Сауранда өміршең жоба көп

Ел экономикасының басты драйвері – шағын және орта бизнес. Осы бағытта биыл аталған салада атқарылған жұмыс көлемі ауқымды. Нәтижесінде ауданда шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын субъектілердің белсенділігі 98,7 пайызға жетіп отыр.

Screenshot_16.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында. «Әртараптандырылған және технологияға негізделген экономика құру – жай қажеттілік қана емес. Біз үшін бұдан басқа жол жоқ.

Сонымен қатар экономика халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы керек...» деген болатын.

Жолдау жүктеген міндеттердің Сауран ауданында орындалу барысы көңіл көншітерлік деңгейде. Мәселен бүгінгі таңда аталған ауданда екі ірі жоба жүзеге асырылуда. Соның бірі – «Turkistan Fruit» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған құны 8 миллиард 533 миллион теңгені құрайтын жоба. Жобада 400 гектар алқапқа қара шөрік егіп, оны өңдеу арқылы шырын шығару мақсат етілген. Екіншісі «Туркестан Агро ХХІ» ЖШС жүзеге асыратын жоба. Оның құны – 6 миллиард 400 миллион теңге. Асыл тұқымды сауынды сиыр ұстау арқылы тауарлы сүт фермасын құру жобасы нарыққа отандық сүт және сүт өнімдерін шығаруға ықпал етері анық.

Сонымен қатар, жоба құны 2 миллиар 562 миллион теңгені құрайтын Төле би ауданында орналасқан Ленгір «Балмұздақ» ЖШС өздері шығаратын өнімдерін сақтайтын қойма салу жоспарлауда. Бұл бойынша тиісті құжаттамалық жұмыстар жүргізіліп жатқан көрінеді. Осы арқы ы100 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Аудандағы шағын және орта бизнес субьектілерінің басым көпшілігі үйіргелік жерлерде орналасқан. аудан әкімдігінің тиісті бөлім өкілдері кәсіпкерлермен ұдайы кездесіп, өзекті мәселелерін талқылап, жан-жақты қолдау көрсетуде. (жер, инфрақұрылым, мемлекеттік қолдау, жеңілдетілген несие). Оның бір дәлелі – осыдан 7-8 ай бұрын іске қосылған «Sem Brend» жиһаз цехының бүгінде ырғақты жұмыс істеуі. Жоба құны – 300 миллион теңге, мұнда қазір 100 жаңа жұмыс орны ашылған. Жұмысшы санын кезең-кезеңімен 300 адамға дейін ұлғайту көзделген. Бастапқыда кәсіпкер жер және жеңілдетілген несие мәселесіне тап болған. Туындаған мәселе, қазіргі уақытта толықтай шешіліп, жергілікті тұрғындардың жұмыспен қамтылуына ықпал етіп тұр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер