Құрылыста қарқын бар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық экономика құрылымында баса мән беріп отырғаны құрылыс саласы. Бұл саланың ауқымы кең. Ол барлық салада айрықша басымдыққа ие. Бүгінгі таңда Сауран ауданында 35 елді мекен бар, оның 31-і Түркістан қаласының және Кентау қаласының тарапынан таза ауыз су жүйесімен қамтылған.

Screenshot_7.jpg

Аудан әкімі Ғани Құрмашұлының айтуынша, биыл Ойық елді мекеніне ауыз су тарту үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптамалық қорытындысы алынған. Ол жобаның құны 160 миллион теңге. Сонымен қатар, таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 2 нысанға сметалық құжаттары әзірленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлінген. Бүгінгі таңда Шоқтас және Еңбекші-Диқан ауылдарында таза ауызсу құбырының құрылыс жұмыстары басталды. 

Елді мекендерге табиғи газ тарту жұмыстары да жоспарлы іске асырылуда. Газ құбырымен  Үшқайық, Ескі Иқан, Жаңа Иқан, Шаға ауылдық округтерінің елдімекендерінің басым бөлігі қамтылған. Биыл Оранғай, Қарашық, Жүйнек ауылдық округтеріне екі нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, қаржы бөлініп, құрлыс жұмыстары басталып кетті. 

Қалған ауылдық округтерге газ құбырын тарту бойынша аудан әкімінің қаулысы әзірленіп, сәулет жоспарлау тапсырмасына құжаттары дайындалуда.

Жолдың жайын жүрген білер демекші, аудан көлемінде 1254,7 шақырым автомобиль жолы бар. Оның 141 шақырымы республикалық, 294 шақырымы облыстық, 119,3 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар, ал 700,4 шақырымы елді мекендердің ішкі жолдары құрайды. Ағымдағы жылы ұзындығы 15,5 шақырымды құрайтын аудан елді мекендерінің 7 ауылішілік көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталған.

Аудан бойынша 403 шақырымды құрайтын елді мекендердің ауылішілік көшелерінің 195 шақырымы асфальт болса, жыл қорытындысымен 226 шақырымға жетті.

- Сауран ауданының орталығы Шорнақ елді мекенінен 38 гектар жер бөлініп, бұл жерге «Аудандық әкімшілік-іскерлік орталығының» құрылыс жұмыстары жүргізуде. Бүгінгі таңда облыстық құрылыс басқармасы тарапынан 6 құрылыс нысанының жобалау сметалық құжаттамаларына қаржы қаралып, жобалау сметалық құжаттамалары мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Аудан әкімі аппараты ғимараты, аумақтық қазыналық мекемесі, прокуратура, сот, аудандық мемлекеттік мекемелерінің ғимараттары және мәдениет үйі бірінші кезеңге қарастырылып отыр, - дейді аудан әкімі.

Аудан әкімдігі тарапынан 2021 жылы жобаның ізденіс жұмыстары жүргізіліп, сәулет жоспарлау тапсырмасы дайындалуда. Биыл өрт сөндіру бекетінің  және  көп қабатты   пәтер   үйлерге жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, 2023 жылы құрылыс монтаж жұмыстары жоспарлануда.

Бабайқорған ауылдық округі, Бабайқорған ауылынан спорт зал құрылысы өткен жылы басталып, биыл пайдалануға беру жоспарлануда. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2023 жылы орталық стадионның жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп 2024-2025 жылдары құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілмек. 

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдыңғы Жолдауында 1000 мектеп салу бағдарламасына сәйкес, ара қашықтығына қарай ауыл округі орталықтары немесе даму деңгейі жоғары ірі елді мекендерден мектеп салуды қолға алудамыз. Атап айтсақ, мемлекет бюджеті есебінен Қосмезгіл елді мекенінде 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Биыл Оранғай ауылынан 150 орындық мектепке, Жаңа Иқан ауылдық округі Ибата елді мекенінен 200 орындық мектеп құрылысын салуға бюджетке өтінім берілді. 2024 жылы Яссы ауылдық округі Еңбекші диқан ауылынан, 2025 жылы Қарашық ауылдық округі Құмтүйін ауылы, Шорнақ ауылдық округі Аша ауылы және Ескі Иқан ауылдық округі Ескі Иқан ауылынан мектеп құрылыстары жоспарлануда, - дейді аудан әкімі Ғани Құрмашұлы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер