Ауданда инновациялық, инвестициялық жобалар мен мемлекеттік бағдарламалар жоспарлы жүзеге асырылуда. Жалпы өңірде бірқатар өзекті мәселелерді шешу бағытында жеке инвестициялық, бюджеттік және жұмыспен қамту жобалары аясында 2025 жылға дейінгі Сауран ауданының даму жоспарының жобасы әзірленді.
Ондағы мақсат – әрбір елді мекен бөлінісінде жұмыспен қамтуды көздейтін бюджеттік және бюджеттен тыс инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыра отырып, ауыл халықының табысын арттыру, тұрмыс жағдайын жақсарту. Жоба негізінен халықтың әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешуді көздейді.
Сауран ауданы әкімдігі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Ғани Рысбековтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде ауданда жеке инвестиция көлемін арттыру мақсатында атқарылған жұмыстардың барысы талқыланды. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде бұдан бөлек бірнеше мәселе талқыланды. Сауран ауданы бойынша жеке инвестиция көлемін арттыру мақсатында атқарылған жұмыстардың барысы туралы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Б.Шәріпбеков баяндады. Оның айтуынша, ауданымыздағы бірқатар өзекті мәселелерді шешу бағытында жеке инвестициялық, бюджеттік және жұмыспен қамту жобалары аясында 2025 жылға дейінгі ауданның даму жоспарының жобасы әзірленген. Ондағы мақсат – әрбір елді мекен бөлінісінде жұмыспен қамтуды көздейтін бюджеттік және бюджеттен тыс инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыра отырып, ауыл халықының табысын арттыру, тұрмыс жағдайын жақсарту. Жоба негізінен халықтың әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешуді көздейді.
- Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын бейнелейтін 59 индикатор мен 5 көрсеткіші кәсіпкерлік және туризм бөліміне қарасты. Соның ішінде негізгі капиталға салынған инвестициялар нысаналы индикаторына кіреді. 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында негізгі капиталға 12,8 миллиард теңге инвестиция бағытталған. 2021 жылмен салыстырғанда 166,7 пайызғ артып отыр. Жыл басынан бері қаңтар-қыркүйек айларында жеке инвестициялар көлемі 8 миллиард теңгені құраса, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 37,5 пайызға жоғары болып отыр, - дейді Б.Шәріпбеков.
Бұдан бөлек, бөлім тарапынан көрсеткішке қол жеткізу үшін қазіргі уақытта ауылдық округ әкімдіктерімен аудандық ауылшарушылық, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдері тарапынан бірқатар жобалар бойынша есеп тапсырған. Нәтижесінде ағымдағы жылдың 2 қарашасына дейінгі 10 айлық көрсеткішімен ұлттық статистика бюросы департаментіне 2,7 миллиард теңге инвестиция тапсырғанын атап өтті.
Мәжілісте сонымен қатар, күн тәртібі бойынша аудан бюджетінің желтоқсанға дейінгі атқарылуы туралы және 10 айдың қорытындысы мен әлеуметтік экономикалық даму мен нысаналы индикаторларының орындалуы туралы аудандық экономика бөлімінің басшысы И.Мирзахметов, Сауран ауданы бойынша әскери қызметке шақыру жұмыстарының барысы туралы Кентау қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы Н.Дүйсебаев, ауданда мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді орта қалыптастыру, ғимараттарды бейімдеудің барысы туралы және жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек шарттарын порталға енгізу жұмыстарының барысы туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Д.Асылбек баяндама жасады.
-Өңір экономикасын дамытамыз десек – алдымен ауылдық аумақтарды дамытуымыз керек. Ол үшін жаңа жұмыс орындарын құратын агроөнеркәсіп кешенін, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жобаларды іске асыруға тиіспіз. Бұл жұмысты аудандағы 12 ауылдық округте ондаған ірі ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп саласында алдағы үш жылда үлкен маңызды жобаларды іске асыра отырып жүзеге асыру көзделген. Осының есебінен жүздеген жұмыс орнын құру жоспарланған, - деді аудан әкімі Ғани Рысбеков.
Жиын барысында аудан әкімі Ғ.Рысбеков күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша орын алған кемшіліктерді жойып, тиісті шараларды атқаруды тапсырды. етінің төрағасы Даврон Юнусов, бастауыш сынып мұғалімі Назокат Бахрамова, математика пәні мұғалімі Насиба Бабаханова, дене шынықтыру пәні мұғалімі Шохрух Юлдашов, информатика пәні мұғалімі Едгар Хакимов, химия пәні мұғалімі Икром Хашимовтардың басшылығында облыс орталығы – Түркістан қаласына саяхатқа барып қайтты. Киелі қаланың көрікті жерлерін аралап, тарихи орындарда болып, жасөспірімдерге арналған орындарда шат-шадыман ойнап, жадырап, мәз-мейрам болған балалардың тәтті күлкісіне жетер не бар десеңізші! Осындай құанышты сәтті сыйлаған мектеп басшылығына дән риза болып жүргені күлімдеген жүздерінен көрініп-ақ тұр.
Баланы оқуға ынталандыратын осындай шараны ұйымдастырған мектеп басшылығының игі бастамасын ата-аналар да құптап, мектеп басшыларына өз жылы лебіздерін білдіріп жатты.
Баланың білімге болған ынтасы дәл осындай қадамдар арқылы арта түсетінін ескере отырып, біздің де рақметтен басқа айтарымыз жоқ.
- Жас ұрпаққа есте қалар тағылымды шараларды жиі ұйымдастыру маңызды. Мектеп оқушыларының еліміздің киелі жерлеріне саяхаты дәл осы бағытта әр тоқсан сайын жалғаса бермек. Бұл – баланың оқуға деген құштарлығын, бәсекелік қабілетін арттыру мен қатар жас ұрпаққа тарихи орындарды көрсету, олардың отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, киелі жерлер жайлы танымын кеңейтуді көздейді, – дейді мектеп директоры Дилноза Моминова.