Игі жобаның игілігін ел көруде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында денсаулық пен білім саласына ерекше басымдық беріп отыр. Ұрпақ салауаттылығын арттыратын жоба ол – өңірлерде бұқаралық спортты дамыту.

Screenshot_63.jpg

Бүгінгі таңда аудандарда спорт кешендері мен ашық аспан астындағы спорт алаңдары көптеп ашылуда. 

Биыл осындай игі жобаның игілігін Оранғай ауылдық округінің тұрғындары көруде. Атап айтсақ, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Сауран ауданының Оранғай ауылдық округінде жалпы ауданы 1800 шаршы метр болатын спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға берген болатын. 

- Мықты және дені сау жас ұрпақты тәрбиелеу – еліміздің әлеуметтік саясатының басты міндеттерінің бірі. Біздің ауданда жаңа заманауи спорт ғимараттары мен кешендерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Салауатты өмір салтын насихаттау бастамасын қолдаймыз, - деді бізге берген сұқпатында Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков.

Биыл ғана пайдалануға берілген спорт кешенінде жүздеген ауыл баласы жаттығуда. Мұнда шағын футбол, волейбол, баскетбол және теннис алаңдары, күрес пен бокс залы бар. Жеңіл атлетикамен айналысатын балалар үшін де жағдай жасалған. Олар үшін екі жолақты жүгіру жолы дайындалған. 

Спортшыларға ыңғайлы болу үшін шешінетін бөлмелер, жанкүйерлердің жылжымалы трибуналары орнатылған. Сондай-ақ, кешен барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. 

Спорт кешені ауа райына қарамастан жыл бойы жұмыс істейді. Бұл екі қабатты ауа өткізбейтін мембранамен жабылған, анкерлік жүйенің көмегімен негізге бекітілген, сығылған ауамен қамтамасыз етілген спорт алаңы. Бұл дизайн қыста жылуды және жазда салқындықты сақтауға мүмкіндік береді екен.

Жаңа спорт мектебінің басшылығының айтуынша, кешенде мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен түрлі деңгейдегі спорттық жарыстар өткізіліп тұрады. Нысанның ашылу салтанатында еркін күрес түрінен білікті жаттықтырушы Дәулетбек Ахановты еске алуға арналған жастар арасында еркін күрестен және кіші футболдан ашық біріншілік өтсе, одан беріде жастар арасында спорттың бірнеше түрінен бірнеше рет аудандық, облыстық біріншіліктер өткізілген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер