Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық экономика құрылымында баса мән беріп отырғаны құрылыс саласы. Бұл саланың ауқымы кең. Ол барлық салада айрықша басымдыққа ие. Бүгінгі таңда Сауран ауданында бірнеше мектеп ғимаратын жаңадан соғу жоспарлануда.
Аудан әкімі Ғани Құрмашұлының айтуынша, ол Қарашық ауылдық округіндегі Құмтүйін елді мекенінегі орта мектептің жағдайымен жақсы таныса.
- Құмтүйіндегі мектептің жағдайымен бұрыннан таныспын. Ауданымызда мектеп мәселесі өзекті. Бізде апатты жағдайда тұрған, ыңғайластырылған, үш ауысымда оқытылып жатқан мектептер көп. Облыс орталығына жақын орналасқан Құмтиын елді мекеніне жаңа заманауи мектеп керек. Мектептер бізге қарамайды деп оған көңіл бөлмей қоюдан аулақпыз. Біз үшін аудан жастарының сапалы білім алғаны, заман талабына сай мектепте оқығаны маңызды. Аудан бойынша мектеп құрылыстарын жүргізу жоспарлануда. Ол мектептер қазіргі талапқа сай, әр пән үшін арнайы сыныппен, заманауи құрылғылармен қамтылған мектептер болады. Қазіргі таңда Сауран ауданында 4 мектептің құрылысы жоспарлануда. Оның ішінде Құмтүйін елдімекені де бар, - деді аудан әкімі.
Сауран ауданы бойынша күрделі жөндеу жұмыстарын талап ететін 19 орта мектеп, ыңғайластырылған 9 мектеп, үш ауысымға өту қауіпі бар 3 мектеп, апатты жағдайда тұрған 3 мектеп бар. Өткен жылы ауданда 3 мектептің құрылыс жұмыстары басталған. Шаға мен Ескі Иқан ауылдық округтеріндегі 300 орындық мектеп пайдалануға берілген. Шорнақтағы 300 орындық мектеп биыл пайдалануға берілгелі отыр. Қосмезгіл, Оранғай, Ибата елді мекендерінде мектеп құрылысын жүргізуге бюджетке өтінім берілген. Сондай-ақ, 2024 жылы Иассы ауылдық округі Еңбекші диқан ауылында, 2025 жылы Қарашық ауылдық округі Құмтүйін ауылы, Шорнақ ауылдық округі Аша ауылында және Ескі Иқан ауылдық округі Ескі Иқан ауылында мектеп құрылыстарын жүргізу жоспарлануда.