Ауыл шаруашылығы алшаң басуда

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 370496 гектарды құрайды. Оның ішінде суармалы 44000 гектар болса, көпжылдық екпелер – 10527 гектар, жайылымдық жер – 312712 гектар, шабындық – 3257 гектарды құрайды. 

Screenshot_18.jpg

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің саны, яғни заңды тұлғалар – 67, іріленген шаруа қожалықтар – 246, жеке шаруа қожалықтар – 1506, олардың жалпы саны – 1819-ды  құрап отыр. Аудан аумағында 9 су қоймасы орналасқан. Олар Ақтөбе, Сасық бұлақ, Шерт, Қошқорған, Қосқорған-Кеңсай-2, Майдантал, Ойық, Шылбыр, Қарашық кіші суқоймасы.

Аудан бойынша өткен жылы егіс көлемі 40958 гектар жер игерілсе, осы жылға 41200 га егістік жер игерілді. Атап айтқанда күздік, жаздық бидай, арпа дақылдары – 3442 гектар, дәндік жүгері – 3281 гектар, майлы дақыл – 520 гектар, мақта – 12525 гектар, мал азықтық дақылдары – 13635 гектар, картоп, көкөніс дақылдары – 2593 гектар, бақша дақылдары – 5204 гектар. Мал азығы саналатын дақылдардың ішінде ескі жоңышқа 9460 гектарды құрайды. Қазіргі таңда, шаруалар бірінші орымды орып, мал азық қорларын жинауда. Сауран ауданы бойынша жалпы жер аумағы 32 гектар болатын 91 дана жылыжай бар. Одан 1 маусымның өзінде 4826 тонна өнім жинақталып, Сауран ауданы мен Түркістан қаласын қамтамасыз етіп отыр.

Аудан бойынша 20,3 гектар қияр дақылы егілсе, одан 1319,0 мың тонна өнім, 9,5 гектар қызанақ егілсе, 541,5 мың тонна өнім, 1,2 гектар қызанақ егілсе, 62,4 мың тонна өнім алынған, 1 гектар лимон жемісі де қазір жинап алынды. Шаруалар жылыжайдың 2-ші маусымдық өнімінен да жоғары табыс тапты. 

Бұдан бөлек, Сауран ауданында 3 инвеститциялық жоба жүзеге асырылды. Шаға ауылдық округінен «ОРГАНИК АгроФуд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жалпы көлемі 50 гектар жерге жоба құны 184 миллион теңгеге 33 000 дана қызыл өрік көшеті егілген. Сонымен қатар, осы аталмыш ауылдық округте «Агро-Жетістік – 2020» ауыл шаруашылығы ндірістік кооперативі жалпы көлемі 190 гектар жерге жоба құны 400 миллион теңгеге 10 бірлік жаңбырлатып суару жүйесін орнатты.

Аудан бойынша мал басының саны биылғы төлді қосқанда мүйізді ірі қара – 102241, қой – 549892, ешкі – 44208, жылқы - 18 243, түйе – 3792, шошқа – 2386, құс - 149262 басқа жеткен. Ал, өндірілген өнімдерге тоқталсақ, жаз айларында ет - 4 133,9 тонна, сүт - 15 288,4 тонна, жұмырттқа – 2335 дананы құраған. Майдантал ауылдық округінің тұрғыны «ИС Жәңгір» ЖШС директоры Сағи Жәңгірұлы жаңа технологияны пайдалану арқылы ағын суды үнемдеу және өнім көлемін 2-3 есе ұлғайту мақсатында 23 бірлік жаңбырлатып суару жүйесін Қытай елінен 368,0 миллион теңгеге сатып алып, 15 бірлігін Майдантал ауылдық округіне қарасты ауыл шаруашылығы мақсатындағы 325 гектар суармалы жерге орнатқан. Соның арқасында 150 гектар жаздық бидай, бақша 25 гекатар, жаңышқа 100 гектар, сүрлемдік жүгері 50 гектар судан таршылық көрмеген. Түсім ойдағыдай алынған. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер