Жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылуда

Мемлекет басшысы Жолдауларында көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру назардан тыс қалдырмаған еді. Президент ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салу бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыруға, қаржы бөлуге өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын талап еткен болатын.

Screenshot_68.jpg

Мұндай жұмыс Сауран ауданында билік пен өңірлік «AMANAT» партиясының араласуымен оң шешімін тауып келеді. Аудандағы Шорнақ ауылының бірқатар көшесіне «AMANAT» партиясының ықпалымен асфальт жолдар төселуде.  Еске салсақ, ағымдағы жылдың 6 сәуірі күні «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Түркістан облысына жасаған жұмыс сапарында аталған ауыл тұрғындарымен кездескен болатын. Онда тұрғындар Б.Майлин және Қ.Досметов, С.Сариев көшелеріндегі жолдың сапасы мен жарықтандыру мәселесіне шағымданған еді. Атқарушы хатшы жөндеу жұмыстарына қажетті қаражатты бөлуді тапсырып, партияның қадағалауына алынатынын айтқан.

Қазіргі таңда аталған көшелерге «Сули» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жолдың орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбековтің айтуынша Шорнақ ауылындағы көшелерге жол төсеу үшін бюджеттен бір миллиард теңгеден астам қаражат қарастырылып, қазіргі кезде қызу жұмыстар жүруде.

- Сауран – дербес аудан болып құрылғалы оның қарамағындағы ауылдардың біраз мәселелері кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Бүгінде тас төсеу жұмыстары аяқталуға жақын. Қазірше тапшы болып жатқан битум қоспасы. Дегенмен, бұл мәселе жақын арада шешімін табады. Үш көше жыл соңына дейін асфальтталмақ. Құрылысты жеделдетуді және бақылау жұмыстарын аудандағы жол саласы мамандарына жүктедік. Сонымен қатар, Бабайқорған ауылынан Қарнақ ауылын жалғайтын жол да жөнделді, - дейді Сауран ауданының әкімі Ғани Құрмашұлы.

Ал ауыл тұрғыны Сабыржан Досметов бүгінгі таңда атқарылып жатқан жұмыстарға дән риза. 

- Көктемде Асхат Раздықұлының елді мекенімізге келгенін естіген сәтте біраз мәселелерді көтерген болатынбыз. Әсіресе, ауыл ортасындағы қозғалыс көп болатын үш көшенің жолы мен жарық, ауыз су, жаяу жүргіншілер жолының проблемасын жеткіздік. Тұрғындар жиі жүретін орталық көшелерде қазір тас төселіп, жақын арада шешілетіні қуантып отыр. Оған қоса, үлкен жолдың бойынан жаяу жүргіншілерге арналған жол да жасалуда. Бұл, әрине, аудан орталығының көркін кіргізері анық, - дейді ол.

Бір атап өтерлігі, Сауран ауданында ішкі көшелерді жөндеу жұмыстарынан бөлек, жарықтандыру бойынша да мемлекеттік сатып алу шаралары жүргізілуде. Мердігер мекеме анықталған соң тиісті шаралар қолданылады. Ал ауылдағы жаңадан қоныс тепкен тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін аудандық қазынадан тиісті қаржы бөлінген. Жобалаушы мекеме белгіленген соң құрылыс жұмыстары басталмақ. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер