Жол жөнделіп, көліктер жүйткуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халққа арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты осы және алдыңғы Жолдауларында көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, елдімекендерді сапалы таза ауыз сумен қамту жайы назардан тыс қалдырмаған еді.

Screenshot_7.jpg

Президент ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыруға, қаржы бөлуге өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын талап еткен болатын. 

Сауран ауданында жалпы ұзындығы 15 шақырымды құрайтын Ойық ауылы мен Ащысай ауылының арасындағы жол орташа жөндеуден өтті. Қазіргі таңда облыстық маңызы бар автомобиль жолы толық пайдалануға беріліп отыр. Жөндеу жұмыстары кезінде ескі асфальт қабаты алынып, екі қабат жаңа асфальт жабындысы төселген.

Жөндеу жұмыстарын Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен мердігер мекеме «Шымкентдорстрой» ПК» ЖШС жүргізген. Жүргізілген жұмыстардың сапасы техникалық қадағалаушы «Оңтүстік жолдары» және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» мекемелері тарапынан тұрақты бақылауда болды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер