанның облыс орталығы болуы қаланың аумағындағы аудандар мен елді-мекендердің дамуына да серпін беруде. Сауран ауданының құрылғанына 1 жылдан асты. Аудан қайта бой түзеп келе жатқан Түркістан қаласымен шектеседі. Сондықтан Сауран ауданына да ерекше көңіл бөлініп жатыр. Әсіресе, аудан орталығы Шорнақ ауылдық округінде мемлекеттік сан түрлі мекемелер мен әлеуметтік маңызы бар бір қатар нысандар бой түзеуде. Басты мақсат – аудан халқына барынша қолайлы тұрмыстық жағдайлар жасау. Ауыл, елді мекендерімізді жайлы, қауіпсіз, таза да көрікті аумаққа айналдыру. Президент Жолдауында атап өтілгендей, ең бастысы халықтың әл-ауқатын арттыруға басымдық берілуде.