Тұрғын үй құрылысы қарқын алды

image.png

Сауран аудандағы құрылыс жұмыстарының көлемі қарқынды. Салаға жауапты мамандардың мәліметінше биылғы жылы  құрылыс жұмыстары 301,6 миллион теңгені құрады, нақты көлем индексі 146,2 пайыз. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің алаңы 8 мың 014 шаршы метрді құрап, өсім 123,4 пайыз болды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша  құрылыс жұмыстары 4 миллиард  270,0 миллион  теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 124,3 пайызға артқан. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 30 мың 124 шаршы метрді құрап, өсім 143,6 пайыз көрсеткіші осындай болды.

Сауран ауданындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Бүгінгі таңға ауданда шағын және орта кәсіпкерліктің саны 6 062-ге жетті. Оның ішінде жұмыс істеп тұрғандар саны 6 010 немесе 99,1 пайызы.  Ал өткен жылдың қорытындысымен өткізілген тауар көлемі  1 миллиард  179,7 миллион  теңгені құрады, өсім 101,2 пайыз. (2021 жылы 444,7 миллион теңге). Тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5 313 бірлік, белсенді субъектілерінің саны 5 258 бірлік немесе 99,0 пайызды (2021 жылы тіркелген субъектілерінің саны 4 121 бірлік іс-әрекеттегі субъектілерінің саны 4 059 бірлік, 98,5 пайыз).

Осы орайда кәсіпкерлікті дамыту ауданда қарқын алды. Саурандық диқан  Мұрат Сұлтанбаевтың жылыжай шаруашылығымен айналысып келе жатқанына он жылдан астам уақыт болған. Екі соттық жерден бастау алған жылыжай көлемі бүгінде 0,5 га ұлғайған. 7,5 соттық жерден он күннің ішінде 600 кг қияр жиналған. Шаруа бұл межені 50 тоннаға жеткізуді көздеп отыр. Қиярдан басқа жылыжайға тәтті болгар бұрышы мен қырықабат егілген. Мұрат Сұлтанбаевтың айтуынша былтыр 15 соттық жылыжайдан 12 тонна болгар бұрышы жиналған. Биыл бұл өнім есе есеге артады деп күтілуде.

Саурандық шаруаның сөзінше,

-Мынау қиярдың «фламинго» деген ең жоғарғы сорты. Қиярдың бұл түріне сұраныс жоғары. Өнімді базардағы сатушылар көтерме бағамен өздері алып кетеді. Бір айдың жобасында болгар бұрышы да өнім береді. Қазір гүлдеп жатыр. Жылыжай ерекше күтімді қажет етеді. Баптасаң табысқа кенелесің. Өзіме бау-бақша еккен ұнайды. Қазір он адамды жұмыспен қамтып отырмын. Жиын-терім кезінге жылыжайда елу адамға дейін жұмыс жасайды. Бұдан бөлек, қарбыз ектім. Отбасылық кәсіптің аясын өз күшімізбен ұлғайтып жатырмыз, — дейді шаруақожалық егесі Мұрат Сұлтанбаев.

 Жылыжай көзін тапсаң, таптырмайтын табыс. Жерана диқанның еңбегінің есесін еш етпейді. Еңбегі адал болса. Жылыжай кешендерінің молайғаны дұрыс. Бәсекелестікке жол ашады. Сонда ғана халыққа сапалы өнім қолжетімді болмақ. Көкөніс өндірудің әлеуеті зор бола тұра, импорттық өнімдерге тәуелдіміз. Диқаншы Мұраттың айтуынша 2 соттық жылыжайды салып, оны баптау үшін қыруар қаржы мен шыдамдылық керек. Шаруасы оңға басқан диқаншының бар айтары еңбек етсең ғана игілігін көресің. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер