Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген аудан-қалалардың басшыларына әрбір елді мекендердің тұрғындарымен кездесіп есеп берулерін міндеттейтін тапсырмаларын орындау мақсатында Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков "Бекзат" секторына да арнайы ат басын бұрып, жыл басынан бергі кезекті төртінші кездесулерінің бірін өткізді. Бұл тұрғындардың талап-тілектері мен өтініштері тыңдалатын есепті кездесу Президенттің Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында айтылған «Халық қатысатын бюджет» жобасы тиімді іске асырылып жатыр. Оның ауқымын кеңейтіп, жобаға аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарды тарту керек. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қаржысының кемінде 10 пайызы қайда жұмсалатынын қоғамның өзі айқындауға тиіс» деген тапсырмасын орындау болып табылады.
Қаланың әкімі Нұрбол Тұрашбеков тұрғындармен пікірлесу барысында бекзаттықтар тарапынан айтылған өтініштердің орындалуы туралы айтты. оның сөзіне сүйенсек, жалпы жыл басынан бері «Бекзат» секторында өткен кездесулер нәтижесінде 101 мәселе көтерілген екен. Оның ішінде 65-і шешімін тауыпты. Сол орындалған 65 өтініштің 18-і инфрақұрылымға, 10-ы жол мәселесіне байланысты болса, алтауы жолаулар тасымалдайтын қоғамдық көліктердің қатынауына, тоғызы сапалы электр жарығы реттеп беруге, жетеуі тазалыққа, жетеуі жарықтандыруға, екеуі аулаларды абаттандыруға және алты мәселе әлеуметтік сала қатысты қоғалған. Сонымен қатар, әлі аяқталмаған 12 мәселе бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде екен. 24 мәселенің заңдылығы түсіндіру жұмыстарын жүргізумен игеріліпті. Түркістан қаласында көпқабатты 46 үйге күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Ал, көпқабатты 54 үйде жөндеу жұмыстары аяқталған. Дегенмен, қала әкімі әлі де жөндеуді қажет ететін көпқабатты 23 үй барын атап өтті.
"Бекзат" секторында бой көтерген көпқабатты тұрғын үйлер саны 11 болса, оның 10-ы күрделі жөндеуден өткен. Бір көпқабатты тұрғын үйдегі жөндеу жұмыстары желтоқсан айында аяқталуы тиіс.
Алдағы уақытта қала аумағында 11 мектептің құрылысы жоспарлануда, оның ішінде "Бекзат" секторында 1200 орынды құрайтын бір мектептің құрылысын жүргізу көзделген.
Түркістан қаласының аумағында 39 мың 937 электр абоненті бар болса, олардың 33 мың 937-сі сапалы электр қуатымен қамтылған. Сағатына орташа тұтыну мөлшері – 48,8 мВт/сағ. Биыл "Бекзат" секторында бір нысанның құрылысы аяқталып, екі мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, тұрғындардың өтініші негізінде бір трансформатор орнатылды.
"Бекзат" секторында 118 көше бар. Оның ішінде 20 көше асфальт жол, 83 көше тас жол, 15 көше топырақ жол болып табыла ағымдағы жылы 8,6 шқ құрайтын 16 көшеге тас төселді, 6,62 шқ. құрайтын 3 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселді.
Екі нысанның құрылысы жоспарлануда. Атап айтсақ, темір жол аумағындағы жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысын 2023 жылы іске асыру көзделген. Ал, Әліби Жангелдин көшесіндегі құрылыс жұмыстарын келесі жылы аяқтау қарастырылды.
Нұрбол Әбдісаттарұлы кездесу барысында тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, заң аясында тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.