Өнеркәсіп өрге басса – өңір құты

Ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін нығайтатын маңызды фактордың бірі – іргелі кәсіпорындардың ырғақты жұмысы. Осы тұста бір атап өтер жайт, Сауран ауданы Оранғай ауылдық округі бойынша өнеркәсіп кәсіпорындары біртіндеп өркен жайып келе жатқаны көңіл қуантады. 

Screenshot_17.jpg

Қазіргі таңда құрылыс саласында «Тас жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Майшай су», «Кас-Ай», «Фахри строй бетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қиыршық тас, цемент өндірсе, «Досан Ата» ЖШС дайын бетон шығарып жатыр. Бұл кәсіпорындардың халықты жұмыспен қамтумен қатар, аудан бюджетіне айтарлықтай кіріс әкеліп отырғанын атап өтпесек болмас.

Жалпы ауданда жергілікті бюджеттің салық төлеу базасын құрайтын барлық субьектілерге қайта түгендеу жұмыстары жүргізіліп, салық базаларының есебі алынған болатын. Аталған кәсіпорындардың ішінде бір құс фермасы бар. Ол округті ғана емес, аудан, облыс халқыны жұмыртқа және құс етімен қамтамасыз етіп отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін мұндағы сехтың да халыққа бергені мол. Сонымен қатар, жиырмаға жуық аралас сауда дүкендері қызмет етеді. Халыққа тұрмыстық және техникалық қызмет көрсететін үш бірдей орталық тағы бар. Пластикалық құбыр шығаратын шағын цехтың да жұмысы жүйелі жүріп тұр. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 16742,0 гектар болса, оның 1872,0 гектары суармалы жер. Жайылым жерлер – 13406,0 гектар. Бау бақшаға арналған 991,02 гектар жер толық игерілімде. Қазіргі таңда оранғайлықтар ауыл шаруашылығы жерлерін суландыруда тамшылатып, жаңбырлатып суғару технологиясына толық көшкен. Қарқынды бау шаруашылығымен айналысу мәселесі де жоғары деңгейде. Шаруалардың бірқатары бір маусымда екі-үш рет бау-бақша өнімін өндіруге машықтанып алған.

Мәселен, Шамырза Мажитов он гектар алқапта қарқынды бау өсіреді. Қазіргі таңда 22 мың 720 алма көшеттерін 15 миллион 904 мың теңгеге отырғызды. Гүлнара Жалилова болса он гектар жерге 22 мың 720 дана алма көшеттерін 15 миллин 904 мың теңгеге сатып алып еккен.

«Байкенже» шаруа қожалығының иесі Нұрлан Байкенжеев пен «Аруана» шаруа қожалығының төрағасы Әділхан Қасымбеков мал тұқымын асылдандыруды қолға алды. «Дилмурат» шаруа қожалығының төрағасы Сапидолла Асетов 30 бас асыл тұқымды қошқар сатып алып, шаруасын дөңгелетіп отыр. сондай-ақ ауылдық округ шаруалары жылыжай шаруашылығына да ден қойып, жұрттышылықты ерте бастан көкөніспен, кейбірі қысы-жазы өніммен қамтамасыз етіп отыр. Атап айтсақ, Шакиржан Исаев, Мухамедамин Ахметов, Маргуба Сайтходжаева, Кемелбай Баймаганбетов, Рустам Дадашов, Абиддин Пахриддинов, Кендебай Баймагамбетов 0,97 гектарды игеріп шаруаларын шалқытып жатқан жайы бар. Гүлнара Жалилова мен Шамырза Мажитов он гектар алқаптан алып, тамшылатып суғару технологиясын қолдану арқылы аз шығынмен мол өнім алуда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер