Тұрғындардың пікірі ескерілуде

image.png

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік лауазымына кіріскен күні ақ ең әуелі ауылдардың жағдайына мән беріп, оны дамыту керектігін айтып,  «Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған» Жарлыққа қой қойған болатын.  Бұл – Мемлекет басшысының жаңа президенттік мерзімдегі бірінші Жар¬лығы еді.  «Бүгінде Қазақстан халқының 40 пайызға жуығы ауылда тұрады. «Ауыл – ел бесігі» деп халқымыз бекер айтқан жоқ. Сондықтан ауылдағы жағдайды жақсарта алмасақ, бәрімізге сын. Сол үшін мен бүгін ауылды дамыту мәселесі туралы Жарлыққа қол қоямын. Осы құжат арқылы Үкі¬метке ауылды дамытудың 5 жылға арналған нақты жоспарын әзірлеуді тапсырамын.  Үкімет ауылды дамытуға арналған барлық жобаны жүйелі түрде реттеп, жинақтауға тиіс. Содан кейін мақсатты түрде тиімді жұмыс жүргіземіз», – деген болатын Қ.Тоқаев ұлықтау рәсімінде.

Міне, осы Жарлыққа сәйкес бүгінде республиканың түкпір-түкпіріндегі ауылдардың бойына қан жүгіріп, ажары кіре бастады. Ауыл тұрғындарының әл-ауқаты артып, өмір сүру сапасы жақсарғанын байқаймыз. Мұндай өзгерісті Түркістан облысы Сауран ауданынан да байқауға болады. Ауданның елді-мекендерінде жолдар жөнделіп, арық-атыздар ретке келтіріліп, саябақ, аллеялардың сәні кіріп келеді. Ең бастысы билік пен бұқараның арасындағы байланыс мықты. Яғни басшылар ауыл тұрғындарымен жиі кездесу өткізіп, нақты проблемаларды талқылап, оның шешу жолдарын қарастыруда. Бұл жұмыста тұрғындардың да пікірі ескерілуде. Айталық  Жібек Жолы ауылдық округы, Ескі Сауран елді мекеніне қарасты аспалы теміржолдың жайын тұрғындар біраз уақыттан бері айтып жүрген болатын. Айтуларынша теміржолдың асты көктемгі жауын-шашын мезгілінде ағын су көптеп жиналып, көлік қозғалысына кедергі келтіреді. Осыған байланысты арнайы жоба жасалынды. Онда аспалы теміржолдың астынғы қабатында бетоннан жол салынып, ағын су ағатын бетон арық блоктары жүргізілетін болады. Қазіргі таңда, ауыл тұрғындарының күнделікті жүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында, жоба әзірленуде. 

  Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігі де басты назарда. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының оның ішінде жаяу жүргіншілердің, балалардың қатысуымен орын алатын жол апаттарының алдын алу бағытында, Иассы ауылдық окрігу Еңбекші-Дихан елді мекенінің Шобанақ көшесі бойындағы жаяу жүргінші таңбаларын жаңартып, қайта сызу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ мМайдантал ауылдық округінде білім беру ұйымдары мен бөбекжай орталықтары алдындағы жол белгілері де жаңартылды. Атап айтқанда Ынталы елді мекенінің Қонаев, көшесі бойындағы жаяу жүргінші таңбаларын жаңартып, қайта сызу жұмыстары жүргізілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер