Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген аудан-қалалардың басшыларына әрбір елді мекендердің тұрғындарымен кездесіп есеп берулерін міндеттейтін тапсырмаларын орындау мақсатында Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков жыл басынан бергі кезекті төртінші кездесулерін алдын-ала бекітілген кестеге сәйкес жалғастырған, "Отырар" секторының аумағы 3,4 мың гектарды құрайды. Аталған секторды 50 мың 750 тұрғын мекен етеді.
Мемлекет басшысының Қазақстан халықа арналған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында айтылған «Халық қатысатын бюджет» жобасы Түркістан қаласында тиімді іске асырылып жатыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы аталған Жолдауында «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қаржысының кемінде 10 пайызы қайда жұмсалатынын қоғамның өзі айқындауға тиіс» деп, «Халық қатысатын бюджет» жобасының ауқымын кеңейтіп, жобаға аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарды тарту керектігін айтып, жүйелі жұмыс жүргізудің бағыт-бағдарын да айқындап бергені белгілі. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің үйлестірумен жүзеге асқан жұмыстар Президент тапсырмаларының орындалуы екені анық.
Түркістан қаласын әкімімен жыл басынан бергі "Отырар" секторы тұрғындарының кездесулерінде жалпы 127 мәселе көтерілген екен. Оның ішінде 62 мәселе шешімін тауып, осы жылдың тоғыз айында жүзеге асып үлгерген. Тарқатыңқырап айтқанда әкімнің тапсырмасымен және қадағалауының нәтижесінде орындалған 62 талап өтініштің тоғызы жолға, он екісі инфрақұрылым жүйелеріне, алтауы жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктерге, он бесі аулаларды көгалдандыру мен абаттандыруға, тазалыққа, қалған жиырмасы басқа да әлеуметтік салаларға қатысты. Дегенмен, алты мәселе бойынша жоспарлы жұмыстар әлі де жүргізілуде екен. 59 мәселе заңдылығы түсіндіру жұмыстарын жүргізумен шешімін тауыпты.
Нұрбол Әбдісаттарұлы тұрғындардың өтініш талаптарының жүзеге асуы мен шешілу барысынан бөлек, қала әкімдігі тарапынан атқарылған жұмыстар мен қол алынған жоспарлар туралы да баяндады. Қала басшысыны айтуынша, алдағы уақытта облыс орталығының аумағында он бір мектептің құрылысы жоспарлануда екен. Соның ішінде үш мектепті "Отырар" секторында салу көзделуде. Білім ұяларының әрбірі екі мың орындық екені ескерсек, отырарлықтардың алты мың оқушысы сапалы біліммен қамтамасыз етілетін болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Елімізде электр қуатымен қамтамасыз ететін желілердің үштен екісінің, жылу коммуникациясының 57 пайызының және су құбыры желісінің жартысына жуығының тозығы жеткен» деп атап айтқан сынынан нәтиже шығарып, қателіктерге жол бермеу үшін соңғы үш жылда бой түсеген жаңа шағын аудан Биыл "Отырар" секторын сапалы электр жнергиясымен қамтамасыз ету мақсатында бір нысанның құрылысы басталған болатын. Сол нысанның құрылысы аяқталып, екі мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді. Одан бөлек, екі мың абонентті қамтитын тағы бір қосымша нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр екен. Ал, тұрғындардың өтініштері негізінде 8 трансформатор орнатылыпты.
Шәді ақын көшесінде ауыз су қысымы төмен туралы шағымдар түскен болатын, Қазыбек би мен Бекзат Саттарханов даңғылы арасындағы тұрғын үй массивінің ауыз су қысымын көтеру мақсатында қазіргі таңда құрылыс жұмыстары басталды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы "Отырар" секторында Яссы көшесі бойынан желілік саябақ құрылысы, «Сырдаия, Арман» тұрғын үй кешені ауласын абаттандыру, Әкімшілік-іскерлік орталығының жетінші және отызыншы көшелерінің бойындағы саябақтардың құрылысы, «Парасат» саябағын реконструкциялау жұмыстары жүргізілді.
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековпен кездесуге келген азаматтар атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, өзге де өтініштерін ортаға салды. Шаһар басшысы көтерілген мәселелердің заң аясында жоспарлы жүзеге асатынын жеткізді.