Жанармай бекеті елдің керегіне жарап тұр

Сауран ауданындағы Ынталы елді мекенінде жанармай бекеті жұмыс істеуде. Оның құрылыс жұмысына жеке кәсіпкер Ерлан Исмаилов 45 миллион теңге инвестиция салған.

Screenshot_56.jpg

Бүгінде жұмысын жолға қойған кәсіпкердің жанармай бекетінен ары-бері өткен автокөліктер тоқтап бензин мен дизель отынын құюда. Сонымен бірге онда автогаз құю бекеті де жұмыс істеп тұр. 

-Ауылда бұған дейін жанармай бекеті болған жоқ. Майдантал ауылдық округінің тұрғындары бензин және дизель отыры үшін аудан орталығына баруға мәжбүр болатын. Сондықтан да ауылдық округ тұрғындарының өтінішін ескере келе осы бекетті аштым. Жұмысымыз жолға қойылды. Наурыз айынан бері жұмыс істеп келеміз, - дейді кәсіпкер.  

«Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аумақтық бөлімшелері автогаз құю стансаларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада немесе көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар белгіленген шекті бағаларды асырған және олар орындалмаған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 162-бабына сәйкес, әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

Бүгінгі таңда Сауран ауданы бойынша 14 автогаз құю бекеті, 12 жанармай құю бекеті жұмыс істеуде.  Айта кетерлігі, аудан бойынша автогаз бен жанармай бағасы күнделікті бақылануда. Қазіргі таңда автогаз бағасы 60 теңгеден, АИ-92 – 176 тг., АИ-95 – 208 тг., ДТ-227 теңгеден сатылуда» дейді Сауран ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Болысбек Шәріпбек.

Ал ауыл тұрғындары жанармай бекетінің ауылдан ашылғанына дән риза. Ауыл тұрғыны Омар Қасан: «Бұрын бензин үшін аудан орталығына шабылатынбыз. Ол болмай қалса таксистерге жалынамыз, маған 10 литр екмесе 20 литр бензин әкеліп берші деп. Олар да кейде әлдеғандай болады. Осы жанармай бекеті ашылғалы жәніміз кіріп қалды. Үйдің түбінен құямыз да шаруамызды істей береміз», дейді. 

Қалай дегенмен, жанармай бекеті елдің керегіне жарап тұр. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер