Шаруашылықтардың ісі оңға басып келеді

Бүгінде жер емген дихандардың дені аз шығынмен мол өнім алуды көздейтіні анық. Шаруалардың жерді дұрыс тыңайтуы, дәнді жерде ылғал бар кезде себуі, тұқымның сапалылығына мән беруі секілді огрономия саласына қатысты басқа да талаптарды орындауы мен су үнемдеу технологиясын қолдануы олардың мол өнім алу әлеуетін арттырып отыр.

Screenshot_22.jpg

Сауран ауданның басты перспективасы – ауыл шаруашылығы саласын осындай жаңашылдықтар арқылы ілгерілеті. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласындағы басты міндеттердің бірі – жергілікті тұрғындарды ауыл шаруашылығы тауарларымен қамтамасыз ету. Бұл тұрғыда ерте көктемнен қара күзге дейін тыным таппайытын ауыл шарашылығы еңбеккерлерінің атқарған жұмыстары ерен екенін айтуымыз керек. Аудан бойынша биылғы жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстар көңіл қуантарлық десек болады. 

Оранғай ауылдық округі былтыр 338 гектар жерге күздік бидай егіп, гектарына 27 центнер өнім алды. Жүгері 280,0 гектарға егілсе, одан 67 центнер жүгері жиналды. Мақсары 52,5 гектар егіліп, 13 центнер өнім алынды. Сонымен бірге, мақта 90 гектар жерге егіліп, бүгінгі күнге жиналғаны 40 гектардың түсімі 25 центнерден айналды. 2021 жылы жалпы 2760 гектар жерге түрлі дақылдар егіліпті. 2022 жылғы өнім үшін107,0 гектар жерге күзгі бидай егілді. 1650 гектар жер айдалды. Ауыл округі бойынша 169 шаруа қожалығы бар. Ауыл шаруашылығының басты құралы техника. Округ бойынша әр түрлі маркалы 49 трактор, 48 ауыр жүк көліктері көктемгі, күзгі дала жұмыстарына уақытында жұмылдырылды. Оранғай ауылдық округінен бөлінген жеңілдетілген жанар-жағармай дер кезінде бөлінді. Күзгі дала жұмыстарына 220 тонна дизель отыны жұмсалды.

Аталған ауылдық округінің тұрғындары шетінен еңбекқор. Әу бастан тұрғындар мал ұстауға бейім болғандықтан мұнда мал басы саны да артып келеді. Аналық ірі қара малды тұқымдық түрлендіру бойынша ауылдық округте «Байкенже» шаруа қожалығының төрағасы Н.Байкенжеев, «Аруана» шаруа қожалығының иесі А.Қасымбековтер үлкен жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Мәселен, «Дильмурат» шаруа қожалығынының төрағасы С.Асетов Жамбыл облысы, Қордай ауданы «Арман» шаруа қожалығынан 30 бас асыл тұқымды еділбай қошқарларын сатып алып, мал санын төлі есебінен көбейтуді көздеп отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер