Сауран ауданында аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиналысты кеңес төрағасы А.Маткаримұлы ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде қойылған есеп беру жұмыстары бойынша Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолуашылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы С.Рысбеков шақырылған және де арнайы «Сауран су» бөлім басшысы М.Прімбетов «Сауран газ» бөлім басшы К.Жақсылықов жиналысқа қатысты. Жиналыс барысында бірнеше мәселелер көтеріліп тиісті жауаптар алынды. Ауданды көркейту мақсатында ұсыныстар мен ескертулер жасалды.
Қоғамдық кеңестердің негізгі міндеті ол – азаматтық қоғамның маңызы бар мәселелері бойынша пікір білдіру. Халықтың тілегімен, ой-пікірімен санасу. Бюджеттік бағдарламалардың, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту, тіпті мемлекеттік бағдарламалардың жобаларын талқылау – Қоғамдық кеңестердің құзіретіне кіреді. Одан бөлек ұйым мүшелері қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын талқылау, атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін тыңдау, жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша жергілікті мемлекеттік басқару органдарының жұмысына қатыса алады. Сондай-ақ мониторингтік бақылау жүргізу құқығына ие.