Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында өңір жұртшылығымен кездесуінде Түркістанды атажұртымыздың алтын қазығы деп атап өтті. «Түркістан – бәріміздің мақтанышымыз, екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған бүкіл әлемге танымал қасиетті жер. Осы киелі шаһардың төл тарихымызда айрықша орны бар. Түркістан төріндегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – руханиятымыздың мызғымас діңгегі. Сондықтан Түркістанға, жалпы, осы облысқа ерекше мән беруіміз керек. Бұл, ең алдымен, Үкіметіміздің басты міндеті», – деді Президент.
Осы орайда, яғни Түркістан қаласын дамытуда бас жоспардың алар орны ерекше екені аян. Еліміздің рухани жаңғыруының символына айналып жатқан, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дамуына айрықша назар аударған Түркістанның жаңадан дамуын, тарихи құндылықтарды сақтай отырып, одан әрі көркеюін қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылғы қыркүйекте қала бас жоспарының тұжырымдамасы мақұлданған болатын. Ал екі жылдан кейін қарашада Үкімет отырысында қысқа мерзімде нақты жұмыстар атқарылып, Түркістан қаласының мәдени-рухани және әкімшілік-іскерлік орталықтарының, көлік және инженерлік инфрақұрылымының, тұрғын үйлер аймағының құрылысы қарқынды жүргізілгені айтылды. Жалпы, облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілгеннен бері қаланың негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі шамамен 400 млрд теңгені құрағаны, жаңа бас жоспарға сәйкес қала аумағы 3 мың гектарға жуық ұлғайғаны жария етілді. Сонымен қатар, қала тұрғындарының саны 176 мыңға дейін өсті, 2025 жылға қарай қала халқының саны 250 мыңға, ал, 2035 жылға қарай 350 мыңға жететін болатыны айтылды. Тез өсіп келе жатқан қаланың барлық мұқтаждығы Түркістан қаласын дамыту бойынша ұсынылған жоспарда ескерілген. Ол қала тұрғындары мен оның қонақтары үшін толыққанды жайлы орта құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Үкімет отырысында ұсынылған жоспар қаланың және Түркістан облысының атқарушы органдарымен және де орталық мемлекеттік органдармен келісілгені, қала инфрақұрылымын дамытудың тиісті схемалары әзірленгені, жоспарды қабылдау – Түркістан қаласын алдағы уақытта дамытудың нақты бағытын белгілейтіні айтылды. Иә, Бас жоспар еліміздің Жер, Экологиялық кодекстеріне, тиісті заңдарының және Қазақстан Республикасының қала құрылысын жобалау саласына қатысты басқа да заңнамалық актілері мен нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес әзірленді. Оны әзірлеуге Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 және "Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі бас жоспардың тұжырымдамасын мақұлдау туралы" 2018 жылғы 29 қыркүйектегі № 762 жарлықтары негіз болды. Бас жоспарда бастапқы жыл – 2018 жыл, бірінші кезең – 2025 жыл, есептік мерзім – 2035 жыл болып жобалық кезеңдер қабылданды. Бас жоспар аумақты әлеуметтiк, рекреациялық, өндірiстiк, көлiктік және инженерлiк инфрақұрылымдарды қоса алғанда, табиғи-климаттық, қалыптасқан және болжанып отырған демографиялық және әлеуметтiк-экономикалық жағдайларды ескере отырып дамытудың ұзақ мерзімді перспективаларын, сәулет-жоспарлау құрылымын қалыптастыруды, аумақты функционалдық қала құрылысы аймақтарына бөлуді, құрылысы салынған және салынбаған аумақтардың арақатынасын, жалпы қалалық мақсаттағы объектілерге қызмет көрсету және орналастыру жүйесін ұйымдастыру жөніндегі қағидаттық шешімдерді, жердi басымдықпен иелiктен айыру және сатып алу аймақтарын, резервтiк аумақтарды, кешенді көлік схемасын, көше-жол желісінің бас схемасын және жол қозғалысын ұйымдастырудың кешенді схемасын, аумақты табиғи және техногендiк құбылыстар мен процестердің қауiптi әсерiнен қорғау, экологиялық жағдайды жақсарту жөнiндегi шараларды айқындайды. Сондай-ақ бас жоспар Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының бірінші кезектегі және перспективалы бағдарламаларын, қала аумағын түбегейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын, қоғамдық, іскерлік, мәдени және сауықтыру орталықтарын дамыту, тұрғын, өндірістік және коммуналдық-қойма аумақтарын реконструкциялау және дамыту бағдарламаларын, тарихи құрылыс пен тарихи және мәдени мұра объектілерін сақтау, ұқыпты пайдалану және сабақтастықпен дамыту жоспарларын, рекреациялық аймақтардың аумақтарын дамыту бағдарламаларын және қалалық ортаны кешенді абаттандыру және эстетикалық ұйымдастыру жоспарларын әзірлеуге негіз болып табылады. Республикалық маңызы бар Шымкент қаласынан 165 шақырым қашықтықта орналасқан және Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі болып табылатын Түркістан қаласы еліміздің оңтүстік облыстарын батыс және шығыс өңірлермен байланыстыратын республикалық маңызы бар автомобиль және теміржол магистральдарында орналасқан. Дін мен мәдениеттің тарихи ескерткіштері маңында орналасқан Түркістанның басты мақтанышы – ежелгі шаһардың қорғалатын аймағы мен қаланың тарихи ошағында орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. 2000 жылы ЮНЕСКО шешімімен Түркістан 1500 жылдығын әлемдік деңгейде атап өтті, 2003 жылы Қожа Ахмет Яссауи мұражайы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілді, 2017 жылы Түркі мәдениеті халықаралық ұйымына (ТҮРКСОЙ) мүше елдердің мәдениет министрлері тұрақты кеңесінің 34-ші отырысында Түркістан түркі әлемінің мәдени астанасы болып белгіленді. Ұлы Жібек жолында пайда болған және шығыс пен батыс арасындағы сауда жолдарында тиімді орналасқан Түркістанның қала ретіндегі алғашқы деректері XV ғасырда пайда болған. Түркістан қаласы Жоңғар тауларынан Жетісу мен Сырдария маңындағы дала арқылы Арал теңізіне дейін созылып жатқан ежелгі Қазақстан қалалары алқасындағы ірі інжу-маржаны болып табылады.
Жазда ыстық, аптап, ұзақ созылмайтын қыста салыстырмалы түрде ауа райымен, атмосфералық жауын-шашынның тапшылығымен және жел сипатталатын Түркістанның бас жоспарында табиғи-климаттық және инженерлік-геологиялық аспектілер ескерілген. Қаланың көлденең бетіндегі жалпы күн радиациясының жылдық ағыны күн ашық болғанда орташа 7000 МДж / м2 тең. Жаз айларында 12-13 сағат бойы күн жарқырап тұрады. Жаз 5 айға созылады (мамыр айының басынан қыркүйек айына дейін). Жазда жоғары температура (25о С-28о С) басым, күндізгі уақытта ауа температурасы 30о С асады. Топырақ 50-55о С дейін, ал кейбір күндері 70о С дейін қызады. Қысы қысқа әрі құбылмалы. Суық ауа температурасы желтоқсан - ақпан айларында тіркеледі. Қаңтар айының орташа температурасы – 5,4о С, орташа максимум – 0,5о С, орташа минимум – 9,5о С, абсолюттік минимум – 38о С тең. Жыл бойы жел көбінесе шығыс бағыттан соғады, жаз мезгілінде солтүстік-шығыстан және солтүстік -батыстан соғатын жел жиі қайталануы мүмкін, ал қыс мезгілінде шығыстан соғатын жел мен тынық күндері басым. Қала аумағы арқылы Арыс-Түркістан магистральді арнасы және Қарашық өзені өтеді. Қарашық өзені, уақытша ағын сулар, суару арналары, дренаждық коллекторлар қаралып отырған аумақтағы гидрографиялық желіні құрайды. Өзеннің ұзындығы 198 шақырымды құрайды, жалпы төмендеуі – 1050 метр, орташа еңісі – 0,0084. Арыс – Түркістан суару каналы 1961 жылы салынған, жалпы ұзындығы – 142 шақырым, ең жоғарғы су өткізу қабілеті секіндына 45 текше метр. Канал қарастырылып отырған бүкіл аумақты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай кесіп өтеді, Түркістан қаласының солтүстік-шығыс шекарасы арқылы өтеді және өзінің бүкіл ағысының бойында құнды суармалы ауыл шаруашылығы жерлерінің кең ауқымды аймағын қалыптастырады. Каналдың тереңдігі – 3-4 метр, ені – 20-25 метр. Тарату арналарының дамыған желісі магистральды су ағынынан бастау алады.
Осы арада айта кетелік, жазда шаң, қыста көк түтін болатын Түркістанның экологиясы бүгінде осыдан он жыл бұрынғымен салыстарғанда әжептеуір өзгерген. Оны көктемің өзінде шыж-быж болып қайнап жататын күннің салқындауынан-ақ байқауға болады. Бірақ, бұл деңгейге жету үшін де аз жұмыс атқарылмады. Мамандар Түркістан топырағының 70 пайызы жарамсыз болғандықтан көп көшеттер алғашқыда бірден алып кете қоймаған. Климатқа қолайлы деген терек, қараағаштар егілді. Одан бөлек, облыс басшылығының бастамасымен облыста су қоймалары салынды. Қараусыз қалған көлдер қайта қалпына келді. Ылғалдану жұмыстарын жақсарту үшін ескек есу каналы, жасанды көлдер салынды. Сондай-ақ мамандар климаты құрғақ аймаққа жататын Түркістанда егілген көшеттердің өзге өңірлермен салыстырғанда жерсінуі тым төмен екенін айтады. Жасыл желектің жерсіну көрсеткіші әлемде 70 пайызды құраса, Түркістанда бұл 50%-дан аспайды. Түркістан қаласы аумағында саябақтар мен аллеялардың жер көлемі 450 гектарға жеткізіліп, арық-атыздар қалпына келтірілген. Түркістан қаласының микроклиматын жақсартып, ылғалдану деңгейін жоғарылату бағытында ескек есу каналы, Шаға жасанды көлі, Кеңсай-Қосқорған 2 су қоймасы мен Қосқорған су қоймасы жаңғыртылды. Жазғы белдеудің жалпы көлемі 14 мың гектарға жетіп отыр. Бұл 2-3 жылдың айналасында экологияның жақсаруына септігін тигізеді. Орман алқаптарының өсуіне де ерекше мән берілуде. Байырғы ағаштармен бірге бұрыннан қалыптасқан ағаштарды отырғызу, сырттан келген ағаштарды тізімнен шығарып отыру қолға алынған. Жаңа әуежай жолының бойы 268 гектар жер телімі толықтай тамшылатып суару жүйесіне қосылды. Қалған учаскелердегі отырғызылған ағаш көшеттердің 63% ұңғымалардан, 25% каналдармен, 12% сорғылар арқылы суарылуда. Қала қонақтары көктемнің өзінде аптап ыстық болып, жұрт шыдай алмайтын шаһардың соңғы кездері салқындай бастағанын айтып жүр. Сондай-ақ, Жетікөл көлдер жүйесін жаңғырту арқылы 43 шақырым бөгет жасалынып, облыс әкімінің бастамасымен су көлемі анағұрлым молайды. Тиісінше фаунасы да өзгеріп, булану, ылғал көбейіп, ауа сапасы жақсарып келеді. Жасыл желекті күтіп баптау, қоқыстардан тазалау жұмыстары үнемі жүргізілуде. Қоршаған орта деген бір күнде істеп кететін нәрсе емес, әрдайым қарауды, күтімді қажет етеді. Бұл орайда орталық қазандық газға ауыстырылып, қыстыңгүні атмосфераға түтіннің ластануы азайды. Көгалдандыру жұмыстарының арқасында қаланың табиғи климаты да өзгеруде. Жетікөл көлдер жүйесінде құстар мен балықтар саны да артуда. Қазіргі таңда, аталған көлде құстың 200-ден астам түрі мекендейді.
Түркістан қаласының экономикасын дамыту перспективасы өнеркәсіптің тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау Әлеуметтік-экономикалық даму сынды базалық салаларын қамтиды. Бұл орайда бас жоспарда тамақ өнеркәсібі Түркістан қаласы экономикасындағы әлеуеті ең жоғары сала болып табылатыны айтылған. Түркістан қаласының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елдің басқа өңірлеріне азық-түлік өнімдерін жеткізу шартымен бұл сала жалпы өңірлік өнімнің жартысынан астамын қалыптастыра алады. Қаланың екі көлік дәлізінің қиылысында орналасуы өнімді кез келген өңір мен елдерге жіберуге мүмкіндік береді. Қаланың жеңіл өнеркәсібін елдің киім-кешек пен арнайы киімге деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету, "TURKISTAN" АЭА орналасқан фабрикаларға шикізат пен материалдар жеткізу, кейіннен оларды экспорттай отырып, мақта мен аң терісін өңдеу арқылы, яғни үш бағыт бойынша дамытуға болады. Бұрын қалада ірі тігін-трикотаж фабрикасы жұмыс істеген, оның қайта іске қосуға болады. Бас жоспарда құрылыс индустриясы таяудағы жылдары қалада бірнеше жүздеген тұрғын үй кешені мен үйлер, әлеуметтік-мәдени және тұрмыстық объектілер, сауда кешендері, саябақтар мен гүлзарлар, инженерлік инфрақұрылым мен жолдар салу арқылы дамитыны айтылған. Мұндай құрылыс көлемі жергілікті құрылыс материалдарына сұраныстың бірнеше есе өсуіне алып келеді. Құрылыс индустриясының неғұрлым перспективалы бағыттары: сусымалы құрылыс материалдарының (құм, қиыршық тас, құм-қиыршық тас қоспасы, топырақ) өндірісі, тауарлық бетон, бетон және темір-бетон бұйымдары, кірпіш, көбік және газ бетоны, жылу оқшаулағыш материалдар өндірісі, терезе, есік, жиһаз өндірісі болады. Ал ауыл шаруашылығы техникасы мен арнайы құрылғылар өндірісі, фермаларға, жылыжайларға, көкөніс сақтау орындарына арналған жабдықтар өндірісі, нүктелі суару жүйелерінің, дақылдарды топыраққа отырғызбай өңдеу жүйелерінің, дрондар өндірісі ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы перспективалы бағыттар ретінде аталып отыр. 35 елді мекен кіретін Түркістан қаласының қала маңы аумағы дәнді дақылдар, көкөніс және бақша өсіру бойынша облыста жетекші орын алады. Қала маңайы жылыжайлар саны бойынша облыста екінші орынға ие. Мал шаруашылығы да дамыған, онда негізгі бағыттар ірі қара мал мен ұсақ мал және түйе өсіру болып табылады. Түркістан қаласы осы бағыттарда ауыл шаруашылығы кластерінің өзегіне айналуы мүмкін. Өнімдері халықаралық стандарттарға сәйкес келуі үшін ауыл шаруашылығын жеке қосалқы шаруашылықтардан шығару, дақылдарды топыраққа отырғызбай өсіру технологияларын одан әрі дамыту, саланы ынталандыру қажет. Сондай-ақ тұрғындар мен туристердің болжамды санына байланысты сауда экономиканың неғұрлым перспективалы салаларының бірі болып табылады. Ірі сауда орталықтарымен және супермаркеттермен қатар дәстүрлі базарлар дамуы тиіс. Осыған байланысты Түркістан қаласының базарларын сақтау және жаңғырту жоспарын әзірлеу маңызды. Тауар айналымының көлемі өскендіктен көлік-логистика жүйесі дамитын болады. Жүктерді тасымалдау екі бағыт, яғни қалаға азық-түлік, халық тұтынатын тауарлар, шикізат пен материалдарды әкелу және ауыл шаруашылығы өнімдерін, тамақ өнімдерін, тоқыма өнімдерін басқа өңірлерге жөнелту бойынша жүзеге асырылатыны көзделген. Бас жоспарда, сондай-ақ болашақта Түркістан қаласында туристерге тартымды мәдени-танымдық объектілерді дамыту ұсынылған. Этно-мәдени кешен, тарихи-мәдени музей және Отырар алқабының археологиялық ескерткіштер саябағын құру, «зияратшылар ауылы», қонақүйлер, меймандостық индустриясы, халық кәсіпшілігі мен қол өнер мектебі, тарих-мәдени кешендер салынатыны айтылған. Тұрғын үй құрылысын дамыту, халықтың білім алуға, денсаулық сақтауға, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуге және инженерлік-көліктік инфрақұрылым объектілеріне қажеттілігін қанағаттандыру халықтың тұрмыс сапасын жақсартудың және Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары болады.
Түркістан қаласы бойынша халықтың экономикалық белсенділігі 2018 жылғы 52 %-дан 2035 жылға қарай 60,72 % дейін өсуі болжануда. Жұмыспен қамтылғандар саны қала үшін мүлдем жаңа, яғни ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, баламалы энергетика, экологиялық таза азық-түлік өнімдерін өндіру, іскерлік қызмет көрсету саласы және тағы басқа бағыттарда өседі. Бас жоспарда қала халқы санының болжамы БҰҰ-ның халықаралық стандартына сәйкес демографиялық болжау әдісімен орындалған. Яғни бастапқы жылға халық саны – 165 мың адам, 1-ші кезектегі халық саны – 250 мың, есептік мерзімдегі халық саны – 350 мың адам, болжамды кезеңге халық саны – 500 мың адамды құрайды. Мемлекеттің тиімді тұрғын үй саясаты – адами капиталды қалыптастыру және дамыту жүйесінің түйінді элементі. Халықтың қалың жігі үшін қолжетімді тұрғын үй салудың орнықты тұрақты қарқынын қамтамасыз ету қала құрылысындағы негізгі бағыт болып табылады. Түркістан қаласы экономикасының дамуы және халықтың басым бөлігінің өз тұрғын үй жағдайларын жақсартуға ұмтылуы негізімен жеке тұрғын үй құрылысы көлемінің өсуіне себеп болды. Бас жоспарда Түркістан қаласының барлық аумағы 6 тұрғын ауданға бөлінген. Жаңа тұрғын үйлер жалпы қалалық және аудандық магистральды көшелердің бойында, сондай-ақ Түркістан қаласының солтүстік-шығыс бағытында, "Түркістан-Кентау" трассасының шығысында орналасқан. Сондай-ақ бас жоспарда 3-тен 7 - қабатқа дейін және одан биік тығыздығы жоғары орта қабатты тұрғын үй құрылысын салу ұсынылады. Түркістан қаласының негізгі құрылысы аз қабатты болып қала береді. Бас жоспарда болжамды әлеуметтік-кепілдік берілген тұрғын үй минимумы бастапқы кезек кезеңінде жалпы ауданның 24 шаршы метр мөлшерінде қабылданған, есептік мерзімнің соңына қарай бір адамға жалпы ауданның 28,0 шаршы метр шамасында жоспарланады. Болжамды мерзімге тұрғын үй қорымен қамтамасыз етілу бір адамға шаққанда жалпы ауданы 30 шаршы метрге жетеді. Осы арада айта кетелік, Түркістан облысы құрылғаннан бергі кезеңде өңір үшін қаржыландырудың барлық көзі арқылы тұрғын үйді пайдалануға тапсыру көлемі 200 пайызға дейін өсті. Мәселен, 2018 жылы 396,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, 2021 жыл қорытындысында 823,8 мың шаршы метр пәтердің кілті табыс етілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға сапары кезінде мұнда соңғы жылдары 77 мың адамға арналған көп қабатты үйлер салынғанын атап өткен болатын. Сонымен қатар шаһар жасыл-желекке оранып, экология¬лық ахуалы жақсарған. Күн сайын құлпырып, жаңарып келе жатқан Түркістанда бұрын-соңды болмаған тұрғын үй құрылысы жылдам бой көтеруде. Бірқатарына тоқталып өтер болсақ, өңірде «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында биылғы жоспар 855 мың шаршы метр болып белгі¬ленген. Жыл басынан бері 191,4 мың шаршы метр, яғни 1332 пәтер пайдалануға беріліп, өткен жылдың осы мерзімі¬мен салыстырғанда 117 пайызға ұлғайған. Жалпы, Түркістан облысы құрылған 2018 жылдан бергі жылдарға қарасақ, едәуір өсім байқаймыз. Мәселен, 2018 жылы – 3 018 пәтер, 2019 жылы –5 846, 2020 жылы – 6 059, ал 2021 жылы – 6 590 пәтер ел игілігіне ұсынылған. Биыл 97 көп ¬қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 6 мың отбасы қоныс тойын тойлайды. Жалпы Түркістан қаласында құрылыс көлемі 109,4 млрд теңгені құрады. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда қабылданатын үйлер саны 6,2 пайызға артты. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 409,3 мың шақырымды құрайтын 111 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Мемлекеттік бюджеттен бөлек ӘКК «Түркістан» АҚ – 33 үйдің құрылысы жүргізілуде. Ол 67,4 мың шақырым аймақты алып жатыр. Сонымен қатар, жеке инвестиция есебінен 80 үйдің құрылысы қолға алынған. Оның аумағы 181,4 мың шақырымды құрайды.
Ағымдағы жылдың 9 айында 288,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2021 жылғы 9 айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 87,4 мың шақырымға немесе 3,5 есеге артық. Нәтижесінде 2667 пәтерлі 42 тұрғын үй пайдалануға берілді. Жалпы Түркістан қаласы облыс орталығына айналғалы мұнда жаңа тұрғын үй кешендері мен жаңа нысандардың құрылысы бір сәтке де тоқтаған емес. Қалада бүгінде «Feb Turkestan», «Yassy Green House», «Park View Residence», «DEL&Invet» секілді бірқатар компаниялар тұрғын үй кешендерін салуда. Түрлі сәулет үлгісінде салынған үш қабатты үйлер және коттедждер Түркістанның ажарын аша түспек. Тиісті сала мамандары әрбір үйдің құрылысы талапқа сай болуын мердігерлердерге жиі ескертіп отырады. Бүгінде шаһарда жыл соңына дейін бірнеше тұрғын - үй кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылатын болады.
Түркістан қаласының бас жоспарында әлеуметтік саланы дамыту, мектепке дейінгі мекемелермен, спорт залдарымен, бассейндермен, мәдениет үйлерімен, клубтармен және кинотеатрлармен қамтамасыз ету жолдары да жан-жақты есептеліп, жоспарланған. Яғни мектепке дейінгі, мектеп және медициналық мекемелер желісі қала құрылысы нормаларына сәйкес және перспективалы демографияны ескере отырып есептелген. Мысалы, 2025 жылға 5,7 мың орындық мектепке дейінгі мекемелер, оның ішінде 2,7 мың орындық 12 мектепке дейінгі мекеме және жаңа тұрғын үй кешендерінің коммуналдық үй-жайларында салынған 3 мың орындық 32 балабақша, 2035 жылға 15,74 мың орындық 53 мектепке дейінгі мекеме салу жоспарлануда. Бас жоспар бойынша 2025 жылға 15 мектеп (оның ішінде "Дарын" және "Назарбаев Зияткерлік мектебі"), мектептерге 900 орындық 3 қосымша құрылыс, барлығы 17,2 мың оқушыны қамту, 2035 жылға барлығы 40,1 мың оқушыға 28 мектеп, 10 қосымша құрылыс салу көзделген. Сондай-ақ бірінші кезекте 300 студентке арналған туристік бағыттағы колледж салу, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті аумағында 1000 орындық колледждің оқу корпусын салу, есептік кезеңге әкімшілік-іскерлік орталық ауданында 3000 студентке туристік бағыттағы университет салу ұсынылады. Сонымен қатар бас жоспардың 1-ші кезеңде 10 денсаулық сақтау объектісін, яғни бір ауысымда 500 адам қабылдайтын қалалық емхана, қалалық балалар ауруханасының 190 төсектік емдеу корпусы, 600 төсектік психикалық денсаулық орталығы, симуляциялық орталық, бір ауысымда 300 адам қабылдайтын облыстық стоматологиялық емхана, сондай-ақ бір ауысымда 100 адам қабылдайтын емхана, 610 төсектік көп бейінді облыстық медициналық орталық, қан орталығы, 10 автокөлікке арналған облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы салу ұсынылған. Есептік мерзімде бір ауысымда 3600 адамды қабылдайтын 9 амбулаториялық-емханалық кешен салынады. Халықтың қызмет көрсету саласындағы объектілермен қамтамасыз етілуін перспективада нормативтік көрсеткіштерге дейін жеткізу көзделіп отыр.
Түркістан қаласы бойынша экономикалық белсенді халықтың 2018 жылғы 55%-дан 2035 жылға қарай 58%-ға дейін өсуі болжануда. Абсолюттік мәнде экономикалық белсенді халық саны 53 мың адамнан 133 мың адамға дейін өседі. Түркістан қаласы халқының басым бөлігі өзін-өзі жұмыспен қамтыған – 24 мың адам. Қаланың тартымды бейнесін жасау үшін халықты толық нәтижелі жұмыспен қамту үшін жағдай жасау қажет. Бұл орайда өңіраралық ұстанымды, табиғи-ресурстық жағдайларды, ағымдағы мамандандыру ескеріле отырып, Түркістан қаласы экономикасының мамандану салаларын қалпына келтіру және дамыту, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және ауыл шаруашылығының қарқынын арттыру, «Smart city» технологиясы негізінде қаланың "жасыл" ЭКО-секторын қалыптастыру сынды 3 стратегиялық бағыт анықталған. Туристер санының өсуін ескере отырып, Түркістан қаласында 2025 жылға қарай 1500 орындық нөмір қорын және 2035 жылға қарай 800 жергілікті нөмір қорын салу көзделеді. 2025 жылға дейін 8 қонақ үй (5 жұлдызды - 1, 4 жұлдызды - 1, 3 жұлдызды - 3 және эконом-класс - 3). 2035 жылға қарай 15 қонақ үй (5 жұлдызды - 1, 4 жұлдызды - 2, 3 жұлдызды - 6 және эконом-класс - 6) салынатын болады. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында күнделікті сұранысты қанағаттандыру үшін 2025 жылға қарай 4500 орындық, 2035 жылға қарай 4060 орындық қоғамдық тамақтандыру объектілерін салу талап етіледі. Әлеуетті мақта өндірушілердің жақын болуы, "TURKISTAN" АЭА қолданыстағы өндірістерімен интеграция және кооперация мүмкіндігі, ірі және сұранысқа ие брендтермен келісімшарттық өндірісті мемлекеттік қолдау және дамыту – Түркістан қаласында жеңіл өнеркәсіпті дамытуға қолайлы фактор болып табылады. Түркістан қаласының азық-түлік тауарларына деген ішкі қажеттілігін айқындау тұтыну нормалары мен қалада бар өндірістік қуатты ескере отырып, халықтың перспективалы санының негізінде орындалды. Перспективалық қажеттілікті қанағаттандыру үшін жаңа кәсіпорындар ашу болжанып отыр. 2025 жылға қарай 189 кәсіпорын, 2035 жылға қарай тағы 176 кәсіпорын ашылады. Құрылыс материалдары саласын дамыту тұрғын үй құрылысын, өнеркәсіптік мақсаттағы объектілер құрылысын және тағы басқа қамтамасыз ететін экономиканың негізгі салаларының бірі болып қала береді. Бас жоспарда темір бетон өнімдерін және тауарлық бетон, металл құрылымдары, кірпіш, полимерлік құрылыс материалдары және басқа да өндіру бойынша өндірістік қуаттар салу көзделіп отыр. 2035 жылға қарай әртүрлі құрылыс материалдарын шығаратын 89 жаңа кәсіпорын ашылатын болады. «Жібек жолы» форматын іске асыру – мультимодальды көлік-логистика орталығын іске қосу мақсатында бас жоспарда бөлшек сауда көлемінің өсу қарқынын анықтады, олар құрылыстың 1-кезеңінде – 48,9 млрд теңгені, есептік мерзімге – 147,8 млрд теңгені құрайды. Түркістан қаласы мен Түркістан облысы халықаралық саудаға белсене қатысады. Сауда балансының оң сальдосы өңір экономикасындағы бірқатар салалардың бәсекеге қабілеттілігі жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Бұл отын-энергетикалық тауарлар мен химия өнеркәсібі өнімдерін өндіруге байланысты салалар болып табылады. Ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінің экспорттық әлеуеті зор. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізі, теміржол көлігі, транзиттік әлеуетті арттыру, «Шымкент – Түркістан – Кентау – Қызылорда» осін дамыту Түркістан қаласының көлік-логистика жүйесін дамытудың алғышарттары болып табылады. Болжамды кезеңде мультимодальды көлік-логистика орталығын, "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" дәлізінің бойында жол жиегіндегі сервисті, А және Б класты қоймалар құру ұсынылады. Ал бас жоспардың «Қарапайым заттар экономикасының» дамуын ынталандыру бөлігінде түпкілікті импорт алмастырушы өнім өндіруге, қолөнерді дамыту үшін дайын өндірістік және инженерлік инфрақұрылымы бар индустриялық парк салуға бағытталған бағдарлама әзірлеу көзделген. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының шеңберінде 2035 жылға қарай қолөнер, тұрмыстық салада және қызмет көрсету саласында ұлттық және көркем кәсіпшілік бойынша 100 шағын жобаны іске асыру болжануда. Сондай-ақ 2-стратегиялық бағыт бойынша ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту және ауыл шаруашылығының қарқынын арттыру көзделіп отыр. Ауыл шаруашылығын техникалық жабдықтаудың төмен деңгейі агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың проблемасы болып табылады. Сондықтан алғашқы кезеңде: ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарының өндірісі, инновациялық өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы жүйелерінің өндірісі дамитын болады. Осы бағыт шеңберінде ауыл шаруашылығы машиналарының, инновациялық өсімдік шаруашылығы жүйелерінің, инновациялық мал шаруашылығы жүйелерінің өндірістерін дамыту жоспарланып отыр. Өңірде ауыл шаруашылығымен айналысуға жарамды жерлердің шектеулі болуы, сондай-ақ су ресурстарының тапшылығы инновациялық технологияларды қолдануды қажет етеді. Осыған байланысты Бас жоспарда Түркістан қаласында ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды дамыту ұсынылған. Дамудың бастапқы кезеңдерінде шағын тракторлар мен оларға аспалы жабдықтар өндірісін жолға қоюға мүмкіндік беретін шағын ауыл шаруашылығы техникасын өндіру жөніндегі жобаларды іске асыру ұсынылады. Келесі кезеңдерде ірі тракторлар мен өздігінен жүретін басқа да техниканың өндірісін жолға қоюға болады. Есептік мерзімнің соңына қарай 23 кәсіпорын ашылады. Үшінші стратегиялық бағытта «Жасыл» қала – ЭКО-орталықты қалыптастыру мақсатында бас жоспарда қалалық қалдықтарды залалсыздандыру бойынша шешімдер беріледі. Осы мақсатта экологиялық қауіпсіз және қалдығы аз технологияларды енгізу, сондай-ақ қалаларды жасыл көшеттермен қамтамасыз ету ұсынылады. «Экологиялық көлік» бағытын дамыту мақсатында көлік құралдарын пайдалану және қызмет көрсету процесінде табиғатты қорғау талаптарын сақтау бойынша ұсынымдар берілді. Осы бағыт шеңберінде экологиялық, институционалдық, материалдық және қаржы ресурстарын тиімді пайдалану ұсынылады. Бұл ретте күн электр станцияларын, қоқыс өңдеу зауытын, поливинилхлорид (ПВХ) түйіршіктер өндіру цехын, тұрмыстық техниканы, медициналық қалдықтарды кәдеге жарату кәсіпорындарын, макулатураны қайта өңдеу және биогаз өндірісін салу көзделеді. Авто - көлік құралдарын пайдалану кезінде табиғат қорғау талаптарын қамтамасыз ету үшін жасыл аумақтармен және туризм объектілерімен байланысты көлік-жаяу жүргінші қаңқасын ұйымдастыру, автокөлікке сервистік қызмет көрсету орталықтарын ашу жоспарлануда.
Түркістан қаласының негізгі жоспарлау қаңқасы оны шығысында Шымкент мегаполисімен, батысында Қызылорда қаласымен және өңірдің басқа да қоныстарымен байланыстыратын басты автокөлік магистральдары болып табылады. Сондай-ақ қаланың жоспарлау құрылымында қала аумағы арқылы өтетін теміржол және жасанды су құрылысы – Арыс-Түркістан арнасы маңызды орын алады. Тарихи-әкімшілік орталық Түркістан қаласының жоспарлы құрылымындағы басты элемент болып табылады. Қаланың тарихи бөлігінің негізі – Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, оның күзет аймағы және оған іргелес қоғамдық-әкімшілік орталығы. Қаланың ғасырлар бойы қалыптасқан жоспарлы құрылымы, ішіндегі көлік қозғалысы мен инженерлік коммуникациялар желісі, тарихи маңызы бар объектілер мен аймақтар оның сақталуға және сабақтас дамытылуға тиіс негізгі қала құрылысы құрамдастары мен тарихи құндылығы болып табылады. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен ежелгі қала орналасқан аудан жоспарлау құрылымындағы басымдық берілген элемент болып табылады, қаланың барлық көлік магистральдары сол жерде тоғысады. Түркістан қаласын дамыту әуежай аумағын қала шекарасына енгізе отырып, шығыс бағытта қалыптасқан құрылыстың айналасында біркелкі көзделген. Жоспарлау құрылымының негізгі элементі – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Қоғамдық-іскерлік аймақты қалыптастыратын тарихи-әкімшілік орталық жоспарлау құрылымындағы негізгі композициялық элемент болып табылады, мұнда қаланың басты композициялық осьтері болып табылатын барлық көлік магистральдары жинақталады. Орталық ядроның айналасында бұқаралық қысқа мерзімді және ұзақ демалатын мекемелер мен объектілер, туристер мен зиярат етушілер баратын объектілер: қонақүйлер, мотельдер, дәмханалар, мейрамханалар, базарлар, әкімшілік мекемелер, сондай-ақ ашық автотұрақтар орналасқан. Болашақта Түркістан қаласын негізгі аумақтық игеру қаланың шығыс бөлігіндегі құрылыстан бос аумақтарда белгіленеді. Тұрғын аудандары жалпы қалалық және аудан орталықтарымен, теміржол вокзалымен және екі автовокзалмен, саябақтармен және өнеркәсіптік аудандармен магистральды көшелер арқылы байланысқан. Бас жоспарда халықтың әлеуметтік қорғалатын топтары үшін тұрғын үй қорын салу көзделеді. Бұл қымбат емес технологияларды қолдана отырып салынған, Қазақстан Республикасының заңдарымен кепілдік берілген тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейіне бағдарланған пәтерлері бар орта қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлер болады. Түркістан қаласының айтарлықтай өсуі «полиорталық» жүйесін қамтамасыз ете отырып, магистральға кіретін аумақтардың дамуымен қатар жүреді. Полиорталықты қаланы қалыптастыру қаланың жоспарланған алты ауданының әрқайсысында және әрбір қоғамдық орталықта жайлы тұрғын үй жағдайларын, жұмыс істеу, білім алу және демалу үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. Қала құрылысын салу кезінде қала орталығында орналасқан өнеркәсіптік аймақтардың болуы ең маңызды болып саналады. Ұсынылған өнеркәсіптік аумақтарды қайта жаңарту неғұрлым қолайлы қала ортасын құруға, әлеуметтік инфрақұрылымды және ыңғайлы қоғамдық кеңістікті дамытуға мүмкіндік береді. Қолданыстағы өндірістік аумақтар Түркістан қаласының батыс бөлігіндегі жобаланып отырған өнеркәсіптік аймақта ауданы жағынан ұқсас аумақты ұсына отырып, функционалдық мақсатын тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілерге өзгертеді. Аумақты функционалдық аймақтарға бөлу өнеркәсіптік, қоныстану және рекреациялық аумақтардың қалыптасқан орналасуын көздейді. Ғасырлар бойы қалыптасқан Түркістан қаласының жоспарлы құрылымы, қала ішіндегі көлік қозғалысы мен инженерлік коммуникациялар желісі, тарихи маңызы бар объектілер мен аймақтар да, сақталуға және сабақтас дамытылуға тиіс негізгі қала құрылысы құрамдастары әрі тарихи құндылығы болып табылады. Түркістан қаласының аумағы инженерлік-геологиялық жағдайлар мен желдердің соғысын ескере отырып, аумақты шаруашылық игеру нәтижесінде тарихи қалыптасқан функционалдық аймақтарға нақты бөлінген. Қала аумағы қоныстану, қорғау аймақтары бар тарихи және мәдениет ескерткіштерінің, өнеркәсіптік-коммуналдық, рекреациялық, сыртқы көлік, арнайы мақсаттағы аймақ болып алты негізгі функционалдық аймаққа бөлінді. Бұл қала аумақтарын өзара байланысты ретке келтіре отырып, толыққанды қолайлы өмір сүру ортасын құруға бағытталған.
Түркістан қаласының тарихи-мәдени мұрасы тарих, мәдениет, сәулет және археология ескерткіштерімен ұсынылған. Түркістан қаласының аумағында барлығы республикалық маңызы бар 15 ескерткіш орналасқан (ҚР Үкіметінің 21.03.2008 ж. № 279 қаулысы), оның ішінде дүниежүзілік маңызы бар 1 объектісі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО тізіміне енгізілді (Дүниежүзілік Мұра комитетінің 03.07.2003 ж. 35 № 27 СОМ 8 С. шешімі) және 1-еуі теміржол станциясын салу кешені болып табылады, ол 20 ғимарат пен құрылысты құрайды. Төменде республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімі келтірілген. Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 188 қаулысымен бекітілген жергілікті маңызы бар ескерткіштер тізіміне 14 объект кіреді, оның ішінде Түркістан қаласының аумағында 6 объект орналасқан: дәріхана, әкімшілік ғимарат, бұрынғы гарнизондық штаб ғимараты (Түркістан қаласының қазынашылық басқармасы), казарма (қазіргі мұражай), Николаев-әскери шіркеуі (қазіргі балалар спорт мектебі), Бала би кесенесі. 8 ескерткіш Кентау қаласына қарастырылды. Соңғы жылдары қаланың мәдени мұра объектілеріне зерттеу жүргізілді, нәтижесінде Әл-қожа ата кесенесі, Гаухар ана кесенесі, Елутөбе қорымы (бұрынғы қалалық қалашығы), Таснақ қонысы кіретін жергілікті маңызы бар ескерткіштердің алдын ала тізімі жасалды. Бұл орайда бас жоспарда Түркістан қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысының өзгеруіне байланысты жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне өзгерістер енгізілетіні айтылған. Қазіргі Түркістан қаласының құнды тарихи құрылысы негізгі екі аймақта орналасқан ескерткіштердің топтарынан қалыптасқан: қаланың шығыс бөлігіндегі ортағасырлық Ескі Түркістан (6 – 19-ғ.ғ.) және оңтүстік-батыс бөлігіндегі "жаңа" қала (19-ғасырдың соңы – 20-ғасырдың басы), вокзал маңы ауданы - Түркістан станциясы (1902 – 1906-жж.). Кейінгі ортағасырлық Түркістан қаласының аумағы (Ескі Түркістан). Археологиялық объектілерге Күлтөбе (1 - 14-ғғ.) – ерте Ясы және Ескі Түркістан қалашығы (14-ғ. – 20-ғ. басы) кіреді. Ескі Түркістан қалашығының солтүстік-батыс бөлігінде 17 – 18-ғғ. қалпына келтірілген хан ордасы (Хан ордасы) орналасқан. Рабия Сұлтан Бегім кесенесі (15-ғ.), Есім хан кесенесі (17-ғ.), Сегіз қырлы кесене (14 -16-ғ.), Атаусыз кесене (16-ғ.), Шілдехана (шилляхан) (15-ғ.), Жұма мешіті (19-ғ.), шығыс моншасы (16 – 18-ғ.). Ескі Түркістан аумағындағы казарма ғимараты (19-ғ. соңы) сияқты сәулет ескерткіштері Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жақын, ортағасырлық Түркістанның солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Ескерткіштердің аумағымен бірге Түркістан ортағасырлық дәуірінің күзет аймағының жалпы ауданы – 88,7 гектар. Әулие Құмшық ата қылуеті Қожа Ахмет Ясауи ханакасынан оңтүстікке қарай 1 шақырым қашықтықта орналасқан республикалық маңызы бар ескерткіш. Ескерткіш аумағы күзет аймағымен қоса алғанда – 0,28 гектар. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қала құрылысының аумағы тарихи орталықта, ортағасырлық қаланың солтүстік-шығыс жағында орналасқан. Бұл аумақта әкімшілік ғимарат, дәріхана, қонақүй, тұрғын үй, Қарабаев үйі, казарма, шіркеу, штаб ғимараты сияқты сәулет ескерткіштері сақталған. Осы ескерткіштер аумағының ауданы күзет аймағымен бірге – 20 гектар. Түркістан теміржол станциясының құрылыс кешені республикалық маңызы бар ескерткіш. Вокзал маңы ауданында орналасқан. Кешен құрамына: теміржол вокзалы (1903 ж.), шеберханалары бар Паровозный депосы (1904 ж.), су айдайтын мұнара (1904 ж.), теміржол ауруханасы (1905 ж.), паровоз бригадаларының демалыс үйі (1904 ж.), тұрғын үйлер (1904 - 05-жж.), станция бастығының тұрғын үйі (1903 ж.), азық-түлік пункті (1903 ж.), мектеп (1904 ж.) кіреді. Түркістан теміржол станциясының құрылыс кешені аумағының ауданы күзет аймағымен бірге – 47,9 гектар. Сондай-ақ қала аумағында Бала би кесенесі, Алшын көшесі және Тұтқабаев көшесінің қиылысы – қорғау аймағымен бірге аумақ алаңы – 1 гектар, Әл-қожа ата кесенесі (18-ғ.) – күзет аймағымен бірге аумақ алаңы - 3 гектар, Гауһар ана кесенесі (12 – 19-ғғ.) "Яссы" шағын ауданы, Гауһар ана зиратында – қорғау аймағымен бірге ескерткіш аумағының алаңы – 8 гектар жеке тұрған ескерткіштер бар.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Түркістанға сапары барысында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жай-күйімен танысып, нысанның дұрыс қорғалуын қатаң бақылауға алуды тапсырған болатын. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі қала орталығында, ортағасырлық Түркістан қалашығының аумағында орналасқан. Кесене 1389 – 1399 жылдары Темірдің бұйрығымен атақты сопы, философ, "Хикмет" діни жинағының авторы және 1166 жылы Ясы қаласының қорымында жерленген ақын Ахмет Ясауидің шағын кесенесінің үстінен тұрғызылған. Республикалық маңызы бар ескерткіш және 2003 жылдан бері халықаралық маңызы бар ескерткіш ретінде мемлекеттің қорғауында. Ескерткіш аумағы – 0,55 гектар, буферлік аймақ аумағы - 88,7 гектар. Буферлік аймақта орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде және археология мен сәулет ескерткіштерінде жүргізілетін барлық жұмыстар дүниежүзілік мәдени және табиғи мұра объектілерін қорғау туралы конвенцияны (1972 жыл) орындау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізілуі тиіс. Түркістан қаласының тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі барлық жұмыстар уәкілетті органымен келісілген ғылыми-реставрациялау жобалары бойынша жүргізілуі тиіс. Қала аумағын игеру кезінде жер учаскелері бөліп берілгенге дейін «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заңға сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау және сақтау жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын пайдалану режимі жөніндегі шараларды сақтау қажет.
Түркістан қаласына облыс орталығы мәртебесі берілуі, қала және қала маңы аймағы халқының өсуі, бірқатар ірі кәсіпорындар қызметінің қайта жандандыруы және жаңадан салынуы жүк-жолаушылар тасымалына қызмет көрсетуді жақсартып, Түркістан станциясының теміржол көлігін одан әрі дамыту қажеттігін туындатады. Бұл орайда бас жоспарда экономиканың дамуы жүк тасымалдарын 2035 жылдың соңына дейін шамамен 3 есе ұлғайтуға алып келетіні, бұл жүк тиеу бойынша 800,0 мың тоннаға және түсіру бойынша 1 800,0 мың тоннаға жететінін айтылған. Түркістан қаласының бас жоспарында қаланың перспективалық шекарасынан тыс, Шойтөбе станциясында тағы бір теміржол жүк станциясы кешенін салу жоспарланған. Шойтөбе станциясы ауданында көлік-логистикалық орталық, сондай-ақ жалғау, көрме және қабылдау-жөнелту жолдары құрылысымен өнеркәсіптік аймақты орналастыру көзделген. Станциялық теміржол кешені қала кәсіпорындарымен және жаңа әуежаймен, айналма жолдың оңтүстік жарты айналмасымен және қалалық магистральдармен байланысады, олар теміржол көлігімен жүк тасымалының өсіп келе жатқан көлеміне қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Есептік мерзімге «Түркістан – Шымкент» теміржол магистралінің барлық учаскесін электрлендіру ұсынылады. «Түркістан – Шымкент» теміржол магистралін (Арыс ІІ – Түркістан 108 км учаскесі) Түркістан қаласының көлік инфрақұрылымының шеңберіне электрлендіруді аяқтау кірмейді және бас жоспарда Түркістан облысындағы Жібек жолының туристік бағытын жаңғырту стратегиясы түрінде атап көрсетілген. Бас жоспарда теміржол вокзалын жолаушылар платформасы бар жаңа орынға, Шымкент бағытында 3 шақырымға көшіру көзделген. Жаңа теміржол вокзалының өткізу қабілеті тәулігіне 5000 жолаушыны құрайды. Ұзындығы 16 шақырым "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық маңызы бар автожол учаскесі Түркістан қаласының аумағы арқылы өтеді. Есептік мерзімге бұл жол қалалық магистральға айналады. Бұдан басқа, Түркістан қаласына облыстық маңызы бар 3 техникалық санаттағы автожолдар жақындайды. Жүк және транзиттік машина ағындарын қоныстану аумақтарынан тыс шығару үшін бас жоспарда қаланың оңтүстік және солтүстік айналма жолдары қарастырылған. Бас жоспар ұсынған қаланы автожолмен айналып өту (Оңтүстік айналып өту) "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық дәлізі бойынша транзиттік автокөліктің үздіксіз және жоғары жылдамдықты қозғалысын қамтамасыз етеді. Түркістан қаласында "Саяхат" автостанциясы және тәулігіне 1000 жолаушыға арналған автовокзал бар. Түркістан қаласының аумақтық дамуына, халықтың санының өсуіне және қаланың мәдени-рухани және туристік орталық ретінде маңыздылығының артуына байланысты экскурсанттар мен туристерді халықаралық, қалааралық және қала маңындағы автобус бағыттарымен тасымалдау көлемінің ұлғаюы болжанып отыр. Сыртқы жолаушылар автотасымалдарын ұйымдастыру мақсатында өңірлік, қазақстандық және халықаралық маңызы бар бағыттарды жүзеге асыратын 5000 жолаушыға арналған қазіргі заманғы халықаралық автовокзал құрылысы басталды. Қолданыстағы автовокзал мен автостанция қала маңындағы бағыттарға қызмет көрсету үшін сақталады. Қалада қоғамдық жолаушылар көлігінің бір түрі – автобустар мен шағын автобустар пайдаланылуда. Қосалқы көлік – такси. Перспективада көліктің негізгі түрі автобус болып қалады. Келешектегі даму аудандарын қаланың қазіргі бөлігімен және өнеркәсіптік аймағымен байланыстыратын қала ішіндегі жолаушылар көлігінің жаңа бағыттары ұсынылады. Түркістан қаласының тұрғындарына көліктік қызмет көрсетуді жақсарту үшін жолаушылар көлігінің жұмысын нақты ұйымдастыру, жылжымалы құрамды пайдалану құрылымында түбегейлі өзгерістер, шағын автобустар мен шағын сыйымдылықты автобустарды орташа және үлкен сыйымдылықтағы жайлы және бәсекеге қабілетті автобустарға ауыстырылады. Бас жоспарда бір қабатты тозған тұрғын үйлерді ішінара бұзып, магистральды көшелерді барынша кеңейту көзделеді. Бос аумақтарды игеру жаңа көшелер мен жолдарды салуға және көлік ағындарын қайта бөлуге ықпал етеді. Жаңа жоспарлау құрылымының негізгі принципі айналасында алғашқы көлік айналмасы қалыптасатын тарихи орталықты бөлу болып табылады. Қаланың кейінгі құрылымы көше-жол желісінің тікбұрышты-радиалды жүйесін көздейді. Болашақта бас жоспарда ұсынылатын көше-жол желісінің тікбұрышты құрылымы Түркістан қаласының тарихи бөлігіндегі жолдардың радиалды жүйесімен өзара байланысты. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік халықаралық көлік дәлізін халықаралық маңызы бар айналма транзиттік магистраль – Оңтүстік айналма жолын құрап отырып, периферияға ауыстыру көзделіп отыр, бұл транзиттік автокөліктің үздіксіз және жоғары жылдамдықты қозғалысын қамтамасыз етеді. Көшелер мен жолдардың жіктелуі және қызыл желілердегі параметрлер нормативтерге сәйкес қабылданған. Есептік мерзімге көше-жол желісінің жалпы ұзындығы 1069,4 шақырымды, оның ішінде жалпы қалалық және аудандық маңызы бар – 273,2 шақырымды, жергілікті көшелер 766,7 шақырымды, айналма жол 29,5 шақырымды құрайды. Бас жоспарда Түркістан қаласы үшін су тұтынудың болжамды көрсеткіштері құрылыстың 1-ші кезеңінде (2025 ж.) – 44,46 мың м3/тәулігіне, есептік мерзімге (2035 ж.) – 153,34 мың м3/тәулігіне, болжамды мерзімге (2050 ж.) – 219,05 мың м3/тәулігіне болып белгіленген. Әуежайды сумен жабдықтау – оқшауланған болып қабылдаған. Кентау қаласы әкімдігінің "Ащысай Су" МКК 2019 жылғы 27 ақпандағы техникалық шарттарына сәйкес Шаға кентінің су құбыры желілерінен су беру қарастырылған. 2025 жылғы құрылыстың 1-ші кезеңінде: Мырғалымсай жер асты сулары кен орнының (ЖСКО) жер асты суларының қорларын қайта бағалауды жүргізу, жалпы ұзындығы 102,335 шақырым, диаметрі 300 - 1000 мм полиэтилен құбырлардан жасалған су құбыры желілерінің құрылысы, жұмыс құжаттамасы әзірленген сумен жабдықтау объектілерінің салынып жатқандарын аяқтау және жаңаларын салу қаралған. 2035 жылғы есептік мерзімге Иқансу-Қытай жер асты сулары кен орнының (ЖСКО) қорларын тарту, жалпы ұзындығы 60,789 шақырым диаметрі 300 - 700 мм полиэтилен құбырларынан су құбыры желілерінің құрылысы көзделген. Ал 2050 жылғы болжамды мерзімге Біресек-Қантағы, Қарашық, Иқансу-Қытай жер асты сулары кен орындарының жер асты суларының қорларын қайта бағалауды жүргізу, жалпы ұзындығы 35,379 шақырым диаметрі 300-400 мм полиэтилен құбырларынан су құбыры желілерінің құрылысы, Түркістан қаласына дейін Иқансу-Қытай жер асты сулары кен орнында су тарту құрылыстарынан су тартқыштың екінші желісін салу жоспарланған. Түркістан қаласы бойынша сарқынды сулардың пайда болуының жиынтық есептік көлемі бірінші кезеңдегі құрылысқа (2025 ж.) – 30,25 мың м3/тәулігіне, есептік мерзімге (2035 ж.) – 173,77 мың м3/тәулігіне болып белгіленген. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда, сондай-ақ сарқынды сулардың ластануы елді мекеннің кәріз жүйесіне сарқынды суларды қабылдау үшін шекті рұқсат етілген концентрация нормаларынан асатын мамандандырылған мекемелерде жергілікті тазарту құрылыстары көзделетін болады. Бас жоспарда су тартудың мынадай схемасын жобалау ұсынылады: сарқынды сулар, өздігінен ағатын және тегеурінді коллекторлар жүйесі, басты кәріздік сорғы станциясы тартылады және одан әрі жобаланатын кәріздік су тазарту станциясына жіберіледі. Сарқынды сулардың қабылдағышы ретінде жинақтағыш тоғандар қабылданды. Қаланың жасыл белдеуін суаруға тазартылған сарқынды суды пайдалану қарастырылған, бұл таза суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Жалпы Түркістан қаласында сарқынды сумен (канализация) қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мысалы, Отырар ықшам ауданы, Яссы, Бекзат мөлтек аудандары мен Тұран тұрғын үй массивінде кәріз жүйесінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Одан өзге, Шавгар мөлтек ауданы, Бірлік, Ортақ тұрғын үй массивтері, Түркістан-Қызылорда тасжолы бойында орналасқан тұрғын үй массивінде, сондай-ақ Әкімшілік-іскерлік орталықта құрылыс жүргізу бойынша жоба жасалып, сараптамадан өткізуге ұсынылған. Соның ішінде құрылысы басталған нысандар да бар. Жалпы, құрылыс жұмыстары толық аяқталса, 35 мыңнан аса абонент сарқынды сумен қамтылатын болады. Кентау қаласындағы Біресек су кен орынынан 600 диаметрлік трубамен сағатына 1590 текше метр және Мырғалымсай ескі кен орнынан 800 диаметрлік құбырымен сағатына 3200 текше метр мүмкіндігімен қарастырылса, Шобанақ елді мекеніндегі 40 мың текше метр резервуарға және Б.Майлин көшесі аумағында орналасқан 16 мың текше метр су жинау резервуарына құйылып, су жинақталып, халыққа жеткізілуде. Бұдан бөлек, жаз айларында Түркістан-Су мекемесінің меншігіндегі 21 су ұңғымасы арқылы және Арыс теміржолы ЖШС-нің меншігіндегі 14 су ұңғымасы арқылы қала ауыз сумен қамтамасыз етілуде. 2023 жылы бес Яссы және Шаугар, Мақтазауыт, Н.Төреқұлов, Орталық су қоймасы 5000 м3, 1,2 мөлтек ауданда бес нысанның құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Жалпы бес нысанның құрылыс жұмыстары аяқталған кезде 13961 абонент сапалы ауыз су жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Әуежайдың кәріз жүйесі - оқшауланған. Әуежай аумағында сүзу алаңдарына шығатын СТУ көзделген. 025жылғы құрылыстың 1-ші кезеңіне ұзындығы 89,45 шақырым кәріз желілерінің құрылысы, жұмыс құжаттамасы әзірленген салынып жатқан су тарту объектілерінің құрылысын аяқтау және жаңаларын салу, пайдаланушы ұйымға СТУ құрамына кіретін әрбір құрылысты пайдалануға арналған регламентті бере отырып, қолданыстағы СТУ іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізу, бірінші кезектегі құрылыс СТУ-1 және СТУ-2 - 30,25 мың м3 жалпы өнімділігімен 25 мың м3/тәулігіне СТУ-2, сыйымдылығы 11 млн текше метрге дейін жинақтағыш тоған салу, "Түркістан қаласының тазартылған сарқынды суларының су қабылдағышы" техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу көзделген. Ал 2035 жылғы есептік мерзімге ұзындығы 46,071 км кәріз желілерінің құрылысы, тазарту құрылыстарының жалпы қуатын 121,64 мың текше метр/тәулігіне дейін жеткізе отырып, СТУ-2 101,64 мың м3/тәулігіне дейін кеңейту, ауданы 114 гектар қолданыстағы жинақтағыш тоғанды қалпына келтіру, БССС 121,64 мың м3/тәулігіне жобалау және салу, БССС-дан СТУ-қа дейінгі тегеурінді құбыржолдарды қолданыстағы қысымды құбыржолдармен бірге жұмыс істейтінін ескере отырып жобалау және салу, СТУ суағармен суару орнына дейін және су құю-жуу машиналарының цистерналарын толтыру үшін су ағызатын пункттер құрылғысымен өнімділігі тәулігіне 121,64 мың текше метрге дейін тазаланған және зарарсыздандырылған сарқынды сулардың сорғы станциясын жобалау және салу, сыйымдылығы 22,2 млн текше метрге дейін қолданыстағы жинақтағыш тоғанды одан әрі ұлғайту немесе сыйымдылығы 11,16 (22,2 - 11,04) млн текше метр жаңа жинақтағыш тоған салу жоспарланған. Қолданыстағы жинақтағыш тоғанды одан әрі ұлғайту немесе жаңасын салу 2025 жылға дейін әзірленетін "Түркістан қаласының тазартылған сарқынды суларының су қабылдағышы" техникалық экономикалық негіздемеде (бұдан әрі – ТЭН) қаралатын болады. 2050 жылғы болжамды мерзімге ұзындығы 9,918 шақырым кәріз желілерінің құрылысы, тазарту құрылыстарының жалпы қуатын 173,77 мың м3/тәулігіне дейін жеткізе отырып, СТУ-2 153,77 мың м3/тәулігіне дейін кеңейту, тегеурінді құбыржолдары бар БССС 173,77 мың м3/тәулігіне дейін кеңейту, суағары бар тазартылған сарқынды сулардың сорғы станциясын суару орындарына дейін кеңейту, сыйымдылығы 31,71 млн текше метрге дейін қолданыстағы жинақтағыш тоғанды одан әрі ұлғайту немесе сыйымдылығы 9,51 (31,71 - 22,2) млн текше метр жаңа жинақтағыш тоған салу көзделген. Қолданыстағы жинақтағыш тоғанды одан әрі ұлғайту немесе жаңасын салу 2025 жылға дейін әзірленетін "Түркістан қаласының тазартылған сарқынды суларының су қабылдағышы" ТЭН-де қаралатын болады. АТА суармалы су көзі болып табылады. Арна қаланың солтүстік-шығыс шекарасының бойымен өтеді. Арна мамыр айынан қазан айына дейін жұмыс істейді, Түркістан қаласы ауданындағы су шығыны вегетациялық кезеңде секундына 25 текше метрді дейін құрайды. Арнаның бас жармасындағы шығыс - 45 м3/сек. Арна тереңдігі– 3-4 метр, ені –20-25 метр. Қаладағы жасыл желектерді суару үшін АТА су алу қарастырылған. Түркістан қаласында жасыл аймақтар құру көзделуде. Бұл орайда жасыл аймақтарды суаруға тәулігіне 210,67 мың текше метр тазартылған ағынды суларды пайдалану көзделген. 2025 жылғы бірінші кезеңде суармалы сумен жабдықтау және ирригациялық арналар объектілерін салу және қайта жаңарту бойынша әзірленетін жұмыс жобаларын іске асыру көзделген. Ал 2035 жылы есептік мерзімге суағармен суару орнына дейін және су құю-жуу машиналарының цистерналарын толтыру үшін су ағызатын пункттер құрылғысымен өнімділігі 121,64 мың м3/тәулігіне дейін тазаланған және зарарсыздандырылған сарқынды сулардың сорғы станциясын жобалау және салу, 2050 жылы болжамды мерзімге суағары бар тәулігіне 173,77 мың м3/тәулігіне дейін өндірілген тазартылмаған сарқынды сулардың сорғы станциясын суару орындарына дейін және цистерналарды суару шиналарына құю үшін суағар пункттерін орнату арқылы кеңейту жоспарланған. Түркістан қаласын есептік мерзімге және перспективаға электрмен жабдықтау жүйесін дамыту мақсатында құрылыстың бірінші кезеңінде "Ескі Иқан" кентінің маңындағы оңтүстік-шығыс бөлігінде 220/110/10 кВ Орталық қосалқы станция (бұдан әрі – ҚС) құрылысы (220 кВ ашық тарату құрылғылары (бұдан әрі – АТҚ)-мен 220-12 схемасы бойынша ЛТДН-мен), ҚС 110/10 кВ терең енгізу Яссы (жабық түрде), университет ҚС 110 кВ жақын тарихи орталық үшін (ашық), 110/35/10 кВ Солтүстік ҚС құрылысы (блоктық схема бойынша) өнеркәсіптік тұтынушыларды электрмен жабдықтау үшін коммуналдық ҚС-дан (Ко, Кс 65 МВт-тан шамамен жүктемемен, әуежай үшін 10 кВ тарату қосалқы станциясы құрылысы радиалды ВЛ 10 кВ, 2035 жылғы есептік мерзімге 110/10 кВ "Жаңа", "Жаңа-2", "Жаңа-3", "Жаңа-4", "Жаңа-5" радиалды қосалқы станцияларын салу жоспарланған. Ал болжамды 2050 жылы қаланың айналасында 220 кВ Орталық-Жаңа-Кентау шеңберін салу арқылы жаңа ҚС 220 кВ кернеуге ауыстыру үшін 220 кВ АТҚ салу көзделген. Қоныстану құрылыс аймақтарында кабельдік ЭЖЖ-мен жабық орындаудағы 110 кВ ҚС салу, сондай-ақ 110 кВ әуе желілерін ҚС-ға қосылуын қайта қарау арқылы, біртіндеп ауыстыру және кабель желілерін жою, 35 кВ ҚС-ны 10 кВ кернеуі бар ТП-ға ауыстыра отырып, 35 кВ желілерін жою, 6 кВ кернеулі желілерді 10 кВ-ға ауыстыруды аяқтау көзделген. Жаңартылатын энергия көздерінің баламалы көзі ретінде Түркістан қаласының оңтүстігіне қарай күн электр станцияларын салуды қарастырған дұрыс. Түркістан қаласының маңындағы қаралып отырған оңтүстік аймақта қуаты 300 МВт дейінгі КЭС орналастыруға болады. Энергия үнемдейтін іс-шаралар ретінде көшелерді жарықтандыру үшін күн, ЖТҚ-да коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін және басқа да панельдерін пайдалану ұсынылып отыр. Есептік мерзімге электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйелерін кезең-кезеңмен жаңғырту және Smart Metering технологиясын-санауыштардың көрсеткіштерін алыстан алып тастауға, тұтынушылардың жүктемесін басқаруға, көптарифтік функцияларды пайдалануға және энергия тұтынуды талдау мен жоспарлауға мүмкіндік беретін электр энергиясын интеллектуалды есепке алу жүйесін енгізу қажет. Сондай-ақ бас жоспарда 2025 жылғы есептік мерзімге Түркістан қаласының жылу жүктемесі 755 Гкал/сағ құрайды. 7-қабатқа дейінгі қабатты тұрғын үйлерді жылумен жабдықтау үшін жеке газ жылу көздері базасында жылумен жабдықтау жүйесі қарастырылған. ОЖ аймағында жылу жүктемелерінің өсуін қамтамасыз ету үшін № 1 қазандықтың негізгі жабдығын бір мезгілде табиғи газбен жұмыс істеуге ауыстыра отырып қайта жаңарту, Отырар шағын ауданын жылу қуаты 7 Гкал/сағ, жылу қуаты 20 Гкал/сағ дейін табиғи газға ауыстыра отырып, қолданыстағы № 2 қазандықты кеңейту, жобалық жылу қуаты 8 Гкал/сағ № 3 су жылыту қазандығының құрылысын аяқтау, жобалық жылу қуаты 12 Гкал/сағ № 4 су жылытатын қазандық салу, жобалық жылу қуаты 10 Гкал/сағ № 5 су жылыту қазандығын салу, жылу қуаты 55 Гкал/сағ № 1 газтурбиналық қондырғы (бұдан әрі – ГТҚ) – жылу энергиятикалық орталығын (бұдан әрі – ЖЭО) салу, жылу қуаты 43 Гкал/сағ № 2 ГТУ-ЖЭО салу көзделген. Жобалық 2035 жылы жылу жүктемесі 1020 Гкал/сағ құрайды. Жылудың өсуін қамтамасыз ету үшін № 1 ГТҚ-ЖЭО жылу қуатына дейін 60 Гкал/сағ кеңейту, № 2 ГТҚ-ЖЭО жылу қуатына дейін 50 Гкал/сағ кеңейту қажет. Жобалық 2050 жылы жылу жүктемесі 1360 Гкал/сағ құрайды. Жылудың өсуін қамтамасыз ету үшін № 1 ГТҚ-ЖЭО жылу қуатына дейін 80 Гкал/сағ кеңейту, № 2 ГТҚ-ЖЭО жылу қуатына дейін 65 Гкал/сағ кеңейту керек. Орталықтандырылмаған жылумен жабдықтау жүйесін дамыту үшін жұмыс істеп тұрған шағын қазандықтар мен жылыту пештерінің жұмысын табиғи газға ауыстыру, жаңа құрылыс салынатын аудандарды жылумен жабдықтауды газбен жұмыс істейтін қазіргі заманғы қазандықтар мен автономды жылумен жабдықтау жүйелерімен, қоса салынған коммерциялық және өзге де үй-жайларды қоса алғанда, 7 қабатқа дейінгі қабатты тұрғын үйлерді жылумен жабдықтау үшін жеке газ жылу көздері базасында жылумен жабдықтау жүйесін қарастыру қажет. Жаңа жылу желілерін салуды зауытта жасалған алдын ала оқшауланған құбырларды қолдана отырып, жер асты төсеу тәсілімен жүргізу қажет. Бас жоспардың жобасына сәйкес жылу желілерін дамыту үшін техникалық-экономикалық негіздеме, жоба, жұмыс құжаттамасын әзірлеу және 2025 жылға қарай ұзақтығы шамамен 15 шақырым жылу көздерінен жылу желілерін салу, ТЭН, жоба, жұмыс құжаттамасын әзірлеу және 2035 жылға қарай ұзындығы шамамен 6 шақырым жылу көздерінен жылу желілерін салу, ТЭН, жоба, жұмыс құжаттамасын әзірлеу және 2050 жылға қарай ұзақтығы 1 шақырым жылу көздерінен жылу желілерін салу керек. Түркістан қаласы тұтынушыларына екі газбен жабдықтау көздерінен табиғи газды беруді қамтамасыз ету болжанып отыр. Автоматтандырылған газ тарату станциясы "Түркістан" және АГТС – "Ескі Иқан" газ тарату станциялары арқылы табиғи газ Бейнеу-Шымкент магистральды газ құбырларынан түседі. АГТС – "Түркістан" қолданыстағы газбен жабдықтау көзінің өткізу мүмкіндігі АГТС қуатын кеңейтусіз табиғи газдың жоспарланған шығыстарын жабуға мүмкіндік бермейді. 2050 жылға қарай номиналды + 75,0 мың текше метр/сағ қосымша өнімділігі бар екі АГРС кеңейту қажет, оның ішінде АТРС - "Ескі Иқан" 30,0 мың м3/сағ және АГРС - "Түркістан" 50,0 мың м3/сағ. Түркістан қаласын газбен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға қаланың қарама-қарсы жағына орналастыра отырып, қаланы газбен жабдықтауды екі көздерден-магистральдық ГРС қамтамасыз ету арқылы қол жеткізіледі. ГТҚ-ЖЭО газына және жобалық қазандыққа қажеттілікті жабу АГТС - "Ескі Иқан" ұзындығы 17 шақырым жуық ГТҚ-ЖЭО-ға дейін DN 325 мм жеке газ құбырын салуды игерудің жаңа алаңдарында қысқы шекті тұтыну кезеңінде газды қосымша беру үшін жағдай жасау арқылы қамтамасыз етіледі.
Телефон желісінің сыйымдылығын арттырумен қатар, желі жұмысының сапасын бір мезгілде арттыру, ұсынылатын байланыс қызметтерінің спектрін кеңейту Түркістан қаласының телекоммуникация желісін дамытудың басты мақсаты. Қалалық автоматтандырылған телефон станциясы барлық станциялық сыйымдылығы іс жүзінде темір жол тұсында орналасқан аумақта шоғырланған. Қаланың болашақта дамуы солтүстік, батыс және оңтүстік-шығыс бағыттарындағы темір жол төсемінен кейін белгіленеді. Бас жоспарда 2025 жылға дейінгі бірінші кезеңінде қолданыстағы қалалық АТС-3 және АТС-4 5000 нөмірге дейін, сондай-ақ ХҚТУ университетінің ғимаратында АТС 1000 нөмірге дейін кеңейту, бастапқы сыйымдылығы 5000 нөмірден болатын жаңа әкімшілік-іскерлік орталық үшін АТС-6 салу қарастырылған. Ал 2035 жылға дейінгі есептік мерзім кезеңіне бас жоспардың жобасында қолданыстағы қалалық АТС-1 және АТС-2 4000 нөмірге дейін кеңейту, бастапқы сыйымдылығы 3000 нөмір болатын АТС-7, АТС-8, АТС-11, АТС-12 және АТС-13 салу қарастырылған. 2050 жылға дейінгі болжамды мерзімге ұсынылатын телекоммуникациялық қызметтердің сапасы мен санына өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін батыс ауданында-қолданыстағы АТС-11-ді 5000 нөмірге дейін кеңейту, бастапқы сыйымдылығы 3000 нөмірден асатын АТС-9 салу, қолданыстағы АТС-7 және АТС-8 5000 нөмір сыйымдылығына дейін кеңейту ұсынылады. Бас жоспарда жобалаудың барлық кезеңдерінде желілік құрылыстарды қайта жаңартуды жүргізу қажеттілігі атап өтілген, ол ЅDН немесе АТМ стандартты жабдығы бар станцияаралық желіде оптикалық-талшықты байланыс желілерін қолдана отырып, қолданыстағы әуе байланыс желілерін телефон кабельдік кәрізіне кезең-кезеңімен ауыстыруды қамтиды. Түркістан қаласының бас жоспары аумақты қауіпті физикалық-геологиялық процестер мен құбылыстардан, аумақтың қала құрылысының әртүрлі түріне жарамдылығын қорғау, сондай-ақ халықтың санитарлық-гигиеналық және экологиялық жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар кешенін шешуді көздейді. Табиғи жағдайларды зерттеу және аумақты қауіпті физикалық-геологиялық процестерден қорғау бойынша инженерлік желілер мен жүйелердің қазіргі жай-күйін талдау нәтижесінде Түркістан қаласы аумағын инженерлік дайындау аумақты тік жоспарлау, елді мекен аумағын суару, нөсер кәрізі, жер асты суларымен су басудан аумақты қорғау, аумақты су басудан қорғау, жағажай жасау схемасы сынды іс-шараларды қамтиды. Сондай-ақ бас жоспарда жердің бар белгісіне қатысты көшелердің жүру бөлігін 20 сантиметр көтеру қарастырылған. Жүріс бөлігінен, сондай-ақ орамішілік аумақтан жер үсті суларын шығару жүріс бөлігінің бойымен орнатылатын су тарту арналарына (арықтарға) жүзеге асырылады. Бұл ретте ғимараттың нөл/бұрыштық белгілері қиылыстың берілген жобалық белгісінен 0,1-0,4 метр шегінде қабылданады. Жобаланатын аумақ бетінің едәуір бөлігі 0-0.0001-ден 23-0.023 ‰-ге дейін еңістігі бар. Мұндай көшелерден ең аз еңіс кезінде жер үсті ағындарын шығару ара тәрізді профиль және жолдың көлденең еңісі есебінен жүзеге асырылады. Түркістан қаласының аумағында жылына 250 мм-ден кем жауын-шашынның түсуіне байланысты тұрғын және қоғамдық аумақтарды жасанды суаруды ұйымдастыру қажет. Елді мекендердің аумағын суландыру үшін арықтар деп аталатын суарғыштардың арналық жүйесін қолданады, олардың бойында бірқатар ағаштар отырғызылады. Елді мекендердің орталық бөліктерінде, алаңдарда және көшелердің қиылыстарында суағарлардың жабық желісі төселеді. Жазғы кезеңде суландыру үшін судың тапшылығына байланысты Сырдария өзенінің суын Түркістан магистральды арнасына жіберу туралы шешім қабылданған. Арналар жылдың ыстық мезгілінде микроклимат пен салқындатқыш жасау функциясын орындайтын болады, сондай-ақ саябақ аймақтарында жасыл отырғызуларды суару үшін су көзі болады. Түркістан қаласы сыртындағы арналар жалпы қалпына келтіру жүйесіне қосылады. Бұдан әрі қалдық су азық-түлік белдеуі мен ауыл шаруашылығы алқаптарын суару үшін пайдаланылатын болады. Ирригацияда су үнемдейтін технологияларды енгізу қаралып отырған ауданда суармалы суды үнемдеуді жүзеге асыруға, суару процесін механикаландыруға мүмкіндік беретін жаңбырлатқыш және өзге де суару техникасын пайдалана отырып, суару жүйелерін қайта жаңарту арқылы мүмкін болады. Бір жылда Түркістан қаласы бойынша түсетін атмосфералық жауын-шашынның орташа саны 200 миллиметрге тең. Жауын-шашынның аз мөлшері Түркістан қаласының аумағында жер үсті ағындарын жою үшін арнайы қымбат жүйе құруды талап етпейді. Сыртқы желілер мен құрылыстар талаптарына сәйкес, әртүрлі лотоктарды, жыраларды, кюветтерді пайдалана отырып, ашық жүйе бойынша бөлу аз қабатты жеке құрылысы бар қоныстану аумақтары, сондай-ақ саябақ аумақтары үшін жол беріледі. Сондықтан қарастырылып отырған аумақтан жер үсті ағынын бұруды ашық (үстіңгі) тәсілмен: өтпе жолдар, арықтар, кюветтер бойынша жүзеге асыру көзделген. Беттік әдіс кварталдардың аумағынан жоспарланған бет бойынша атмосфералық суларға көше бойында төселетін ашық су тарту желісіне түсуге мүмкіндік береді. Жер үсті сулары төменгі арық желісімен қабылданатын және қала сыртына төгілетін немесе қала аумағынан шығарылатын дренаж желісіне түсетін болады. Жер асты суларының қоректенуі, негізінен, атмосфералық жауын-шашынның инфильтрациясы және суару арналары мен арықтардан судың ағуы есебінен жүргізіледі. Соңғы 30 жылда топырақ суларының деңгейін бақылаудың қолданыстағы режимдік желісінің болмауы олардың өзгеру динамикасын бір мәнді болжауға мүмкіндік бермейді. Қалалық және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және салу" ЕЖ сәйкес Түркістан қаласының аумағында жер асты суларының деңгейін төмендетуді ең төменгі тереңдікте қамтамасыз ету керек: көп қабатты құрылыстың тұрғын және қоғамдық аумақтары үшін – 3,0 м.; аз қабатты құрылыс және рекреациялық аумақтар үшін – 1,0 метр. Геологиялық-гидрогеологиялық жағдайларды ескере отырып, жылытылатын аумақтардың дренаждық жүйесі құрылғысының мынадай түрлерін қарастыруға болады: тік дренаж және жүйелі көлденең дренаж. Қалың қардың еруі мен маусымда еріген қар суының үлкен көлемінің пайда болуын ескере отырып, қалқалап тұратын бөгет салынды, нәтижесінде жалпы ауданы 112 гектар жасанды Шаға көлі қалыптасты. Шаға көлінен тікелей ағызу мүмкін емес болғандықтан, жиналған еріген сулар магистральды арнаның оң жақ борты арқылы құйылады және одан әрі магистральды арнаны босатуға арналған Шағаның ағызу арнасына дейін өтеді. Шағаның ағызу арнасы әкімшілік-іскерлік орталықтың перспективалы құрылысының аумағы бойынша өтеді. Әкімшілік-іскрлік орталық аумағында құрылыс салу кезінде екі-үш жерде төгінді арна көмілген. Тиісінше қаланы көктемгі кезеңде су басудан қорғау жүйесі бұзылған. Алдыңғы жылғы су тасқынына дейін бас жоспармен жұмыс істеп тұрған Шағаның ағызу арнасын қайта жаңартуды жүргізу және оны жобаланып отырған ағызу арнасы бойынша тесу ұсынылады. Су тасқыны маусымында арна жақын маңдағы жасыл желектерді суару үшін пайдаланылады. Жобаланатын арнаның соңын қолданыстағы шығару арнасымен қосу қажет. Қаланың солтүстігінде және Түркі әлемінің мәдени орталығы салынған аумақта Қошқорған су қоймасы орналасқан. Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, су басу аймағына Кентау қаласындағы темір жол мен Шұбанақ ауылындағы автомобиль жолының арасындағы тұрғын үй құрылысы кіреді. Су басу учаскесі Түркістан магистральды арнасының солтүстігінде орналасқан. Бас жоспарда гидротехникалық құрылыс класын қолданыстағы үшіншіден III-ден IV-ге дейін арттыру ұсынылады, бұл есептік жағдайдың қолданыстағы 5%-дан және 1%-дан 3%-ға және салыстырып тексеру жағдайының 0,5%-ға артуының дұрыстығын арттыруға әкеп соғады. Бұл шешім су өткізу құрылыстарының өткізу қабілетін арттыру есебінен құрылыстың қауіпсіздігін жақсартуға мүмкіндік береді және су басу немесе құрылыстың бұзылуы және қалаға ықтимал зиян келтіруден қорғайды. Қарашық өзенінің жағасында жағажайларды ұйымдастыру мүмкін емес. Бұл өзендегі судың деңгейі тым аз болғандықтан, жылдың құрғақшылық кезеңінде өзен құрғап кетеді. Бас жоспарда әкімшілік-іскерлік орталықты солтүстіктен оңтүстікке қарай өтетін Шағаның ағызу арнасының сол жағалауы бойынша жаппай пайдалануға арналған үш ашық бассейн орнату ұсынылады. Бассейндерді толтыру көзі ретінде ТМА-дан Шаға көлінен ағызу арнасы бойынша келіп құятын, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау үшін алдын ала тазартудан өтетін су қызмет етеді. Ашық бассейндерді ұйымдастыру аумағында ұңғымалық су жинағышпен алынатын жерасты сулары судың баламалы көзі болуы мүмкін. Азаматтық қорғаныс инженерлік-техникалық іс-шаралары бейбіт және соғыс уақытында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықты қорғауға бағытталған. Қала аумағындағы негізгі қолайсыз процестер мен құбылыстар: қауіпті метеорологиялық (қар көшкіні, мұздану, дауыл жел, шаңды және құмды боран) және гидрогеологиялық (АТА, Қарашық су қоймасынан су басу), сейсмикалығы (сейсмикалық аймақ 6 баллға дейін), адамдардың эпидемиялық ауруларының ошақтары, эпизоотиялар мен эпифитотиялар, сейсмикалық көріністер, өнеркәсіптік авариялар, өндірістік және тұрмыстық өрттер, химиялық және радиациялық қауіпті объектілер болып табылады. Түркістан қаласын жел мен шаңды дауылдан қорғау, төтенше жағдайларды болдырмау және салауатты және қолайлы өмір сүру ортасын құру үшін бас жоспар жобасында қаланың айналасында желден қорғау жолақтарын құру көзделеді. Халықты өртке қарсы қорғаудың негізгі бағыттары ғимараттардың отқа төзімділігімен және тұрғын, қоғамдық және қосалқы ғимараттардың, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ғимараттарының арасындағы өртке қарсы арақашықтықтармен және мұнай мен мұнай өнімдерін сақтауға арналған І топтағы қоймаларға дейінгі өртке қарсы арақашықтықтармен қамтамасыз етіледі. Өрт қауіпсіздігін өрт сөндіру қызметі мен өрт сөндіру депосы қамтамасыз етеді. Түркістан қаласын өртке қарсы қорғау үшін 4 машинаға арналған өрт сөндіру депосы бар. Қазақстан Республикасының құрылыс нормасы 2.02-04-2014 "Өртке қарсы қызмет органдарының объектілерін жобалау" сәйкес, құрылыстың 2025 жылдың 1 кезегіне 4 автокөлікке 3 типтік өрт сөндіру депосының құрылысы қажет, есептік мерзімге әрқайсысы 4 автокөлікке 4 типтік өрт сөндіру депосының құрылысы қажет. Әрбір өрт сөндіру депосына қызмет көрсету радиусы 3 шақырым. Өрт сөндіру машиналарымен су алу үшін 4 пирс салу көзделеді. Ластаушы заттар шығарындыларының зиянды әсерін төмендету үшін ГТҚ-ЖЭО 1 және 2 кеңейту, қолданыстағы коммуналдық қазандықтарды және жылыту пештерін тас көмірден табиғи газға ауыстыру, қаланың әуе бассейнінің жай-күйін неғұрлым объективті бағалау үшін атмосфералық ауаның ластануын бақылайтын автоматты және стационарлық бекеттер желісін кеңейту қажет (5 бекетке дейін), қала аумағында орналасқан ірі кәсіпорындарды 2035 жылға қарай жобаланатын индустриялық аймаққа көшіру, ластаушы заттардың шығарындыларын азайту мақсатында қаланы газдандыру, қоқысты сұрыптау кешенін салу (қоқысты сұрыптауға арналған конвейерлік желі), медициналық қалдықтарды термиялық жою бойынша қондырғы, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында биогаз қондырғысын салу және орнату сынды іс-шаралар кешені көзделген. Ал су ресурстарына әсерін төмендету үшін қолданыстағы су құбыры желілері мен құрылыстарын қайта жаңарту, жаңа құрылыстағы су құбыры желілері мен құрылыстарын салу, ағынды сулардың жаппай төгінділерін болдырмау, өздігінен ағатын кәріз желілерін мұзданудан үнемі тазарту, 20 мың м3/тәул арналған СТУ құрылысын аяқтау, 25 мың м3/тәул жаңа СТУ салу, оны одан әрі кеңейту, көлемі 11 млн м3 жаңа жинақтағыш тоған салу (құрылыстың 2025 ж.1-кезегіне), жаңа жинақтағыш тоған сыйымдылығын 22,2 және 31,71 млн м3 дейін ұлғайту (2035 және 2050 жж.) немесе жаңа жинақтағыш тоған салу, 2035 жылы есептік мерзімге қолданыстағы жинақтағыш тоғанды қалпына келтіру, СТУ тазартылмаған ағынды сулардың сорғы станциясын салу көзделген. Жерасты және топырақ асты суларын ластанудан және сарқылудан қорғау үшін сумен жабдықтаудың жер асты көздерін санитарлық қорғау аймағының аумағында ерекше санитарлық режимде сақтау, құрылыс салуға жататын су жинағышты ауыстыру, жер асты су тарту құрылыстары аумағының жай-күйін, ластанудың ықтимал көздерін көрсете отырып, су жинау орнындағы жер асты суларының жай-күйіне мониторинг жүргізу және бақылау жүргізу бағдарламасын әзірлеу, бақылау ұңғымаларын орнату іс-шараларын жүргізу қарастырылған. Сондай-ақ бас жоспар бойынша мал қорымын салу жоспарлануда, себебі қазіргі мал қорымы Кентау қалалық әкімшілігіне берілген. Радиоактивті қалдықтар "Степное" кен басқармасындағы радиоактивті қалдықтарды көму полигонына тапсырылады. Шымкент қаласындағы қауіпті қалдықтар полигонына шығарылады. Өнеркәсіптік қалдықтар негізінен Түркістан қаласының аумағында және іргелес аумақта орналасқан және құрылыс, жеңіл, тамақ өнеркәсібі салаларының қалдықтарымен ұсынылған. Топыраққа әсер етуді азайту үшін Түркістан қаласының аумағында орналасқан қауіптіліктің 1 санатты кәсіпорындарын қоныстану аймақтан тысқары қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан жобаланатын индустриялық аймаққа көшіруді қарастыру, қаланың оңтүстік бөлігінде орналасқан, аумағы 18 гектар ескі ҚТҚ полигонын қалпына келтіру, халық санының және ТҚҚ санының ұлғаю болжамын ескере отырып, қаланың оңтүстік бөлігінде 2035 жылға қарай қолданыстағы полигон ауданында жаңа ТҚҚ полигонын салу, қала аумағын санитарлық тазалау үшін арнайы көліктердің қажетті санымен қамтамасыз ету, Түркістан-Қызылорда трассасының солтүстік-батыс бөлігінде қаладан тыс 200 гектар алаңы бар жаңа зират салу сынды іс-шаралар қарастырылған. Сондай-ақ бас жоспарда әуежайдан шулы әсерлерді азайту мақсатында оны дамытудың келесі сатыларында Түркістан қаласының перспективалық дамуы мен қолданыстағы құрылысын салу үшін көзделген аумақтар бағытындағы оның шулы әсерлерін азайту жөніндегі қосымша іс-шараларды қарастыру ұсынылады.
Жалпы түрленген Түркістанның бас жоспары еншісіне 22370 гектар жер телімі кіреді. Оған қала аумағының ішкі бөлігінде орналасқан тұрғын үйлер, кәсіпкерлік, әлеуметтік және басқа да көптеген нысандар көлік инфрақұрылымының қызыл сызығына енген. Көп қабаттан тұратын көп пәтерлі тұрғын үйлердің аумағына орналасқан. Осыған байланысты, Түркістан қаласы аумағының функционалдық аймақтарын салудың қала құрылыстық регламенті бекітілді. Бұл қала құрылыстық регламенті көп қабаттан тұратын көп пәтерлі тұрғын үйлердің аумағына еніп орналасқан нысандарға құжаттарды заңдастыруға мүмкіндікті қарастырды. Одан бөлек жер телімдерін заңдастыру барысында оң қорытындысы берілетін болады. Үкімет қаулысымен бекітілген Бас жоспар негізінде жұмыс жалғасуда. Қала құрылысы құжаттамасы болғандықтан ол әртүрлі сатыдағы құжаттамалармен толығады. Алдымен қаланың бас жоспары әзірленсе, одан кейін қаланың егжей-тегжейлі жоспары жүзеге асырылатыны мәлім. Ол әрбір аумаққа, әрбір тұрғын алабына нақты салынуға тиісті инженерлік құрылыс нысандары, техникалық экономикалық көрсеткіштері бәрі сарапталып, егжей-тегейлі көрсетілетін болады. Сондықтан жаңа бас жоспар бекітілген сәттен бастап, бізде қала аумағында тұрғын үй, әлеуметтік, коммерциялық-іскерлік, өндірістік, өзге де режимдік аймақтарға бөлінді. Бас жоспарға сәйкес қалақұрылыс регламентін бекітілген. Бүгінгі таңда бұл құжат қолданысқа беріліп, заңды күшіне еген.