Ұлттың түп тамыры, алтын қазығы ауылды дамыту - бүгінгі күнгі Үкіметтің алға қойған мақсаттарының бірі. Бұл туралы Мемлекет басшысы да Жолдауларында ұдайы айтып отырады. Қ.Тоқаевтың Жарлығымен Үкімет Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын да бекіткен болатын. Тұжырымдама ауылдық аумақтардың географиялық ерекшеліктері мен артықшылықтарын ескере отырып, олардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін аша түсуге бағытталған. Оның аясында ауыл тұрғындарының табысы мен тұрмыс сапасын арттыру бойынша түрлі шаралар қарастырылған. Тұжырымдаманың негізгі мақсаттардың бірі – ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту. Атап айтқанда, жаңа мектептер мен медициналық нысандар салынып, сумен және электрмен үздіксіз жабдықталады, кең жолақты интернет және ғарыштық байланысы тартылады, ауыл жолдарының сапасы жақсарып, кітапхана, клуб, музей және кинотеатр, спорт ғимараттары сияқты мәдени нысандар салынады, халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашу.
Түркістан қаласының іргесінде жатқан Сауран ауданы тамыры тереңде жатқан, шаһармен бірге дамып келе жатқан аймақтардың бірі. Президенттің тапсырмасына сай ауданды көркейту, халықтың тұрмыс сапасын, әл-ауқатын арттыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Құрылғанына 2 болғанына қарамастан мұнда әсіресе инфрақұрылым саласында айтарлықтай оңды өзгерістер байқалады. Жолардың сапасына мән беріліп, ауыл ішіндегі көшелерге де асфальт төселуде. Сондай-ақ жарықтандыру, абаттандыру жұмыстары да жүйелі атқарылуда.
Таяуда Қарашық ауылдық округінің әкімі А. Ганиев ауыл тұрғындары Ы. Айтуғанов, Ж. Жазбеков, Т. Егембердиев және Н. Алтаевпен бірге Құмтүйін елдімекеніндегі А.Ақтанбаев көшесінің орташа жөндеу бойынша мердігер мекеме жұмысымен танысты. Жұмыс бойынша мердігер мекеме қызметкерлеріне ұсыныстармен пікірлер айтылды.
Ал Шорнақ елді мекенінде өздеріңіз білетіндей жылдан жылға көркейтіу жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі. С.Тоймаханов пен Ы.Алтынсарин көшелерінің қиылысынан Аллея, саябақ және жастарға арналған спорт алаңы орналасқан. Бүгінгі таңда "Сауран қызмет" КММ-сі қызметкерлері елді мекеннің көркін келтіріп тұрған орындарды тазарту және түзету және арнайы техникалардың көмегімен шөп қырқу жұмыстарын жүргізуде.
Аудан және ауыл әкімдері тұрғындармен кездесу барысында айтылған өтініштерді жерде қалдырған емес. Ауылдықтардың айтқан уәждері кезең бойынша орындалып келеді. Айталық жақында Сауран ауданы әкімінің орынбасары Таңғатаров Мақсат Асылбекұлы, "Сауран ауданы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылары көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" Мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Самат Рысбеков, Майдантал ауылдық округі әкімі Ж. Досболов және Сауран ауданының мәслихаты депутаты Раматуллаев Арсылан Серікұлы ауыл тұрғындарымен кездескен болатын. Халықпен кездесу барысында ауыл халқының талап-тілектерін тыңдап, ауылда интернет жілісінің қаралып жатқанын және ауылды дамыту үшін кәсіп орындарды ашу жолдарында шегелеп айтып өтті. Майдантал ауылдық округінен аудан орталығы және Түркістан қаласы арасында қоғамдық көлік жүретінін айтып өтіп, ауыл тұрғындарын қуантты. Сөз соңында Майдантал ауылдық округі ақсақалдарының батасын алып, істеріне береке, жұмыстарына табыс тіледі.