Жемқорлық – қоғам дерті

Үшқайық ауылындағы А.Үсенов атындағы жоғары орта мектебі базасында «AMANAT» партиясының Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты дөңгелек үстел өтті.

Screenshot_64.jpg

Оған «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының атқарушы хатшысы С.Асылбеков, Үшқайық бастауыш партия ұйымының мүшелері мен мектеп мұғалімдері қатысты. Онда бастауыш партя ұйымының мүшесі Г.Сартаева баяндама жасап, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, онымен қоғам болып күрес жүргізу керек екенін айтты. 

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін айтады. Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет дегеніміз ол жемқорлыққа қарсы белсенді азаматтық позиция. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет тұлғада құқықтық шеңберде іс-әрекет етуі үшін белгілі бір біліктіліктердің болуын талап етеді, олар: жемқорлықты әлеуметтік зұлым ретінде тани білуі, сыбайлас жемқорлықпен күрес негіздерін және оның қоғам өмірінің кез келген саласында деңгейін төмендету үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана білуі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феномені болып табылады, - деді «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының атқарушы хатшысы С.Асылбеков. 

Кездесуде аудандық филиалдың арнайы дайындалған бейне-ролигі партия мүшелерінің назарына ұсынылды. Жиын қорытындысында жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптасатыру маңызды екенін айта отырып, С.Асылбеков шараға қатысушыларды бірлесе қоғам дертімен күресуге шақырып, дөңгелек үстелді қорытындылады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер