Ауылдық округке көшіп келгісі келетіндер көп

Сауран ауданы құрылғалы бері мұндағы кез келген ауылдық округтер қыруар істер атқара бастады. Соның бірі – Үшқайық ауылдық округі. Мұны аталған ауылдық окпугтегі барлық сала бойынша бұрынғы атқарылған кем-кетігі көп тірліктердің бәрі бүгінде ретке келтіріліп, ауылдардың маңы абаттандырылып, жолдар салынып, елді-мекендердің көкжелекке бөленуінен аңғаруға болады. 

Screenshot_21.jpg

Сауран ауданы орталығынан 25 шақырымдағы орналасқан Үшқайық ауылдық округінде Теке, Нұртас, Жалаңтөс және С.Қожанов елді-мекендері кіреді. Қарамағына төрт ауыл кіретін ауылдық округте 6445 тұрғын берекелі күн кешуде.

– Округ құрамындағы ауылдардың ішінде Теке ауылында – 3513, Нұртаста – 1832, С.Қожанов ауылында – 814, Жалаңтөсте – 286 адам тұрады. Үшқайық ауылдық округі бойынша жұмысқа қабілетті белсенді жастар көп. Мұндағы ауылдық округі әкімі аппаратында 14 адам қызмет етеді. Оның жетеуі мемлекеттік қызметкер, екеуі әлеуметтік қызметкер, алтауы келісім-шарттағы қызметкерлер. Үшқайық ауылдық округ әкімі аппаратына 2021 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 36 миллион 139 мың теңге бөлінсе, биылғы бөлінген қаражатт та ретімен игерілуде. 

Ауылдық округтің білім беру саласында 319, денсаулық саласында 34, балабақшалар және тағы басқа салаларда 780 адам жұмыс істейді. халықтың негізгі табыс көөзі осы тектес мекемелер мен мал, егін шаруашылығы. Үшқайық ауылдық округінде тіркелген шаруа қожалықтардың саны 92-ге жеткен. Демография бойынша ауылда былтыр он екі айда 144 бала туылып, қайтыс болған адам саны 24-ке жеткен. Көшіп келгендер саны екеу болса, көшіп кеткендер жоқ. Қайта Түркістан облыс орталығы атануына байланысты өңірге көшіп келгісі келгендер саны күн сайын еселеп келеді. Олардың біразы қалаға жақын орналасқан елді-мекендерде тұрғысы келетіні анық. Соның бірі ауылдық округ орталығы – Теке ауылына жастар келуге ықыласты.

Үшқайық ауылдық округіндегі төрт елді мекенде 7600-ден астам ірі қара, 37023 ұсақ мал, 1955 жылқы, 444 бас ойсыл қара тұқымы бар. Құстың саны – 5895. Соңғы жылдары мал басының өсуіне және агроөнер-кәсіп саласының дамуына, демографиялық өсімнің ұлғаюына байланысты халықтың жеке үй салып алуына тиесілі жер жетпейтіндігі үлкен мәселеге айналып отыр, – дейді Үшқайық ауылдық округінің әкімі Мұхтар Шалаев.

Қазір расынджа да ауыл жастары: «Ауылдан адам кеткенмен, адамнан ауыл кетпейді», – деп әндетеді. Себебі, барлық қиындықты елмен бірге көтеріп, кешегі референдум, Президент сайлауы кезінде де тағдыр шешті таңдау жасауда тұрғындар бір кісідей «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» үлкен ұйымшылдығын көрсетіпті. Төрт ауылдың ақылмандары жиналып мың адамнан бір өкіл шығарып, жеті адамнан тұратын Қоғамдық кеңесті құрып алған. Оның төрағасы болып өңірге абыройлы Қайрат Бердіқұлов деген ақсақал сайланған көрінеді. Халық ақылдасып шешуді талап ететін мәселелер бойынша осы Қоғамдық кеңестің жұмысына жүгінеді екен.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер