Кәсіпкер спорт кешенін салып берді

Бүгінгі таңда қай салада болмасын заман көшінен қалып қоймай көшке лесе алған кәсіпкер ғана нақты мақсатына жете алады. Соның бірі Жеке кәсіпкер Хуршид Муютов.

Screenshot_42.jpg

Ол Сауран ауданы Қарашық ауылдық округінде 250 орындық жаңа спорт кешені ашып отыр. Ол кешенде 400 бала ақысыз спортпен шұғылдануға мүмкіндік бар. Онда ауыл жастары еркін күрес, дзюдо, шағын футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, ауыр атлетика, жеңіл атлетика, еркін күрес сияқты спорт түрлерінен тәлім ала алады.

Жеке кәсіпкер Хуршид Муютов бұл ғимараттың құрылыс жұмысына  230 миллион теңгеге жұмысаған. Бұл кешеннің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Ғани Рысбеков нысанның лентасын  қиып, құттықтау сөз сөйледі.

- Ауылда жаңа бой көтерген бұл спорт кешенінен болашақта ел намысын қорғайтын спортшылар шығатынына бек сенімдімін. Жастар арасында салауатты өмір насихаттап, олардың уақыттарын тиімді пайдалануына мүмкіндік жасау керекпіз. Сауран ауданында бұқаралық спортты дамыту қолға алынуда. Болашақта бірнеше спорт кешендерін салуды жоспарымызда бар, - деді аудан әкімі.

Шарада ауданның гүлденуіне үлес қосып, жастар арасында салауатты өмір насихаттап жүрген азаматтарға аудан әкімінің алғыс хаты табысталды. Салтанатты шарадан кейін Сауран ауданының жастары арасында валейболдан жарыс өтті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер