Ауылдарға 38 жаңа трансформатор орнатылуда

image.png

Сауран ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ауылдық округтарды электр қуатымен қамтамасыз ету саласы бойынша қарқынды жұмыстар атқаруда. Электр қуатымен қамтамасыз ету бағытында 35 елді мекеннің 19050 абоненті электр қуатымен қамтамасыз етілген. Егізқара елді мекені күн электр станциясымен қамтылған. 

2023 жылы елді мекендерді сапалы электрмен қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті бюджет есебінен жаңадан 38 дана трансформатор бөлінген. Бүгінде оларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Атап өтетін болсақ, Шорнақ ауылдық округіне - 8, Шаға ауылдық округіне - 9, Бабайқорған ауылдық округіне - 6, Қарашық ауылдық округіне - 6, Оранғай ауылдық округіне - 2, Жүйнек ауылдық округіне - 1, Майдамтал ауылдық округіне -2, Үшқайық ауылдық округіне – 4 дана трансформатор орнатылуда. Шекербұлақ ауылдық округіне демеушілер есебінен 1 дана трансформатор алынып, іске қосылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан: Жаңа индустриялық аймақ—жаңа өндірістік мүмкіндік
  • Түркістан жаңа индустриялық дәуірге қадам басты
  • Түркістан өндірістік өңірге айналып келеді
  • Түркістан мен Измир байланысы жаңа кезеңге аяқ басты
  • Нұралхан Көшеров: Өзбекстанмен экономикалық әріптестіктің нығаюы рухани жақындықтың заңды жалғасы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер