Ұлттық валюта – кез келген егемен елдің басты нышандарының бірі. Бұл – елдің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, шаруашылықты жүргізу және басқарудың негізгі құралы.
КСРО күйрегеннен кейін бұрынғы посткеңестік мемлекеттер біртіндеп өздерінің ұлттық валюталарын енгізе бастады. Қазақстан сол кезде қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты біраз уақыт рубль аймағында қалды. Еліміз біртұтас экономикалық кеңістіктің сөгілуінен болатын жағымсыз ісерді азайту үшін рубльден бас тартпады. Алайда 1993 жылы Ресей Федерациясы Қазақстанды рубль аймағынан шығарғанын мәлімдеді. Соның салдарынан еліміз өз ақшасын шығарғанша Ресейдің рублін уақытша сатып алуға мәжбүр болды.
Қазақстан басшылығы бұл шаруаның көп ұзамай тығырыққа тірейтінін түсініп, 1992 жылы өз валютасын шығару үшін құпия шаралар қабылдады. Жаңа ақша шығару туралы келісімшарт жасалды. Кезінде Ұлыбритания фунт стерлингін алты жылда, Германия маркасын екі жылда жасаса, біздің банкнотымыз шебер ұйымдастырудың, үлкен еңбектің нәтижесінде өте жоғары сапамен, небәрі алты айдан астам уақытта басылып, елімізге жеткізілді. Төл теңгеміз сапасы мен дизайны жағынан әлемдік деңгейде алғашқы ондықтың ішіне кірді. Банкноттарымыздың сапасының жоғарлығы, дизайны үшін теңгемізді басып шығарған «Харрисон және оның ұлдары» фирмасына Ұлыбритания патшайымының «Алтын белгісі» табысталды.
Төл теңгемізді әзірлеп, оның халық игілігіне айналғанына дейін қыруар жұмыс атқарылды. Суретші – дизайнер Хайролла Ғабжалелов ақшамыздың шығуына үлкен еңбек сіңірген мамандардың бірі.
Төл валютамыздың тарихына көз жүгіртсек, 1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекіткен болатын. Қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер ең алғашқы теңгемізде белгілі тарихи тұлғалардың портреттері, Алатау мен Көкшетау көріністері, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бейнесі, Маңғыстаудан табылған тастағы таңбалар пайдаланды.
Ұлттық банкпен келісімшартқа отырған Қазақстан дизайн орталығының бас директоры Хайролла Ғабжалелов пен суретші Меңдібай Әлин 1,3,5,10,20.50 және 100 теңгенің дизайнын жасап шығарды. Алғашқы теңгелердің дизайнында Шығыстың ұлы ғұламасы, ілемнің «екінші ұстазы» атанған әл-Фараби бейнеленуі – еліміздің асқақтата түсті. Үш теңгелікте Сүйінбай, бес теңгелікте Құрманғазы, он теңгелікте Шоқан, жиырма теңгелікте Абай, елу теңгелікте Әбілқайыр хан, жүз теңгелікте Абылай хан бейнесі сомдалды.
Тәуелсіз еліміздің азаматтары теңгенің шығуын ұзақ күтті. Ол алғаш қолға тиген кезде қандастарымыздың қуанышында шек болмады. Ұлттық волютамызды қалай атау жөнінде Мемлекет басшылары мен оны жасаушылар арасында үлкен талқылау болды. Ақыры олар ұлтымызда ежелден аталып жатқан осы атауға тоқтады. Теңге – тең деген мағынаны білдіреді.
Сол кезде Қазақстанның егемен ел болғанын қаламайтын, көре алмайтындар жоқ емес еді. Теңге тиелген ұшақтарға қастандық жасалмайды деп ешкім айта алмайды. Елбасы бірде теледидарда берген сұхбатында ұшаққа тиейтін кезде теңге салынған қораптардың сыртына «төлқұжат» деп жазуға тура келгенін айтқан болатын. Міне, осындай көрегенділіктен нәтижесінде теңге ел игілігіне айналады.
Қазақстанның Ұлттық волютасы – теңгенің жасау тарихы Елбасының 1993 жылғы 12 қарашадағы №1399 «Қазақстан Республикасында Ұлттық волютаны енгізу туралы» Жарлығымен басталды. 1993 жылы 15 қарашада құжатқа сәйкес елде Ұлттық валюта – теңге енгізілді. Мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа деңгейінің негізі болды. Теңгенің айналымы елімізге ұлттық нарықтық экономиканы құру үшін қажетті алғашқы қадамдарды жасауға мүмкіндік береді. Ал 1997 жылдан бері Мемлекет басшысының Жарлығымен 15 қараша – төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні ретінде аталып өтеді.
2006 жылы теңгенің жаңа нышаны таңдалды - ₸ (коды - U + 20B8). Авторлары - Вадим Давиденко және Санжар Амерханов.
Ақша басып шығаратын өз фабрикамыз 1995 жылы ашылды. 2011, 2012 және 2013 жылдары теңге банкнотасы әлемдегі ең үздік қағаз ақша ретінде танылды.
Теңге – жалған ақшадан қорғалған әлемдегі ең қауіпсіз валюта. Америкалықтар осы теңгенің технологиясына сүйеніп, доллардың қауіпсіздігін күшейткен.
Теңгенің сапасы жоғары. Сондықтан оны қолдау жасау қиын. Оның 18 қауіпсіздік деңгейі бар. Бұл – сутамғы белгілері, қауіпсіздік жіптері, айқын және қайталанатын жасырын белгілер, кішкентай жазулар және басқалар. Ол – әлемдегі ең қауіпсіз ұлттық валюталардың бірі. Ұлттық банк банкноттарымен және монеталармен бірге инвестициялық, коллекциялық монеталарды шығарады. Инвестициялық монеталар бағалы металдардан: алтын және күмістен жасалған. Олар шектеулі мөлшерде шығарылады. Олар төлем құралы болғанмен негізгі мақсаты – мәдени, білім беру және инвестициялар. Еліміздің монеталары мен бонкноттары халықаралық жарыстарда бірнеше мәрте жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болды.