Ауыз сусыз ауылдар азаюда

image.png

Тіршілік нәрінің бірі де бірегейі  ауыз су. Адам өмірі үшін ауыз судың алар орны зор. Су болмаса, өмір де болмайды. Сондықтан да, өңірлерде тұрғындарды ауыз сумен қамту аса маңызды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы ел Президентін ұлықтау рәсімінде «Таза ауыз су әрбір үйде, әрбір отбасында болуы керек» деген болатын. Президенттің тапсырмасына сай өңірлерді әсіресе ауыл-аймақты ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді.  Бүгінде елімізде барлығы 6 295 ауыл бар. Оның ішінде 4 900 ауыл сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізе алады. Қалған 1 395 ауылдың ауыз су мәселесін шешу 2025 жылдың соңына дейін жоспарланып отыр. 

Түркістан облысы Сауран ауданыда да ауыз сусыз ауылдар азайып келеді. Осы ретте  Шорнақ ауылдық округіне қарасты Қозмезгіл елді мекеніне ауыз су тарату орталығына демеушілер тарапынан ЭЦВ-8-80-33 насосы орнатылуда.  Аудан әкімінің орынбасары Мақсат Асылбекұлы мен Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Самат Алтынбайұлы аталған елді мекендегі су жүйесін орнату жұмыстарының басында болып, ауыл тұрғындарымен кездесті.

Өз кезегінде тұрғындар есепті кездесуде ауыз су мәселесі жөнінде айтылған ұсыныстары ескерусіз қалмай, шешімін тауып жатқандығына ризашылықтарын білдірді.

Қазіргі таңда Қосмезгіл елді мекенінде су құбырларын орнату жұмыстары жүргізуде. Орнату жұмыстары аяқталған соң, тұрғын үйлерге таза ауыз су кіргізіледі деп жоспарлануда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер