Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдарды көркейту бастамасынан кейін еліміздің түкпір-түкпіріндегі қоңырұай тіршілік кешіп жатқан қаншама ауылдың шығары жанып, берекесі кірді. Солардың ішінде Сауран ауданына қарасты Ескі Иқан ауылдық округі де бар.
Ауыл тарихи-мәдени ескерткіштерге бай. Мұнда Тұрсын мен Барақ хандар билік құрған Иқан қалашығы мәдени ескерттікштерді қорғау құзырында. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту жұмыстары жүзеге асырылып келеді.
Әсіресе округтегі Достық ауылына көбірек назар аударыла бастаған. Достық елді мекенінде балалар ойын алаңын салуға 30 миллион теңге қаражат қарастырылған. Оған балалардың ойын алаңы ғана емес, оның сырты қоршалып, балаларға арналған воркауттар да қамтылуда. Ескі Иқан ауылдық округі Достық елді мекенінде халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында қарастырылған қаржы 19 миллион 808 мың теңге.
Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан Шарап Ата көшесінде автокөлік жолы мен аяқ жолды күрделі жөндеуден өткізу мақсатында қарастырылған қаржы 29 миллион 906 мың теңге болып отыр.
Жалпы статистикалық орталықтың санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 14 миллионнан әлдеқашан асып кеткен.
Өңірде халық санының өсуіне байланысты экономикалық сұранысы да, әлеуметтік қамтылу деңгейі де күн өткен сайын артып келеді. Достық елді мекені, Достық-2 көшесіне тас төсеу мақсатында былтыр Үкімет тарапынан 1 миллион 458 мың теңге бөлініп, жеке кәсіпкер «Жағалбайлы» мен келісім-шарт жасалынып, жұмыстар толығымен атқарылды.
Ескі Иқан ауылдық округі, Достық елді-мекені, Әйтеке би көшесі бойында орналасқан тұрғын үйлердің ауласында орналасқан электр бағаналарын көше бойына көшіру мақсатында Үкімет тарапынан 1 миллион 446 мың теңге бөлініп, жеке кәсіпкер «Елнұр» мен келісім-шарт жасалынып, жұмыстар орындалды.
Ескі Иқан ауылдық округі бойынша түнгі жарық шамдарын ремонттау мақсатында Үкімет тарапынан 1 миллион 023 мың теңге бөлініп, ЖШС «Даму Строй» мен келісім-шарт жасалынып, жұмыстар жүргізілді. Ескі Иқан ауылдық округі бойынша 7 көшенінің асфальтбетонды жабынды және аяқ жолдарды, жарықтандыру орташа жөндеуден өткізу жұмыстарына 288 миллион 427 мың теңге, 3 көшенің жарығын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 41 миллион 340 мың теңге, 4 көшенің аяқ жолын орташа жөндеуден өткізуге жұмыстарына 100 миллион 969 мың теңге, 2 көшедегі балалар алаңы, воркаут, спорт алаңын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 60 миллион теңгеге сметалық құжаттар әзірленіп, 2022-2024 жылдарға бюджетке ұсыныс енгізілді.
Ескі Иқан ауылдық округіндегі диқандар қауымы жаңа технологияға бейімделуде. Ескі Иқан ауылдық округінің жалпы жер көлемі 41758 га, оның ішінде: 12558 га суармалы жер, 10770 гектар жерге бір жылдық екпелер егіледі, 1788 гектар жерге көпжылдық екпе бау жүзімдер егілген. Осы жерлер бүгінгі күнде 946 агроқұрылымдардың пайдалануына берілген. Оның ішінде 10 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі, 936 шаруа қожалықтарды құрайды.
Ауылда әлеуметтік нысандар да бой көтеруде. Мәселен «Анажан ана» балабақшасы ашылғалы бері қаншама бүлдіршіннің жүзіне күлкі үйірілді. Онда 140 бала балабақшамен қамтылған. Оларға қызмет етуге ауылдың 38 қыз-келіншектері жұмыс істеп жүр.
Қазіргі таңда ауыл адамдары құнды құжаттарын ресімдеу үшін қалаға сенделмейді. Себебі, әкімдіктің іргесінде бүкіл құжаттарды электрондық ресімдеу бекеті жұмыс істейді. Оның бас маманы Зураб Зураповтың айтуынша орталықта алты маман қызмет етеді. Мұнда туу туралы куәліктен бастап ауыл адамына қажетті барлық құнды құжаттар рәсімделеді. Тәулігіне Ибата, Достық, Шағадан үш жүзге жуық тұрғын келеді екен.
Жиырма мың адамнан тұратын ауылда балық шаруашылығы да дамып келеді. Жергілікті кәсіпкер Әлішер Муслимов ауыл іргесіундегі өзенді күл-қоқыстан тазалап, абаттандырып балық өсіретін ортаны қалыптастырды. Онда 200 миллионнан астам теңге жұмсап, карп, сазан, беломур, ақ балық, түрлі шабақтарды өсіре бастады. Екі тонна 700 киллограмм түрлі шабақтарды көлге тастаған. Бірер жылда өсімін күтіп отыр.
Түркістанның іргесіндегі Ескі Иқан ауылы ежелден алма бағымен даңқы алысқа кетіп жатқан құтты мекен. Бүгінгі таңда бағбандардың алма, алша, жүзім, өрік, алмұрт бағы жеміс беруде. Бәрінен бұрын бау-бақшаларға елге сыйлы, халқына қадірлі, ардақты аталардың атын қоюы қызықтырады. Мұнда білікті педагог, іскер басшы, өнегелі ұстаз Дадаш Маннатовтың 100 жылдығына арналған «Ұстаздар» бауы, Ұлы Отан соғысының ардагерлері «Сейіткамал ата», «Мұзаффар ата», «Абдувахид ата» баулары тәжірибелі дәрігер-хирург Ергеш Дадашұлының 75 жылдығына арналған «Дәрігерлер бауы» бой көтерген.
Сауран ауданы Ескі Иқанның мал шаруашылығын дамытуда әлеуеті зор. Аудандағы потенциялы жоғары ауыл. Халқы еңбекқор. Сондықтан болар ауылдықтардың «Ауыл аманаты» жобасына белсенді қатысуда.
Ескі Иқан ауыл округі пилоттық жобаға енгізілген төрттіктің бірі. Ауыл округ бойынша 2 кооператив пилоттық жобаға қатысуда. Иқан Агро-2" АШӨК отбасылық сүт фермасын ашуға ниетті. Ал, SAMRUQ 2023" АШӨК отбасылық мал бордақылау алаңдарын көбейтуді жоспарлап отыр. Бұдан бөлек несие алуға 7 жобаның құжаттары өткізіліп, «Ырыс» несие қаржы ұйымынан 41,0 миллион теңгені құрайтын несие алуға мақұлданды.
Жалпы республикалық "Ауыл аманаты" пилоттық жобасына ауданға қарасты 4 ауыл округ енгізілген. Аталған 4 ауылдық округтен 7 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері құрылып, жалпы құны 349,8 миллион теңгені құрайтын 67 жоба мақұлданып, оның ішінде 111,0 миллион теңгені құрайтын 21 жоба қаржыландырылды.
Жалпы бұл жоба облыста азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өңірде мал басының көбеюіне, тұрғындардың табысын арттыруға серпін береді. Бұл жобаның ерекшелігі ауыл-аймақтарда тұратын азаматтарға қаржылық несиемен қатар тауарлық несие де беріледі. Яғни, мал шаруашылығымен айналысатын шаруалар танымал, малы көп шаруашылықтардан тауарлық, яғни мал есебінде несие ала алады. Осылайша бұл механизм қарапайым тұрғындардың мал басын көбейтуіне, табысын арттырып, отбасын асырауына үлкен көмек болады. Тауарлық несиенің тиімділігі сол, одан бюджеттің бірде-бір тиыны жұмсалмайды. Сондай-ақ несиенің қайтарымы ақшалай емес, алынған төл есебінен болады.
Түркістан шаһарымен қатар дамып келе жатқан Сауран ауданында ілкімді істер көп. Жылдан-жылға ауданның потенциалы жоғарылап, экономикасы тіктеліп келеді.
Жауапты басшылардың мәліметне сүйенсек IІ тоқсанның қорытындысы бойынша негізгі әлеуметтік-экономикалық дамуда едәуір өзгерістер бар. Жалпы, аудандық бюджет кірістері 117,7 пайызға, яғни кіріс көзі 214,4 миллион теңге жоспардан артық орындалған. ІI тоқсан қорытындысымен жалпы өндірілген өнім 21 миллиард 544,4 миллион теңгені құраған. Атап айтқанда, ауыл шаруашылық саласында 15 миллиард 709,5 миллион теңгенің өнімі өндірілсе, электр энергиясы, газ бен су өндіру және бөлу 1 миллиард 232,8 миллион теңгеге қызмет көрсеткен. Тартылған инвестиция көлемі де қомақты. Есепті кезеңде ауданға 12 миллиард 668,7 миллион теңге инвестиция бағытталған. Оның ішінде 8 миллиард 329,6 миллион бюджеттік емес инвестиция. Аудандағы құрылыс жұмыстарында да ілгерлеу бар. ІІ тоқсанда құрылыс жұмыстарына 835,9 миллион теңге иегірілген. Нәтижесінде 14 118 шаршы метр тұрғын үй іске қосылып отыр.