Сауран аудандағы 35 елдімекен орталықтандырылған электр қуатымен қамтамасыз етілген. Бір ауылда күн сәулесі батареяларынан қуат алатын құрылғы бар. Аудан халқының өсуіне байланысты сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін, өткен жылы 13 трансформатор орнатылған. Биыл 37 дана орнатылуда. Сонымен қатар, елдімекендердегі жаңадан қоныстанған аумақтарға электр желілерін жүргізу бойынша жобалау сметалық құжаттамалары әзірленген.
Одан бөлек, облыстық бюджет есебінен 7,5 шақырымды құрайтын 1 аудандық маңызы бар автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Ауыл — ел бесігі» жобасы шеңберінде өткен жылы 15 шақырымды құрайтын 18 көшеге орташа жөндеу жұмыстары, сондай-ақ, жарықтандыру жүргізілді. Биыл бағдарлама аясында 11,2 шақырым, ал жергілікті бюджет есебінен 12,3 шақырым жол жөндеуден өтеді.
Сауран ауданының коммуналдық сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстары қарқынды. Ауыз су мәселесі бойынша 36 елді мекеннің 32 елді мекені ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. 3 шалғай орналасқан елді мекендерде кешенді блок модуль орнату қарастырылуда (мал шарушылығымен айналысады).
Атап айтқанда:
— 32 Разъезд – елді мекен тұрғындары хаттамасына сәйкес, КБМ бас тартқан;
— Қаратөбе елді мекен тұрғындарымен хаттама түзіліп, КБМ орнатуға келісім алынған;
— Езізқара елді мекені тұрғындарымен хаттама түзіліп, КБМ орнатуға келісім алынған және бұлақ көзі суының жарамдылығы бойынша СЭС қорытындысын алуға арыз жолданған.
Сонымен қатар, 2022 жылы 4 елді мекенге (Жүйнек, Шыпан, Қызылжол, Достық) су мұнарасы орнатылып, 3 елді мекеннің (Бостандық, Еңбекші Дихан, Шоқтас) ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. 12 елді мекенде «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» тарапынан жер асты су қоры зерттелуде.
Сонымен қатар, Майдантал ауыл округі, Ынталы елді мекеніндегі ауыз су жүйелеріне (құны — 23,0 миллион теңге) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша 69 үй таза ауыз сумен қамтылды.
Ауданда биыл 11 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары жүргізілген. Бүгінгі күнге нақты 6 елді мекен табиғи газды пайдаланып отыр. 2023 жылдың соғына дейін 5 елді мекенге табиғи газ қосылады (Ескі Иқан, Ибата, Ойық, Бершінтөбе, Шоқтас). Табиғи газбен қамту бойынша, Шорнақ, Қосмезгіл, Оранғай елді мекендерінде (4,5 миллиард теңге) және Жүйнек және Қарашық ауыл округтерінде (4,9 миллард теңге) ішкі газ құбырларының құрылысына жобалық сметалық құжаттары толық әзірленген.
Аудандағы жол көлік инфрақұрылымы да айтарлықтай дамыған.
Мәселен аудандық автомобиль жолдары 119,3 шақырымды құрайды. Оның ішінде: 33,6 шақырымы асфальтталған, қалған 85,7 шақырымы тас және топырақ жолдар. Елді мекендердің ішкі көшелері 731,1 шақырым. Яғни 308,3 шақырымы асфальтталған, 422,8 шақырымы тас және топырақ жолдар. Облыстық бюджет есебінен 7,5 шақырымды құрайтын 1 аудандық маңызы бар Құсшыата автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Ауыл — Ел бесігі» жобасы шеңберінде 2022 жылы 15 шақырымды құрайтын 18 көшеге Шорнақ орташа жөндеу жұмыстары, жарықтандыру жүргізілген. Ағымдағы жылы бағдарламасы аясында 11,2 шақырым жол жөнделмек. Нақтылай өтсек:
— Жаңа Иқан ауыл округі, Аль-Фараби, Бостандық, Ұлықбек және Б.Шалбаев көшелері (2,8 шақырым),
— Ескі Иқан ауыл округі, Ұлықбек, Жаңа Иқан, Шымкент, Х.Алимжан, Достық-2, Достық-4, М.Ауезов, Сұлтан Қожа және Салауат көшелері (6,35 шақырым),
— Үшқайық ауыл округі, Молдағұлова, Абай, Үсенов, Бейбітшілік және Қонаев көшелері (2,05 шақырым)
Өткен жылы аудандық бюджет есебінен 277 дана жол белгілері, 42 дана жол кедергілері, Шорнақ елді мекенінде 2 көше қиылысына бағдаршамдар орнатылған. Ағымдағы жылы 1 дана бағдаршам (Қарашық-Құмтүйін тас жолының қиылысына), 277 дана жол белгілері, 42 дана жол кедергілері (мектеп, балабақша алдындағы жол бойына) орнатылады.
Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен 12,3 шақырым жол жөндеуден өтеді.
— Жүйнек ауыл округінде, Қуаныш және Ғасыр көшелері (2,2 шақырым);
— Бабайқорған ауыл округінде, Б.Майлин және С.Қожанова көшелері (2,0 шақырым);
— Қарашық ауыл округінде, Ақтанбаев көшесі (2,0 шақырым);
— Жібек Жолы ауыл округінде, Т.Ерімбетов көшесі (1,1 шақырым);
— Оранғай ауыл округінде, Мешіт көшесі (1,5 шақырым);
— Шаға ауыл округінде, Фурхат, Жастар, Тағайлы және Темірқорған көшелері (3,5 шақырым)
Қазіргі таңда облыстық бюджет есебінен «Түркістан – Шорнақ» және «Түркістан — Ескі Иқан» бағыттары бойынша жолаушылар тасымалы ұйымдастырылған. 2023 жылы ауданда 6 бағыт бойынша жолаушылар тасымалын ашуға жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда: Құмайлықас – Шорнақ; Ескі Сауран – Шорнақ; Шорнақ – Нұртас; Қаражон – Шорнақ – Қазақстанның 30 жылдығы; Абай – Шорнақ — Қазақстанның 30 жылдығы; Жалаңтөс — Қазақстанның 30 жылдығы.