Мемлекеттік қызметшілер алаңда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халққа арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында денсаулық және білім саласына атқарылатын қадау-қадау жұмыстардың барысын анықтап берді. 

Screenshot_33.jpg

«Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды» деген Президент денсаулықпен қатар бұқаралық спортты да назардан тыс қалдырып отырған жоқ. 

Осыған орай жақында Жүйнек ауылдық округінде мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында кіші футболдан аудандық жарыс өткізілді. Жарысқа жалпы саны 12 команда қатысып, өзара кіл мықтыны анықтады.

Атап айтар болсақ, Сауран ауданы әкімі аппараты, аудандық кірістер басқармасы, аудандық қазынашылық басқармасы, аудандық мәслихат аппараты, аудан әкімдігінің дербес бөлімдері мен ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.

Айтулы жарысқа аудан әкімі Ғ.Рысбеков арнайы қатысып, бұқаралық спортты дамытуда осындай жарыстардың көптеп өткізуін айта келе, спортты серік еткен жандарға сәттілік тілеп, сайыста тек мықталардың жеңіс тұғырынан көрінуіне игі тілегін жеткізді.

Жарыстың ережесіне сәйкес, аталмыш командалар 4 топқа бөлініп өзара жарыс көркін қыздырды. Сонымен сайыс нәтижесі бойынша өзгелерден озық ойын өрнегін көрсеткен Сауран ауданы әкімі аппараты мен жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерінен құралған команда І орынды иеленді. Ал, жүлделі ІІ орынды мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері еншілесе, ІІІ орын Жүйнек және Жібек жолы ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлеріне бұйырды.

Жарыста үздік ойын көрсеткендері үшін Ғ.Дүйсенбиев, Ә.Абдарим, Н.Сұлтанмұрат, А.Төлеген аудан әкімінің арнайы дипломымен марапатталды.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер