Ойыққа су келеді

image.png

Сауран ауданына қарасты 12 ауылдық округте 36 елді мекен бар. Ауданының (100,5 мың адам) – 88,9 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген. 

Толық ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында осы жылы 268 тұрғын мекен ететін Ойық елді мекеніне бюджеттен қаржы қаралып, ауыз сумен қамту құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысанның құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі.

Сонымен қатар, сараптаманың оң қорытындысын алған нысандар бар. Олар Ескі Иқан елді мекенінің тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін «Иқансу-Қытай кен орнының жерасты суларынан» Ø-250 мм магистральді су құбырын тартуға 1 нысанның жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысын алынды. Нысанның құрылыс жұмыстарына 2024 жылға қаржы бөлдіруге Республикалық бюджетке ұсынылыпты.

Әзірленіп жатқан жобаларға тоқталатын болсақ, оларға 2023 жылы бюджеттен қаржы қаралып, Ескі Иқан, Шорнақ, Қосмезгіл елді мекендеріне жаңадан қоныстанған және ауыз су құбыры жүргізілмеген аумақтарына жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамаға жолданған.

Сондай-ақ, меморандум арқылы С.Қожанов, А.Үсенов, Мәшһүр Жүсіп, Еңбекші Дихан, Ораңғай, Абай елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз және құбырларын жаңартуға жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан жер асты су қорыныа геологиялық іздеу-барлау жұмыстары жүргізілуде. (Ибата, Жүйнек, Қарашық, Құмтиін, Қосмезгіл, Серт, 32-разъезд, Қызылжол).

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер