Жолдардың жағдайы жақсарып келеді

image.png

«Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы 2020-2025 жылдары аймақтарды дамытуға, ауылдардағы тұрмыс-тіршілікті жақсартуға бағытталған.  Сонымен қатар шалғай ауылдарды да аудан стандартына сай әрі модернизацияға лайық етіп, жаңа бір деңгейге көтеру мақсатын көздейді. Жаңа жоба шеңберінде жастар жұмылып жұмыс істеп, ауылдарды әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамытуға ат салыса алады. Ауыл тұрғындарының материалдық әл-ауқатын көтеру үшін кәсіпкерлердің де үлесі зор болмақ. Бағдарламада ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарту және ауылдарды үлкейту үшін бірнеше бағыт қарастырылған. Үшінші бағыт – ауылдық елдімекендерді дамыту, оның ішінде орталық ауылдардың инфрқұрылымын, тұрмыс салтын жақсарту.

Осы орайда Сауран ауданында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Ескі Иқан ауылдық округіне қарасты Мәшһүр Жүсіп елді мекенінде орналасқан Достық-2 көшесінде 1150 метр жол, Достық-4 көшесіне 850 метр аяқ жол мен автожол салынып ел игілігіне берілді. Ағымдағы жұмыстар бойынша ауыл әкімі Д.Саитов ауыл тұрғындарымен атқарылып жатқан сондай-ақ алдағы уақытта iске асырылатын жоспарларды атап өтті. Осындай халық игілігіне жасалып жатқан iстерге аудан, ауыл әкімшілік ұжымына ризашылықтарын бiлдiрiп, ауқымды істер жалғасын таба берсiн деген ниетпен ауыл халқы мен қариялары батасын бердi.

Күре жолдың да, ауыл-ауылға қатынайтын қара жолдың да сапасы уақытылы жақсарып келеді. Айталық  Шорнақ ауылдық округіне қарасты Қосмезгіл елді мекенінде орналасқан Қонаев көшесі мен Шаяхметов және Уалиханов көшелеріне қиыршық тастарды төгу жұмыстары жүргізілді.  Жоспарланған уақытқа сәйкес аталмыш көшелердің тас төсеу жұмыстары аяқталып, ел игілігіне қолданысқа берілді. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қарқынды жұмыстарының нәтижесінде көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ауылдардың көркі ажарлана түсті.

Сауран ауданында орналасқан Құсшы ата елді мекенінде кіреберіс автомобиль жолын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Асфальт төсеу жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айының соңында аяқталу жоспарланған.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Самат Алтынбайұлы асфальт төсеу жұмыстарымен танысып, сапасына бақылау жүргізіп өтті. Жол төсеу жұмыстарына куә болып, жол жөндеу жұмыстарына жауапты сала қызметкерлері мен мердігер компания өкілдеріне асфальттау жұмыстарының стандарттарға сәйкес сапалы төселуін қатаң бақылауда ұстау жөнінде атап өтті. 

Сонымен қатар, аталған жұмыстар үнемі басты назарында болатындығын ескертті. Алдағы уақытта жасалынып жатқан асфальт жолдар тұрғындардың қолайлы өмір сүру сапасын жақсарту үшін берілетін болады.

Жалпы ауданда аудандық маңызы бар автомобиль жолдары 119,3 шақырымды құрайды. Оның ішінде: 33,6 шақырымы асфальтталған, қалған 85,7 шақырымы тас және топырақ жолдар.

Елді мекендердің ішкі көшелері 731,1 шақырым. Оның ішінде: 308,3 шақырымы асфальтталған, 422,8 шақырымы тас және топырақ жолдар.

 «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде 2022 жылы 15 шақырымды құрайтын 18 көшеге (Шорнақ) орташа жөндеу жұмыстары, жарықтандыру жүргізілген болатын. Ағымдағы жылы бағдарлама аясында 11,2 шақырым жол жөнделмек. 

2022 жылы аудандық бюджет есебінен 277 дана жол белгілері, 42 дана жол кедергілері, Шорнақ елді мекенінде 2 көше қиылысына бағдаршамдар орнатылған.  Ағымдағы жылы 1 дана бағдаршам (Қарашық-Құмтүйін тас жолының қиылысына), 277 дана жол белгілері, 42 дана жол кедергілері (мектеп, балабақша алдындағы жол бойына) орнатылу жоспарланған. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен 12,3 шақырым жол жөндеуден өтеді.

Бұдан бөлек, 2023 жылы 1 дана бағдаршам (Қарашық-Құмтүйін тас жолының қиылысына), 277 дана жол белгілері (аудан бойынша), 42 дана жол кедергілері (аудан аумағында орналасқан мектеп, балабақша алдындағы жол бойына) орнатылған. 

Қазіргі таңда облыстық бюджет есебінен «Түркістан – Шорнақ» және «Түркістан – Ескі Иқан» бағыттары бойынша жолаушылар тасымалы ұйымдастырылған.

2023 жылы  ауданішілік 6 бағыт бойынша жолаушылар тасымалын ашуға жұмыстар жүргізілуде. 

Атап айтқанда:

-Құмайлықас – Шорнақ;

-Ескі Сауран – Шорнақ;

-Шорнақ – Нұртас;

-Қаражон – Шорнақ – Қазақстанның 30 жылдығы;

-Абай – Шорнақ – Қазақстанның 30 жылдығы;

-Жалаңтөс – Қазақстанның 30 жылдығы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер