Сауран ауданында алдағы жылы 8 ауыл көгілдір отынмен қамтылмақ

Түркістан облысы, Сауран ауданында №16 «Ескі Иқан» автоматтандырылған газ тарату стансасы іске қосылды. «Бейнеу – Шымкент» магистралды газ өткізгішінің 1285 шақырымындағы станса Ескі Иқан ауыл округіндегі 7 елді мекенді газбен қамтиды.

Screenshot_5.jpg

 АГТС-тің жалпы құны – 1248,8 миллион теңге, қуаттылығы сағатына  33 текшеметр, жалпы ұзындығы – 11,546 шақырым. Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Роза Сариеваның айтуынша, өңірде газбен қамту жұмысы қарқынды.

– «Ескі Иқан» автоматтандырылған газ тарату стансасы арқылы Сауран ауданындағы 7 елді мекен газбен қамтылып отыр. Жалпы, 55 мың тұрғын «көгілдір отынның» игілігін көреді. Енді тұрғындар заңға сәйкес, үйлеріне газды кіргізіп алулары керек. Бұдан бөлек, Мақтаарал ауданындағы АГТС қуатын молайттық. Қазығұрт ауданында да бір АГТС пайдалануға беруге дайын тұр. Елдің өмір сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жалғасады, – деді Роза Сариева.

«Ескі Иқан» автоматтандырылған газ тарату стансасы арқылы Сауран ауданындағы Ескі Иқан, Шаға, Қазақстанның 30 жылдығы, Ойық, Шоқтас, Ибата, Бершінтөбе елді мекендері табиғи газға қосылады.

Сонымен бірге Түркістан қаласында орналасқан «Hazret Sultan International Airport» әуежайы да газбен қамтылмақ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер