Мүмкіндігі шектеулі жандар алаңда

Халықтың әлеуметтік жағдайын арттыру Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауының басты бағыттарының бірі. Президентіміз Жолдаудың кіріспесін: «Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. 

Screenshot_34.jpg

Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады. Қоғам игілігіне арналған қызмет деңгейі жоғары болуына кепілдік береді. Әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсетеміз. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектесеміз», деп атап өтті.

Осы ретте жақында Аша елді мекені Т.Айтжанов атындағы жалпы орта мектебінің спорт залында мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында отырып ойнау волейболы, тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі, дойбы спорт түрлерінен спартакиада өтті.

Жиында Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ж.Жұмабекова, Шорнақ ауылдық округі әкімі Б.Баймұратов, облыстық мүмкіндігі шектеулі спорт клубы директорының орынбасары Б.Қалибеков құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, жарысты өткізудің мақсаты мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында бұқаралық спортты дамыту, спортқа деген қызығушылықты арттыру екендігін жеткізді.

Жарысқа Шымкент, Арыс, Кентау, Түркістан қалалары мен Ордабасы, Сауран аудандары және Шорнақ ауылының командалары қатысып, өзара кіл мықтыларды анықтады. Спартакиада қорытындысы бойынша 1 орынды Шымкент қаласы еншілесе, жүлделі 2-3 орындарды Ордабасы мен Сауран аудандары өзара бөлісті. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы медальдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер