Сауранда оюлы аялдама бар

image.png

Сауран ауданының орталығы Шорнақ елді мекенінің орталық көшесіне аялдамалар қойылып, қазақы нақыштағы оюлармен безендірілуде. Аялдамаларға ескі қалашықтың суреті бейнеленіп, "SAURAN" эмблемасы жазылуда. Безендіру жұмыстары демеушілер есебінен жүргізілуде.

Құрылғанына екі жыл болған аудан үшін жаңа дүние жаңалық. Сауран ауданының келбетін жаңарту үшін жасалынып жатқан жұмыстар едәуір. Аудан орталығының келбеті жаңарғанымен тарихи көрінісі маңыздылығын жоймайды. Басшылық осы мәселеге аса ден қоюда. 

Ендігі мәселе, жасалынып жатқан жұмыстарға құрметпен қарау тұрғындарға сын. Әрбір мүлікті көздің қарашығындай сақтап, күтіп ұстауды сұранамыз. Туған жерді түлету сіз бен біздің міндет! 

Алдағы уақыттарда елді мекен ішіндегі өзгеде аялдамаларға атаулар берілетін болады. Алғашқы аялдама "ҚОС МЕЗГІЛ". 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда жаңа пәтерлер пайдалануға беріледі
  • Сарыағаш индустриалдық аймағы: Шикізаттан дайын өнімге дейін
  • Түркістанда гүл өсіру өнеркәсіптік деңгейге көтерілмек
  • Түркістан облысында жаңа өндірістік жобалар қолға алынуда
  • Ауыз су: Ендігі міндет қызмет сапасын көтеру
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер