Жердің дауы - елдің дауы

Түркістан облысы бойынша бір миллион гектар жайылым елге қайтарылады. 

Screenshot_46.jpg

- Жайылым қорын молайту – өте маңызды әрі жауапты мәселе. Округ әкімдері жауапты басқармалармен бірлесіп жұмысты жалғастырулары тиіс. Меморандум арқылы жақсы жұмыс істеліп жатыр. Жердің иелері жайылымға мұқтаж жандар өздерінің ауылдастары екенін түсінулері тиіс. Игерілмей жатқан жерді ешкім бос қалдырып қоя салмайды. Жайылым мәселесі тікелей қадағалауда болады, – деді 

Сауран ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сәкен Оразбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда аудан бойынша осындай 232 жоба іске қосылуда. Бірқатар шаруашылықтар жылыжай шаруашылықтарын дамыту арқылы мол табысқа кенелуде. Жылыжай шаруашылықтарының аумағы 11,7 гектарға жеткізілді. Таяу болашақта осы саланы барынша дамыту көзделуде.

Тамшылатып суғару әдісін енгізу бойынша 443 гектар бөлінді. Қарқынды бау шаруашылығын дамытуға 513 гектар аумақ қарастырылған. Жалпы, аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатында 370937 гектар жер қарастырылса, оның ішінде 44441 гектары суармалы егістікке бөлінген. Жайылымдық жер 312712 гектарды құрайды. Шабындық жерлер 3257 гектар. Алайда, соңғы жылдары мал басының көбеюіне орай, жайылымдық жерлер тарылып барады. Малды бағатын өріс тым аз. Осыған байланысты аудандық жер қатынастары бөлімі мен ауылдарда құрылған Қауымдастықтар мал өрісін ұлғайту мақсатында жекешелендіру кезінде пайдалануға беріліп, қазіргі таңда мақсатсыз пайдаланған және иесіздікке ұшыратқан иелерінен мемлекет меншігі мен ауылдағы тұрғындардың ортақ жайылым ретінде пайдалануына беруде.

Соңғы жылдары су тапшылығының орын алуына байланысты Сауран ауданының егіншілері суды барынша тиімді пайдаланудың жолдарын қарастыруда. Мақтаның орнына суды аз қажетсінетін дақылдарға көше бастады. Мәселен, аудан бойынша егін шаруашылығына 40958,07 гектар жер телімі берілген. Қазіргі таңда диқандар дәндік жүгері, жоңышқа, сүрлемдік жүгері, көкөніс, бидай, күнбағыс, мақта, мақсары егуге көшкен.

Соңғы жылдары пандемия салдарынан дайын өнімдерді өздері келіп шаруашылық басынан алып кететін алыс жақын шетелдер мен басқа облыстардан тапсырыс берушілердің тым азайып кетуіне байланысты ауылдар өздерінің өнімдерін сақтайтын қоймалар жасауға кірісті. Қазіргі таңда Сауран ауданына қарасты Оранғайда екі, Иассыда бір, Жаңа Иқанда бір, Ескі Иқан ауылдық округінде екі көкөніс және жеміс-жидек сақтайтын қоймалар орналасқан.

- Сауран ауданының диқандары Түркістан қаласы мен басқа да аудандарды және облыстарды сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуде. Ол үшін Түркістан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру жобасы жүзеге асырылуда. Жалпы, жоба аясында құны 28,7 миллиард теңгені құрайтын алты инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, - дейді Сауран ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

Қазіргі таңда малшылар қауымы тарылып бара жатқан жайылымдық жерлердің заңды түрде кеңейтіліп, құжаттары тезірек қолына тиіп, мал басын шығынға ұшыратпай, жемшөбін тезірек жинап алудың соңында жүр.

Ал, дихандар қауымы дәнді-дақылдарды төкпей-шашпай жинап алу үшін техникаларын сайлап, жанар-жағармай қорын жасақтап, қызу іске кірісуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер