Халықтың талабы таза ауыз су

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін. Олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін» деп тапсырмасын басшылыққа алған Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбековте өткен он айдың қорытындысы бойынша Үшқайық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Screenshot_6.jpg

Аудан әкімі Ғани Құрмашұлы алдымен аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыс барысымен таныстырып өтті. Кездесуде аудан әкімі бұдан бұрынғы кездесу барысында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерге тоқталды. Үшқайық ауылдық округі тұрғындарының көтеріп отырған басты мәселесі таза ауыз су. Бұл мәселе округте талай жылдан бері көтеріліп келеді. 

Округ тұрғындары аудан әкіміне көкейлерінде жүрген сұрақтарын беріп, жауап алды. Атап айтсақ, ауыл тұрғындары таза ауыз судан бөлек,  С.Қожанов елді мекеніне мектеп салу, көшелерді асфальттау, спорт алаңын салу, ауылға дәрігердің керектігін көтерді. Бұдан басқа да толып жатқан өзекті мәселелер айтылды. 

Ауыл тұрғындары көтерген мәселелерге аудан әкімі Ғани Құрмашұлы жан-жақты талдай отырып жауап берді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанға «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен 300 турист келді
  • ІХ халықаралық театр фестивалі шымылдығын түрді
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер