Оранғайда «Ауыл аманаты» жобасына белсенділік жоғары

image.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Бұл орайда, биыл елімізде халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырыла бастағаны белгілі. Бүгінде Түркістан облысында аталған жоба бойынша ауыл шаруашылығы саласына арналған 2,5 пайыздық несие берілуде.

«Ауыл аманаты» жобасы бойынша несиелер барлық тұлғаларға 2,5 пайызбен 7 жылға дейін беріледі. Пилоттық жобаны жүзеге асыруға Түркістан облысы бойынша 16 ауданнан 64 ауылдық округ анықталып, 75 кооператив құрылды. Жобаны қаржыландыруға республикалық бюджеттен 19,8 миллиард теңге қаржы бөлінген. Қазірде «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ — на «Ауыл аманаты» жобасы бойынша облыс көлемінде 10,3 миллиард теңге құрайтын 1 679 жобаға өтініш түсті. Оның ішінде уәкілетті органмен 1 544 жоба қаралып, жалпы сомасы 6,8 миллиард теңгені құрайтын 1 272 жоба мақұлданды. 2 миллиард теңге құрайтын 389 жоба қаржыландырылып, 272 жоба бағдарламада бектілген ережеге сәйкес келмеуіне байланысты бас тартылған.

Жобаны іске асыру нәтижесінде, 3 200 жоба қаржыландырылып, 3 400 — ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде және тұрғындардың күн көріс деңгейі 1,5 есеге ұлғаяды деп жоспарлануда.

Аталған жоба Сауран ауданында да өз жемісін беруде.  «Ауыл аманаты» пилоттық жобасына қатысушы ретінде Сауран ауданына қарасты 4 ауылдық округ таңдалған. Атап айтқанда: Оранғай, Қарашық, Майдантал, Ескі Иқан ауылдық округтері.  Бұлай таңдап алуы да тегін емес. Өйткені аталған  ауылдарда сүт және мал шаруашылығы жақсы жолға қойылған. Сауран аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, бүгінгі күнге 7 кооператив құрылған.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 175 жоба қабылданып, оның ішінде Қарашық ауылдық округі бойынша құны 349,4 миллион теңгені құрайтын 45 жоба, Оранғай ауылдық округі бойынша құны 193,0 миллион теңгені құрайтын 37 жоба, Ескі Иқан ауылдық округінен 158,6 миллион теңге 25 жоба және Майдантал ауылдық округінен 91,1 миллион теңгені құрайтын 12 жоба несие комитеті тарапынан мақұлданған. Жалпы, Сауран ауданы бойынша бүгінгі күнге 360,5 миллион теңгені құрайтын 67 шаруа несие рәсімделді.       

Оранғай ауыл округі бойынша 2 кооператив пилоттық жобаға қатысуға ниет білдірген. Жоба бағыттары – жылыжай кешенін салу, жеміс-жидек және көкөніс өнімдерін өндіру қайта өңдеу және отбасылық мал бордақылау алаңын ашу, етті өндіру.  Несие алуға 34 жоба өтінім білдіріп, «Ырыс» микро қаржы ұйымынан 115,7 млн теңгені құрайтын 23 жоба несие алуға мақұлданды. Қазіргі таңда 53,0 миллион теңгені құрайтын 9 кәсіпкердің жобасы «Ырыс» МҚҰ» тарапынан қаржыландырылды. 

Мамандардың мәліметінше ауыл округі тұрғындары тарапынан ұсынылған жобалар арасынан 82,625 млн теңгені құрайтын 10 жоба кері қайтарылған. Бүгінгі күнге 17,7 миллион теңгені құрайтын 4 жоба кепіл шартын тіркеу сатысында тұрған болса, 9 жобаның құжаты толық рәсімделіп, «Ырыс» МҚҰ-на өткізуге дайын тұр. 

Жобаға қатысуға кез-келген адам өтініш бере алады. Ұсынылған бизнес жоспардың қажеттілігі, тиімділігі ескеріле отырып, шешім қабылданады. Мемлекеттік қолдау нәтижесінде бұл жоба қатысушыларына 2,5 пайызбен несие беру көзделуде. Егер мал шаруашылығын қолға алғыңыз келсе – 7 жылға, ал басқа кәсіпті нәсібіңізге айналдырар болсаңыз – 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Тек бір шарты бар. Үйіңізді кепілге қоясыз.

Айта кетейік,  жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздық және атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту. Өзін-өзі қамтушыларды заңдастыру. Ауылдық елді-мекендерде жаңа жұмыс орындарын құру, мал мен құстың санын көбейту, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Жобаны іске асыруда бірінші кезекте жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтер негізінде дамытуға басымдылық берілуде.

Несиелендіру 6 БАҒЫТТА жүзеге асырылатын болады: 

- Өсімдік шаруашылығын дамыту;

- Мал шаруашылығын дамыту;

- Құс шаруашылығын дамыту;

- Балық шаруашылығын дамыту;

- Ауыл шаруашылығы кооперативтерін жабдықтау;

-Тұрғындардың өз кәсібін ашу.

«Ауыл аманаты» жобасы пилоттық режимде Жамбыл облысында алғаш жүргізіліп, оң нәтиже берген болатын. Жұмыссыздар мен атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны азайған. Ауылшаруашығы мен егін шаруашылығын дамытып, оларды өңдеу, жеткізу, сату барлығын жүргізіп отырған кәсіпкерлердің саны артқан.

Сауран ауданында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша жұмыстар жалғасу үстінде.   

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер