Бағдарымыздың басты басымдықтары жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы қойылып отырған басты мақсаты – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту, оны кеңейту, елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайызға жеткізу.

Screenshot_4.jpg

Оны орындау үшін нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру – Қазақстан Республикасының азаматтарына қалада да, ауылда да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие алуына бар мүмкіндік жасалған. 

Бүгінгі таңда Сауран ауданында шағын және орта кәсiпкерлiкпен айналысатын 2757 субъект тiркелсе, оның 2709-ы белсенді жұмыс істеп тұр. 

Жалпы ауданда қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасқан. Өткен  жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 9781,2 миллион теңгені құраған болатын. Оның 846,8 миллион теңгесі республикалық бюджет есебінен түскен. Сауран ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Болысбек Шәріпбектің айтуынша, ауданның экономикалық даму көрсеткіштерінің бірі – сауда-саттық қызметі. Мәселен, есепті мерзімде бөлшек сауда көрсеткіші 439,9 миллион теңгеге жетіп, яғни 100,1 пайызды құраған.

- Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын басты өнеркәсіп саласында өткен жылы 8114,9 миллион теңгенiң өнімі өндіріліп, бүгінде өсім 100,1, өнеркәсіптің басымды саласы өндеу өнеркәсібінде 7131,3 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 99,7 пайызға жеткен. Жалпы ауданда 33 кәсіпорын жұмыс атқаруда, - дейді Болысбек Шәріпбек.

«Еңбек» бағдарламасы аясында ауданда мемлекеттік қайтарымсыз грантқа қатысуға әрбір азаматтың мүмкіндігі бар. Бұл мақсатта жастар мен кәсіпкерлерге өз бизнесін дамыту үшін жеңілдетілген 6 пайызбен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорын кепілдендіру, субсидиялау құралдарын пайдалану арқылы несиелер ұсынуда екен. 

«Егер бизнесіңіз қызмет көрсету не болмаса сауда саласына жататын болса кепілсіз 6 пайызбен 5 миллион теңгеге дейін қаражатқа қол жеткізуге мүмкіндік бар. Ал «2025 жылға дейін кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында осал топтағы немесе көпбалалы азаматтарға және 29 жасқа дейінгі жастарға грант беріліп келеді. Мәселен, мемлекеттік қайтарымсыз ғрантқа, яғни 585 мың теңгені бүгінгі таңда 35 азамат алып, өз кәсіптерін ашып отыр, - дейді Сауран ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Болысбек Шәріпбек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер