Түркістандағы казарма туристік орынға айналды

Screenshot_23.jpg

Түркістан қаласы тек Орта ғасырдағы тарихи нысандармен ғана емес, патшалық Ресей тұсындағы көптеген нысандарымен танымал. Патшалық Ресей тұсында көптеген қазақ азаматтары оқу оқып, білім алып, ел үшін еңбек етті. Сол тұстарда Алаш арыстары көп жұмыс істеді. Сол кездерде қазақ ұлтының иммуниеті қалыптасты. Дәл қазір Түркістан қаласында осыдан 1-1,5 ғасыр бұрынғы ғимараттар сақталып тұр. Бұл ғимараттарды көре отырып патшалық Ресеймен қатар Совет Одағының тыныс-тіршлігімен танысуға болады. Бүгінде Түркістанға ТМД елдерінен, оның ішінде Ресейден көптеген туристер Түркістанға сол нысандарды көру үшін арнайы келіп жатады. Бұл нысандарды тамашалау арқылы туристер патшалық Ресей замандағы атмосфераны сезіне алады. 

Түркістанда XIX ғасырдың аяғында салынған Казарма туристік нысанға айналған. Орналасқан жері Көне Түркістан қаласының аумағы. Жергілікті маңызы бар ескерткіш. Бұл құрылыс Түркістандық атқыштар батальонының І-ші ротасының кіші шендегі офицерлеріне казарма ретінде соғылған. 2014-2015 жж. ескерткішке қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 2016 жылы музейдің реэкспозициялық жаңғырту, толықтыру, ескі экспозициялық қойылымдарды жаңа шешімде қайта құру жұмыстары жүргізіліп қайта жаңарды.Ал, Гарнизон штабы - ХІХ ғасырдың көркемдік тарихи-сәулет ескерткіші. Орналасқан аумағы Әйтеке би көшесі, №1. Республикалық маңызы бар ескерткіш. Казарма ғимаратымен қатар тұрған бұл Түркістан гарнизон құрылыс кешенінен сақталынған жалғыз ғимарат. Типтік жобада тұрғызылған.

Туристер қос нысанға көптеп келеді. Олар мұнда Патшалық Ресейдің күйреуі мен Совет Одағының құрылар тұсындағы аласапыран заман тынысына куә бола алады. 

Айта кетейік, патшалық Ресей 1721 жылдың 22 қазанынан 1917 жылғы ақпан төңкерісіне дейін болған мемлекет.

Орыс мемлекетінің отарлық саясаты нәтижесінде құрылған. І Петр 1721 жылы Ресейді империя деп жариялады. XVIII—XIX ғасырларда Ресей империясының құрамына Балтық бойы, Украина, Беларусь, Польшаның шығыс бөлігі, Бессарабия, Солтүстік Кавказ, Финляндия, Сыртқы Кавказ, Орталық Азия аумақтары күшпен енгізілді. Ресей империясы XVIII ғасырдың 2-ширегінен бастап қазақ жерін отарлауға кірісті.

XIX ғ-дың соңына қарай Ресей империясының жерінің аумағы 22,4 млн км², тұрғындары 1897 жылғы санақ бойынша 128,2 млн. (оның 43%-ы орыстар) болды.

Ресей империясы XX ғасырда 81 губерниядан және 20 облыстан тұрды. Губерниялар мен облыстардың бірқатары ген.-губернаторлықтарға біріктірілді. Бұхар және Хиуа хандықтары Ресей империясының вассалдары болды. 1914 ж. Ұранқай өлкесі Ресей империясының протекторатына айналды. Ресей империясы монархиялық мемлекет болып, онда Романовтар әулеті билік жүргізді. Мемлекеттік тілі орыс тілі, діні христиан дінінің православия тармағы болды. Патша өкіметі Ресей империясындағы орыс емес халықтарды рухани тұрғыда отарлауға, шоқындыруға ерекше мән берді.

Ақпан революциясы нәтижесінде Ресей империясы құлап, орнына Рэсейдің уақытша билігі келді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер