Халық елдегі жетекші партияның сайлаушылар алдында берген уәдесін орындауынан, тұрғындар үніне құлақ асатынынан үмітті. Халықтың талап-тілегін билікке жеткізу, мәселенің оң шешім табуына ықпал ету партияның аты айтып тұрғандай өзіне жүктелген аманат.
Қоғамдағы әлеуметтік әділдікті жақтайтын, барша азаматтарға тең мүмкіндік беруді, халықтың тұрмыс жағдайының жақсаруын қалайтын парияның жұмысы енді қыза түсуі керек.
Жалпы . халықтың ішінде қоғамнан, заңнан әділдік іздегендер мен әлеуметтік әлсіз топтардың мүддесін қорғайтын қоғам құруға қазіргі уақыт талабы. Осы талап үдесінен шыға аталған партияның басты міндетінің бірі. Сол үшін де жұртшылықтың дені қандайда бір мәселе юойынша барар жер, басар тауы қалмаған жағдайда партияның жергілікті жердегі филиалына қайырылып жатады. Бұл – заңдылық. Одан басқа да партияның қоғамда атқарып жатқан жұмысы жетерлік.
«Мәселен «Amanat» партиясының Сауран ауданы бойынша филиалы партияның «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы аясында былтырғы жылы Ескі Иқан ауылында балалар мен жасөспірімдерге арналған құны 416 миллион теңгені құрайтын спорт мектебінің пайдаланылуға берілуіне ықпал еткен болатын. Ал, биылғы жылы Сауран ауданы, Бабайқорған ауылында спорт зал құрылысы жүргізілді. Спорт залдың сметалық құны 194 миллион теңгені құрады. Дер кезінде нысанның іргетасы қаланып, бетоны құйылды, іргетас қуысын жергілікті топырақтан толтырылып, электір желісі тартылуды. Қабырғасы қаланып, шатыры жабылды. Сонымен қатар, трансформатор қойылып, ішкі әрлеу жұмыстары да жүргізілу үстінде. жалпы осы жылда аяқтап барып, нысанды тапсыру жоспарланған.
Сондай-ақ, Оранғай ауылынан 150 орындық мектеп құрылысы және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 200 орынды оңалту орталығының құрылыстары бастау алып, қазіргі уақытта бірқатар жұмыстар атқарылды. Мердігер «ЭСПС Инженеринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі биылғы жылға 10 миллион теңге қаржыны игеруді жоспарлаған. Негізінде, 200 орынды мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығының құрылыс жұмыстарын 2023 жылы аяқтап, пайдалануға берілу көзделуде. Жалпы, Сауран ауданы бойынша 2022 жылға 73 индикаторды орындау жоспарланса, бүгінгі күнге оның дені орындалып отыр.