Ұлттық жобаның берері көп

Бұған дейін Ұлттық жоба «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» аясында жүргізілді. 

Screenshot_58.jpg

Ендігі таңда «2025 жылға дейін кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде жүзеге асырылуда. Мемлекеттің жіті бақылауына алынған бағдарлама жаппай кәсіпкерлікті дамыту, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту сияқты бірқатар міндеттерді қамтиды. Осы жөнінде толығырақ білу мақсатында Сауран ауданы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры Мұхан Исмаханбетұлы Баймаханбетовпен сұхбаттасқан едік.

- Мұхан Исмаханбетұлы, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша өткен жылы қандай жұмыстардың атқарылғанын айта кетсеңіз.

- Ия, 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламаның мақсаты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу, қосымша жұмыс орындарын құру, табыстың болуын қамтамасыз ету болғандықтан Сауран ауданы бойынша жалпы 1481 азамат осы мәселе бойынша өтініш білдіріп, 1133 адам әлеуметтік шаралармен қамтылды. Таратып айтар болсақ, оның ішінде жұмыссыздар саны 527 адам, өзін-өзі қамтығандар – 50, жұмыс іздеушілер – 556 адам. Аудан халқының басым бөлігі халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жалданып, жұмыссыз жастарға басымдық берілгені қуантады.

- Бағдарламаның үшінші бағытына кеңірек тоқтала кетейікші, яғни «жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» шеңберіндегі шаралар қалай жүзеге асуда? Жастар тәжірибесіне қанша адам тартылды?

- Жалпы, өткен жылы аталмыш бағыт бойынша қоғамдық жұмысқа 270 азаматты тарту жоспарланған, жыл қортындысымен 379 азамат уақытша жұмысқа орналасты. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде бос орындар арқылы тұрақты жұмысқа 618 азамат жолданып, 612 азамат бағдарлама шеңберінде жұмыспен қамтылды. Ұлттық жобаға арналған жол картасы шеңберінде Сауран ауданына қарасты Ораңғай ауыл округінде бір жоба бекітілді. Жоба бойынша 3 бос жұмыс орны ашылып, жұмыспен қамту орталығы арқылы алты азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ, 40 мүмкіндігі шектеулі азамат жұмыспен қамту шараларына тартылды.

Сонымен қатар, биыл Сауран ауданына қарасты жыл басынан Кентау қаласы арқылы бекітілген квоталарға сәйкес, пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру және ата-анасынан кәмелет жасына дейін айырылған тұлжетім жастар бойынша бекітілген квота толықтай орындалды. Айта кетейік, 63 аз қамтылған және көп балалы аналар «Еңбек» бағдарламасының шарапатын көрді. Яғни, қоғамдық жұмысқа 47 азамат, жастар практикасына 1 азамат, мемлекеттік грантқа 15 азамат ие болды.

Жастар тәжірибесі аясында жүзге тарта жас жастар тәжірибесіне тартылды. 

- Жұмыспен қамтудың «2025 жылға дейін кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» жол картасы да халыққа игілігін тигізген болар?

- Бағдарламамен таныссаңыздар, оның аясы өте кең. Атап өтсек, жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу, қосымша жұмыс орындарын құру және кірісті қамтамасыз ету, елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту үшін жағдай жасау, елді мекендерді абаттандыру, жаңа жұмыс орындарын құру секілді көптеген зор мақсат-міндеттерді қамтиды.

Бұл жол картасы шеңберінде өзіміздің Сауран ауданына қарасты Ораңғай ауыл округіндегі «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» құрылыс нысаны бойынша инфрақұрылымдық жұмыстарына 1 жоба бекітілген. Осы инфрақұрылымдық жобаға жауапты мердігермен (ЖШС «Шымкент-Құрылыс») Түркістан облыстық Құрылыс басқармасы және жұмыспен қамту орталығы арқылы 3 жақты келісім-шарт түзілді. Алдағы уақытта оның халыққа берер пайдасы мол деген сенімдеміз.

- Әңгімеңізге рахмет! Сауран ауданы көркейіп, халқы дәулетті өмір сүрсін деп тілейміз!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер