Шаруа қожалықтар бірігу арқылы іріленуде

Түркістан қаласының тап іргесіндегі Шаға ауылдық округі киелі шаһармен еншісі бөлінбеген елді мекен. Шаға ауылдық округінің әкімі Әбдімүтәліп Нарымбетовтің айтуынша, мұнда төрт елді мекен бар. Олар Қазақстанның ХХХ жылдығы, Шаға, Бершінтөбе, Шоқтас елді мекендері. Мұнда 11250 адам тұрады.

Screenshot_59.jpg

Қазіргі таңда «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, бөлінген қаржыны және басқа да түсімдерден түскен қаржыны игеру, кіріс-шығыс жоспарын бекіту туралы мәселелер қаралып, қоғамдастық мүшелерімен келісілді. Шаға ауылдық округі әкімі аппаратына 2022 жылдың 10 айында аудандық бюджеттен бөлінген қаржы толық орындалды.

- Соңғы жылдары пандемиядан кейін округ тұрғындары жағдайды жақсы түсініп, бірікпесе болмайтындығын ұғынып, өздерінің шаруа қожалықтарымен ауыл шаруашылығы кооперативіне бірігуде. Бұл бір жағынан бәсекелес ортаға шығатындай сапалы өнім жасауға да дем береіп отыр. Қазіргі таңда Шаға ауылдық округінде ауыл шаруашылық жері 63491 гектар алқапты құрайды. Оның ішінде суармалысы 5230 гектар болса, жайылымдық жер 37845 гектар. Шабындық жер көлемі 479 гектар. Шаға қала іргесінде болғандықтан аз ғана жерді барынша ұқсата пайдалануға мән берілген. Мұнда 360 гектар алқапқа бидай, 650 гектарға жүгері себілген болатын. Мал азығы мақсатындағы сүрлемдік жүгері 300 гектарға орналастырылды. 390 гектарға мақта егілсе, бақшалық дақылдар 150 гектарға орналастырылса, жоңышқа тқұымы 2324 гектарға себілді. Бүгінгі таңда астық пен ауыл шаруашылығы өнімдері жиналып, қамбаларға құйылды, - дейді округі әкімі Әбдімүтәліп Нарымбетов. 

Оның айтуынша, округте төрт ауыл шаруашылығы өндірістік копперативі құрылған. «Түркістан агро ХХI» біріккен шаруашылығында 1044 жері болса, 80 шаруашылық бірігіп қызмет атқаруда. «Агрожетістік 2020» біріккен шаруашылығында 120 кәсіпорын бірігіп, 1332 гектар жерді игеріп отыр. «Ордабасы құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Ынтымақ» ауыл шаруашылығы өнімдері кооперативі 70 шаруашылықтан құрылып, 710 гектарға иелік етуде. «Ақын Молда Мұса» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 136 шаруашылықта 2144 гектар жері бар.

Қазіргі таңда Шаға ауылдық округінде қой ешкі саны 47380 басқа жетеді. Мүйізді ірі қара саны 6235, түйе 192, жылқы 1312 басқа жеткен. Қазіргі күнге жеке кәсіпкер Асылхан Мусаев «Мұса» шаруа қожалығы асыл тұқымды мал дәрежесін алып, жұмысын жалғастыруда. Мал тұқымын асылдандыру мақсатында ауыл округі бойынша 1 қолдан ұрықтандыру бекеті жұмыс істеуде. «Мамлакат» шаруа қожалығында қазіргі таңда құны 206 миллион теңгеге соғылған 625 басқа арналған мүйізді ірі қара бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр. Алаңда 625 бас ірі қара бордақылануда. Шаруа қожалығында құны 80 миллион теңге тұратын тәулігіне 15-20 бас мал союға мүмкіндігі бар мал сою бекеті ашылып, 10 адам жұмыспен қамтылды. «Мамлакат» шаруа қожалығында құрама жем шығаратын цех жұмыс істеп тұр. Ауыл тұрғындарының шағын мал сою алаңдарында 450 жылқы бордақылануда.

Қазіргі таңда Шаға ауыл округі аумағында 3 дәріхана, 3 типтік жылыжай, үй іргелік жерде 11 жылыжай, 1 диірмен, 3 шлакаблок шығаратын цех жұмыс істеп тұр. Шарбан Абдураймова 90 миллион теңгеге құрал жабдықтар алып ауыз су шығару цехын іске қосты. Одан басқа 25 сауда нүктелері, 5 халыққа қызмет көрсету орталығы, 3 монша, 2 бассейн, 2 автокөлік жөндеу шеберханасы және 3 автожуу бекеті 3 қоғамдық тамақтану орны бар. Барлығы патентпен жұмыс істейді. Ауылдық округінде бір наубайхана бар.

Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылуда. 2022 жылы атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж 80 отбасыға тағайындалды. Ауылда тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға демеушілер есебінен 12 отбасыға азық-түлікпен көмек берілді. Қазіргі таңда жастар тәжірибесімен 10 жас, ақылы қоғамдық қызметке 22 жас маман тартылған. Ауылдық округте 4 орта, 1 бастауыш мектебі орналасқан. Барлық мектептерде телефон және компьютер сыныптары бар. Бес мектеп Интернетке қосылған. Мұғалімдер саны - 332 болса, оқушылар саны- 2776.

Ауылдық округте бір мемлекеттік және үш жекеменшік балабақша жұмыс атқаруда. Балабақшаға балаларды тасымалдауды балабақша құрылтайшылары өздерінің жеке қойылған көліктері арқылы жүргізеді. Шаға ауылында жекеменшік – мемлекеттік әріптестік аясында балабақша салынды.

Ауылдық округтегі елді мекендерде газ тарту жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 1 миллиард теңгені құрайды. Шаға ауылында мемлекеттік – жекеменшік әріптестік аясында 200 орындық бастауыш мектеп салынды. 100 орындық балабақша бой көтерді, екі бастауыш мектеп ашылды.

Ауылдық округі аумағында орналасқан емхана, пошта, АТС, ветеринариялық бекет халыққа қызмет көрсетіп келеді. Барлығы ауыл әкімдігімен тығыз байланыс орнатқан. 2022 жылы Қазақстанның ХХХ жылдығы Құрманғазы, Нұртас Оңдасынов, Мағжан Жұмабаев көшелеріне тас төсеу жұмыстарына 6805075 теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары өткізілді. Аллея салуға 10  миллион теңгеге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп жеңімпаз анықталды.

Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылында жалпы ұзындығы 43 шақырым ауыз су құбырлары жүргізіліп, пайдалануға беріліп, қазіргі уақытта ауылға ауыз су тұрақты берілуде. Шаға және Бершінтөбе ауылындағы жүргізілген ауыз су жүйесі пайдалануға берілді Шоқтас ауылында ауыз су жүйесін жүргізу үшін 52 миллион теңге бөлінді. Сенбіліктер өткізіліп, көшелер, алаңдар, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына арналған ескерткіштің айналасы уақтылы тазаланып тұрады. Тұрғын үйлер әктеліп, күл-қоқыстың уақтылы шығарылып тұруы тұрақты түрде ұйымдастырылуда.

Ауыл әкімдерінің негізгі жұмыстарының бірі де бірегейі шаруашылыққа инвестиция тартумен айналысу болып табылады. Шаға ауылдық округіне биылғы он айда біршама инвестиция тартылды. Атап өтер болсақ, Ешкі сүт фермасын құруға 850 миллион теңге тартылды. Жылына екі үш рет өнім алу мақсатында жаңбырлатып суғару технологиясына 295,5 миллион теңге құйылды. Жеміс өсіруге арналған «Түркістан фрут» жобасына 3,9 миллиард теңге тартылды. Бұл жаңа технологиялар өндіріс бастарына жеткізіліп, қазіргі таңда халық шаруашылығын дамытуға пайдаланылуда. Өткен жылы сегіз дана ауыл шаруашылығы техникалары алынды. Шаға ауылдық округі бойынша 13,5 гектар жылыжай бар. Екі үш рет өнім алу жобасы бойынша 24 жоба бекітіліп, жүзеге асырылуда. Азық-түлік белдеуі бойынша жаңбырлатып суғару әдісі 780 гектар жерге орнатылып, пайдалануға беріліп, оның алғашқы өнімі алынды. «Ынтымақ агро» СПК 460 гектарға жаңбырлатып суғару қондырғысын орнатты. Бүгінгі таңда 1820 гектар жерді тиімді пайдалануда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер