Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құра алмаймыз

Сауран ауданының диқандары қазіргі таңда жаңа технологияларды қолдана отырып, бір алқаптан екі кейбірі үш рет өнім алудың мүмкіндіктерін пайдалануда. Бүгінгі таңда ауданда осындай 232 жоба іске қосылған.  Бірқатар кәсіпорындар жылыжай шаруашылықтарын дамытуға кірісіп кеткен. Оның аумағы 11,7 гектарға жеткізілді. Таяу болашақта осы саланы барынша дамыту көзделуде.

Screenshot_57.jpg

Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлім басшысының орынбасары Сәкен Оразбаевтың айтуынша, тамшылатып суғару әдісін енгізу бойынша ауданда 443 гектар алқап таңдалған. Қарқынды бау шаруашылығын дамытуға 513 гектар алқап қарастырылған. Жалпы аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатында 370937 гектар жер қарастырылса, оның ішінде 44441 гектары суармалы егістікке бөлінген. Жайылымдық жер 312712 гектарды құрайды. Шабындық жерлер 3257 гектар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында орнықты экономикалық өсімге, ел экономикасын қайта жаңғыртуға, кәсіпкерлік ортаны жақсартуға, тұрғындардың тұрмысын арттыруға, сонымен бірге, ауыл шаруашылығы саласында нәтижелі жұмыс жүргізуге бағытталған басымдықтарды нақты атап көрсетті. «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Бұл салада шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер бар. Атап айтқанда, жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін «арзан несиенің» болмауы», кәсіби мамандардың тапшылығы. Өнімділікті арттырып, шикізат өндірумен ғана шектелмеу үшін, сондай-ақ қойма және көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында шұғыл шаралар қабылдау керек. Елімізде ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, бидай, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу үшін 7 ірі экожүйе қалыптастыруға болады. Балық шаруашылығына да ерекше мән берген жөн. Біз горизонтальді кооперацияның әлеуетін де естен шығармауымыз қажет. Онсыз агроөнеркәсіп кешенінде қарқынды даму болмайды», - деді Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында.

Қазіргі таңда шаруа қожалықтар тоқырап қалумау үшін бірнеше шаруашылық түрін қатар алып жүруде. Оның ішінде асыл тұқымды мал шаруашылығы, құнарлы мал азығын әзірлеу, құс өсіру, мақтаның сапалы түрін өсіруге бет бұруда. Жеке қожалықтардың дені соңғы жылдары тамшылатып суғару әдісіне көшуде. Аудан бойынша егін шаруашылығына 40958,07 гектар жер телімі берілген. Қазіргі таңда диқандар дәндік жүгері, жоңышқа, сүрлемдік жүгері, көкөніс, бидай, күнбағыс, мақта, мақсары егуге көшкен. Сондай-ақ, Сауран ауданына қарасты Оранғайда екі, Иассыда бір, Жаңа Иқанда бір, Ескі Иқан ауылдық округінде екі көкөніс және жеміс-жидек сақтайтын қоймалар орналасқан.

Аудан бойынша биылғы мал қыстату науқанына қажетті 308,2 тонна мал азығы дайындалу керек болса, ол меже 330,2 тонна болып 107 пайызға  орындалған. 

- Бұқашықтарды мал өнеркәсіптік бордақылау алаңына өткізу жоспары 7900 бас деп көрсетілсе, ол меже 8858 бас болып, 112 пайызға орындалған.  Тауарлы балық өнімін өндіру 700 тонна деп жоспарланса, бүгінгі күнге 745 тонна болып, 106,4 пайызға орындалып отыр. Қазіргі таңда малшылар қауымы түліктердің басын шығынға ұшыратпай, қыстан аман алып шығудың қамында жүр. Ал, диқандар қауымы көктемгі егіске техникаларын сайлап, жанар-жағармай қорын жасақтауда, - дейді аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлім басшысының орынбасары Сәкен Оразбаев.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер