Түркістан: 9 айда көпқабатты 42 үй, 2667 пәтер пайдалануға берілді

Screenshot_1.jpg

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков облыс ортылығының әлеуметтік экономикалық дамуының жыл басынан бергі көрсеткіші бойынша атқарылған жұмыстардың 9 айлық қорытындысымен өңірлік коммуникациялар ортаығында брифинг берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында айтылған «Халық қатысатын бюджет» жобасы тиімді іске асырылып жатыр. Оның ауқымын кеңейтіп, жобаға аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарды тарту керек.  Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қаржысының кемінде 10 пайызы қайда жұмсалатынын қоғамның өзі айқындауға тиіс» деген тапсырмасы бойынша, сонымен қатар әкімдерді жылына төрт есеп беруге міндеттеп, жауапкершілігін арттырып бекіткен Президенттің Жарлығына сай Түркістандағы алты секторының көшелеріне дейін түгел аралап, әр қайсысында төрт реттен тұрғындармен кездесу өткізіп үлгерген шаһар басшысы Нұрбол Әбдісаттарұлының айтуынша, қаладағы құрылыс көлемі қазіргі уақытта 2021 жылмен салыстырғанда қабылданатын үйлер саны 6,2 пайызға артқан. Қазіргі уақытта «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында көпқабатты 111 тұрғын үйдің құрылысы кестеге сай қарқынды жүргізіліп жатыр. Пайдалануға берілген үйлер саны 2021 жылғы 9 аймен салыстырғанда 3,5 есеге артты.

Халықты жұмыспен қамту, аз қамтылған және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйелі атқарылуда. Ұлттық жобаның «Еңбек» бағыты бойынша 6 мың 912 адам жұмыспен қамтылды. Аз қамтылған азаматтарға 3 727 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. Сонымен қатар, «Тең қоғам», «Белсенді ұзақ өмір», «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу» әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары іске қосылған.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Елімізде электр қуатымен қамтамасыз ететін желілердің үштен екісінің, жылу коммуникациясының 57 пайызының және су құбыры желісінің жартысына жуығының тозығы жеткен. Осыдан-ақ біраз жайтты аңғаруға болады» деп, «Автожол құрылысына, соның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керек. Бюджеттен қыруар қаржы бөлінсе де, бұл мәселе әлі шешімін таппай отыр. Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек» деп тапсырған болатын.

Түркістан қаласының 6 секторы бойынша ауыз сумен 37 мың 655 абонент қамтамасыз етілген. Орталықтандырылған кәріз жүйесімен 32,2 пайызы, яғни 12 мың 297 абонент қамтылған.

Түркістан қаласының аумағында 33 мың 937 абонент сапалы электр қуатымен қамтылған.

Түркістан қаласын газдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп, 6 сектор бойынша 39 мың 937 абонент газбен жабдықтау желілеріне қосылды.

Қала аумағында 10 жылу қазандығы арқылы 312 нысан жылумен қамтамасыз етілуде. Оның 167-сі көпқабатты, 145-і жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

Шаһарда 845 шақырым жол, 875 көше, оның ішінде 316,1 шақырым асфальт жол, 392,5 шақырым тас жол, 136,4 шақырым топырақ жол бар. Нәтижесінде, облыс орталығында жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 37,4 пайыздан 40,3 пайызға артты. Асфальт төселген көшелердің жалпы жиынтығы 333,6 шақырымды құрайды. Бұл Түркістан қаласындағы жолдардың 39,5 пайызы. Ал, киелі қаладағы жалпы тас жолдардың жиынтық ұзындығы 478 шақырымды құрап отыр. Бұл Түркістандағы жалпы жол атаулының 56,5 пайызы болып тұр. Ел еді қоныстана бастаған, жеке үйлердің құрылыстары жүріп жатқан қаланың шеткі аудандарында асфальт түгілі тас төселмеген жолдар бар. олардың жалпы жиынтығы 33,1 шақырымды құрайды. Сол топырақ жолдардың үлесі шаһардағы жалпы жолға шаққанда 4 пайыздан аспайды.

2022 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесімен қала аумағындағы жарықтандырылған көшелер саны 55,4 пайызды құрайды. Бұл дегеніміз, тарқатыңқырап айтқанда жалпы ұзындығы 618,6 шақырымды құрайтын 485 көше.

Қала ішінде экологиялық стандарттарға сәйкес жолаушылар тасымалдауға арналған 78 жаңа автобус алынған болатын. Нәтижесінде қоғамдық көліктердің 34 пайызы жаңаланды. Оның ішінде 40 автобус «ТехПрофАвто» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есебінен, 38 қоғамдық көлік «Жолаушы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есебінен алынды.

Жалпы қала ішіндегі бірінші жіне екінші мөлтек аудандар мен «Отырар» мөлтек ауданы ішіндегі аулаларға толықтай абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында «Денсаулық» саябағы, «Төле би» саябағы, «Отбасы» саябағы, «Шығармашылық» саябақтары, Майкотов көшесінің бойы, «Тұран» «Тыным» бағы іске қосылды.

Қаланың микроклиматын өзгерту және қала ішін суландыру жүйелерін жүргізу бойынша 22,5 шақырымды құрайтын ирригациялық жүйелер жүргізілген.

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің мәлімдеуінше, 2021 жылы өнеркәсіп саласы бойынша өнім көлемі 14,8 миллиард теңге көрсеткішке ие болса, биыл 9 айдағы нәтиже 15,4 миллиард теңгеге жетті, яғни өткен жылғы көрсеткіштен 3,8 пайызға артқан.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыру – алдымызда тұрған аса маңызды міндет екенін айтты. Президент тапсырмасы қазіргі таңда киелі шаһарымызда жүйелі іске асып, өз нәтижесін беруде. Биыл Түркістан қаласына 179,1 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарланған. Бұл ретте, 9 айдың ішіндегі көрсеткіш 192,1 миллиард теңгеге жетіп отыр. Жалпы 2019-2023 жылдар аралығында 95 инвестициялық жоба мақұлданып, 761 миллиард теңге инвестиция тарту көзделген. Оның ішінде биыл шетел инвесторлары есебінен 7 жоба іске асырылып, 278 жаңа жұмыс орны ашылды, – деді Нұрбол Әбдісаттарұлы.

Сонымен қатар, «TURKESTAN» индустриалды аймағында 2016-2022 жылдар аралығында 8,6 миллиард теңгені құрайтын 19 жоба іске қосылып, 857 жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл 900 миллион теңгені құрайтын 3 кәсіпорын жыл соңына дейін іске қосылады. Олар – «Асфальт бетон», «Газоблок», «Газобетон» зауыттары.

2021_04_19_12-04-qurylys.jpg

Ал, баспанамен қамту саласында 2022 жылдың 9 айында 288,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Нақтырақ айтқанда 2 мың 667 пәтерлі 42 тұрғын үй ел игілігіне тапсырылды.

Инфрақұрым бойынша да шаһарда оң өзгерістер бар. Қазіргі таңда қала аумағында 37 мың 655 абонент таза ауызсумен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін таза ауызсумен қамту деңгейі 98,5 пайызға жетпек. Ал сапалы электр қуатымен қамту көрсеткіші биыл 84,9 пайыздан 94,7 пайызға артқан. Түркістан қаласын газдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп, 39 мың 937 абонент газбен жабдықтау желілеріне қосылған. Бүгінгі күні көгілдір отынды 38 мың 60 абонент дербес шот ашып пайдалануда. Бос жер телімдерін қоса алғанда толық табиғи газды пайдаланушылар саны биыл 95 пайызға жетті.

Нұрбол Әбдісаттарұлының айтуынша, жол саласында 2022 жылдың қорытындысымен қалада жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 37,4 пайыздан 40,3 пайызға артпақ. Қала ішінде жалпы 21 бағытта 220 қоғамдық көлік қатынайды. Аталған көліктердің 78-і сыйымдылығы жоғары болса, қалған 142-сі шағын автобустар. 2021 жылдан бастап қала ішінде экологиялық стандарттарға сәйкес 78 жаңа автобус алынды, нәтижесінде қаладағы қоғамдық көліктердің 34 пайызға жаңарды.

Түркістан әкімінің мәлімдеуінше, 2021 жылы өнеркәсіп саласы бойынша өнім көлемі 14 миллиард 800 миллион теңгеге жетсе, биылғы 9 айдағы нәтиже 15 миллиард 400 миллион теңгеге жетті, яғни өткен жылғы көрсеткіштен 3,8 пайызға артқан.

2022 жылы Түркістан қаласына миллиард теңге инвестиция тарту жоспарланған. Бұл ретте, 9 айдың ішіндегі көрсеткіш 192,1 миллиард теңгеге жетіп отыр. Жалпы 2019-2023 жылдар аралығында 95 инвестициялық жоба мақұлданып, 761 миллиард теңге инвестиция тарту көзделген. Оның ішінде биыл шетел инвесторлары есебінен 7 жоба іске асырылып, 278 жаңа жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар, «TURKESTAN» индустриалды аймағында 2016-2022 жылдар аралығында 8,6 миллиард теңгені құрайтын 19 жоба іске қосылып, 857 жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл 900 миллион теңгені құрайтын 3 кәсіпорын жыл соңына дейін іске қосылады. Олар: «Асфальт бетон», «Газоблок», «Газобетон» зауыттары.

Баспанамен қамту саласында 2022 жылдың 9 айында 288,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Нақтырақ айтқанда, 2 мың 667 пәтерлі 42 тұрғын үй ел игілігіне тапсырылды.

Инфрақұрым бойынша да шаһарда оң өзгерістер бар. Қазіргі таңда қала аумағында 37 мың 655 абонент таза ауызсумен қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін таза ауызсумен қамту деңгейі 98,5 пайызға жетпек. Ал сапалы электр қуатымен қамту көрсеткіші биыл 84,9 пайыздан 94,7 пайызға артқан. Түркістан қаласын газдандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп, 39 мың 937 абонент газбен жабдықтау желілеріне қосылған. Бүгінгі күні көгілдір отынды 38 мың 60 абонент дербес шот ашып пайдалануда. Бос жер телімдерін қоса алғанда толық табиғи газды пайдаланушылар саны биыл 95 пайызға жетті.

Нұрбол Әбдісаттарұлының айтуынша, жол саласында 2022 жылдың қорытындысымен қалада жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 37,4 пайыздан 40,3 пайызға артпақ. Қала ішінде жалпы 21 бағытта 220 қоғамдық көлік қатынайды. Аталған көліктердің 78-і сыйымдылығы жоғары болса, қалған 142-сі – шағын автобустар. 2021 жылдан бастап қала ішінде экологиялық стандарттарға сәйкес 78 жаңа автобус алынды, нәтижесінде қаладағы қоғамдық көліктердің 34 пайызға жаңарды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер