Қарты бар елдің қазынасы бар

Қамкөңіл қарттардың көңілін бір мезгіл аулауға келетін қайрымды азаматтар да аз емес. Үнемі келіп, демеушілік жасап отыратын кәсіпкерлер қатары жыл санап артуда. Олар жай келмей қарттарға сыйлық әкеліп беруден танған емес. 

Screenshot_35.jpg

Мәселен, «Аманат» партиясының өкілдері ардагерлерге естелік сыйлықтар тапсырды. Мұндай игі істен Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» камуналдық мемлекеттік мекемесінің белсенді жастары да тыс қалып отырған жоқ. Орталықтың ұйымдастыруымен жастардың бойына адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін сіңіру мақсатында «Қарттарды құрметтейік» атты қайрымдылық акциясы өтті.

«Қарттарға арналған мәдени іс-шаралар тұрақты өткізіліп келеді. Биыл қарттармен бірге «Наурыз келді – құт келді», «Аналар – асыл жандар», «Ардагерлерді ардақтайық» тағы басқа да спорттық, мәдени іс-шаралар ардагерлермен бірге өткізілуде.    

Бізде діни мерекелер де атаусыз қалмайды. Мұнда айт, Құрбан айт пен өзге ұлт өкілдері көп болғандықтан олардың да наным сеніміне байланысты мерекелер ұйымдастырылып отырады. Ас мәзірі де талапқа сай дайындалады» дейді жастар орталығының өкілдері.

Акцияға Сауран ауданы, Жібек жолы ауылдық округінің ерікті жастарының қатысуымен ауданымыздағы қарт кісіге қолғабыс жасалып, көмек көрсетілді.

Қайрымдылық акцияның мақсаты өскелең ұрпақтың бойына қамқорлық, үлкенге деген сыйластық сынды ізгі амалдарды сіңіре білу.

Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Ендеше қазынамыз болған қарттарымызды бағалай білейік.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер