Интернет сапасы артады

image.png

Елімізде ауылды интернетпен қамту ерекше бақылауда әрі бұл мемлекет дамуының басты міндеттерінің бірі болып саналады. Ресми мәліметтерге сүйенсек Қазақстанда ауыл тұрғындарының 94 пайызы интернетке қосылған. Бүгінгі күннің басты қажеттілігіне айналған интернеттің мәселесі саурандықтарды да мазалайды. 

Осы орайда Сауран ауданы әкімі Үсенбаев Ғалымжан Қарабайұлының төрағалығымен өткен жиналыста Сауран ауданына қарасты барлық елді мекендердің байланыс және интернет сапасы талқыланды. Жиынға “Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі минстрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы РММ басшысы Тоқтағулов Ержан Даулетұлы және  Сауран аудандық мәслихатының төрағасы Байсбаев Сержан, Сауран аудандық мәслихатының депутаттары Раматуллаев Арсылан, Азимов Азизбек;  АК «Транстелеком» Басшысы - Наталиев Болат; АК «Казактелеком» ЦТОМС - 2 басшысы м.а - Аманәлі Әли Ақбергенұлы, Сату орталығының директорының орынбасары - Досымбек Ербол Кенесбайұлы; «Кселл» АҚ өкілі Жабеков Айдос; «Қар-Тел» ЖШС Аблязимов Нұржан; «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-тің өкілі Құрбантаев Шараф; Сауран ауданы әкімінің орынбасары Танғатаров Мақсат Асылбекұлы және аудандык ауыл округ әкімдері қатысты.

Сауран ауданының барлық 12 ауылдық округінің 36 елді мекеніндегі байланыс және интернет сапасы туралы мәселелер қаралды. Аталған мәселелер бойынша оператор өкілдеріне сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды және Түркістан облысы өңірлік байланыс инспекциясы РММ басшысы Тоқтағұлов Ержан Даулетұлының тарапынан опрератор өкілдеріне тиісті тапсырмалар берілді. Жиналыс соңында Сауран ауданы, Майдантал ауылдық округіне қарасты Ынталы және Қаражон елді мекендерінің байланыс операторларының интернет және байланыс сапасын анықтау мақсатында елді мекендерді аралап, халықтың өтініштерімен ұсыныстары тыңдалды. Алдағы уақытта тиісті шешімдер қабылдауға уаде берілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ІХ халықаралық театр фестивалі шымылдығын түрді
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер