Автомобиль жолдары жаңаруда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халққа арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты осы және алдыңғы Жолдауларында көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, елді мекендерді сапалы таза ауыз сумен қамту жайы назардан тыс қалдырмаған еді.

Президент ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыруға, қаржы бөлуге өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын талап еткен болатын. 

Соңғы жылдары ауданда елдімекендерді таза ауыз сумен, табиғи отынмен және жайлы автомобиль жолымен қамту бағытында жоспарлы жұмыстар өз нәтижесін беруде.

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Сауран ауданында жалпы 130 шақырымды құрайтын 7 облыстық маңызы бар жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, Жүйнек (КХ-115 ағымдағы жылы 13,9 шақырым), Ынталы (КХ-95 ағымдағы жылы 20 шақырым), Түркістан-Қарнақ (КХ-59 ағымдағы жылы 21 шақырым), Бабайқорған-Кентау (КХ-58 ағымдағы жылы 38,7 шақырым) бағыттарындағы елді мекендерді жалғайтын автомобиль жолдарында асфальт салу жұмыстары қарқынды атқарылуда.

Ал, Кентау-Ойық (КХ-56 ағымдағы жылы 31,6 шақырым) Шорнақ (КХ-58 ағымдағы жылы 4,2 шақырым) бағыттарындағы елді мекендерді жалғайтын автомобиль жолдарын орташа жөндеуден өткізу үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілуде. Мердігер мекемелер анықталғаннан кейін жол жөндеу жұмыстары басталатын болады.

Қазіргі таңда, жұмыс-өндірістік кестеге сәйкес, жалпы 63 шақырым жолдың асфальт бетон жамылғысы жаңартылды. Ағымдағы жылы бөлінген қаржыға сәйкес 4 нысанды немесе 76,8 шақырым жолды толық пайдалануға беру күтілуде. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына тапсырыс беруші, техникалық қадағалаушы «Оңтүстік жолдары» МКК және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Түркістан облысы филиалы тарапынан тұрақты түрде бақылауға алынған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер