Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев билік пен қоғам арасында тұрақты диалогты орнатуға айрықша мән беріп отырғаны белгілі. Президенттің Жолдауларының да басты бағытының бір саласы ауыл тұрғындарының жағдайын, өмір сүру сапасын жақсартып, ауыл шаруашылығын өндіріспен қатар дамыту болып табылады.
Сонымен бірге Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында азаматтардың мұң-мұқтажына, талап-тілегіне назар аударып қана қоймай, олардың түйткілді әрі өзекті мәселелерін шешу көзделген. Тұжырымдама азаматтармен сындарлы қоғамдық диалог жүргізуге негізделген. Президенттің түрлі деңгейдегі шенеуніктерге қойған талабы – осы. Өйткені, мемлекетіміз үшін әрбір азаматтың ой-пікірі маңызды.
Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбековтың төрағалығымен өткен жиында ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы мен аудан көлемінде арыз-шағымдардың қаралу барысы туралы жиналыс болып өтті. Мәжіліске ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты.
- Біздің өңірде де Жолдау жүктеген міндеттер сәтімен жүзеге асырылып келеді. Ең алдымен осы тұжырымдаманы ілгерілету мақсатында қараша халықпен ауданның әлеуметтік желілерінде және жеке парақшамда мейлінше, қажетті ақпаратпен қамтамасыз етудеміз. Өңірде жүзеге асырылатын игіліктерді тұрғындар үйінде отырып-ақ хабардар болуда. Сондай-ақ ауданның, облыстық басылымдарына аудан жаңалықтары тұрақты жариялануда. Тұжырымдамада көрсетілгендей, әр саладағы орынбасарларым, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары атқарылған жұмыстарын жариялап отыруды апараттық кеңесте міндеттеп, тұрғындардың сауалына уақытылы әрі тұщымды жауап беру керектігін жүктегенбіз. Бүгінде бұл жұмыстар жүйелі жолға қойылған. Сондай-ақ қоғамдық қабылдауларды жиілетіп, Президен Жарлығына сәйкес, ауылдық округтерде әр тоқсанның қорытындысы бойынша кездесулер ұйымдастырылып, онда сол аралықта атқарылған жұмыстарды кеңінен баяндаудамыз, - деді Ғани Рысбеков.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Сауран ауданы әкімі аппаратының құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы М.Темірхан 2022 жылдың 10 айының қорытындысы мен аудан көлемінде арыз-шағымдардың қаралу барысы туралы баяндама жасады.
Сонымен баяндамашының мәліметіне сәйкес, 2022 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша аудан көлемінде түскен арыз-шағымдардың барысына талдау, зерделеу жұмыстары жүргізілген. Жалпы, аудан көлемінде 3418 өтініш келіп түскен болса, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,46 пайызға ұлғайғанын жеткізді. Сонымен қатар, барлық келген арыз шағымдарға тоқталып, оларға талдау жасап, тиісті деңгейінде орындалмаған мемлекеттік мекемелерді атап өтті.
Мәжіліс соңында аудан әкімі Ғани Рысбеков баяндама бойынша айтылған кемшіліктерді саралап, дер кезінде жою, әрбір келген өтініш иесіне сапалы әрі сауатты жауап беру керектігін нықтап тапсырды.