Белсенді кәсіпкерлер көбейіп келеді

image.png

«Біз экономиканың өсімін кемінде 6-7 пайызға жеткізуіміз керек. Ол үшін бизнестің жеке бастамаларына барынша қолдау көрсету қажет. Осы бағытта біраз шаруа атқарылды. Орта кәсіпкер, біздің бақылауымыз бойынша, әлдеқайда ширақ, мобильді және құбылмалы нарықтық жағдайларға тез бейімделеді. Иә, соңғы 7 жылда ЖІӨ-дегі шағын және орта кәсіпкерлік үлесінің өскені байқалады. Бірақ бұл динамиканың негізгі қозғаушы күші – шағын кәсіпкерлік субъектілері. Олардың саны 46 пайызға көбейді. 

Жалпы алғанда, Қазақстанда шағын және ірі бизнес үшін өте жақсы жағдай жасалған. Ірі бизнес орнықты дамып келеді және табысы мол. Ол үшін мемлекеттік саясат қолданыстағы ережелердің тұрақтылығын қамтамасыз етуі, фаворитизм мен бәсекеге қабілетсіз тәжірибелердің болуына жол бермеуі маңызды. Бұл бағытта белсенді жұмысты жалғастырамыз". Бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйек айында «Ақорда» резиденциясында отандық бизнес өкілдерімен кездесу барысында айтқан сөзі. 

Ия, расында да мемлекет басшысы айтқандай елімізде кәсіп ашамын, бизнесімді дамытамын дейтін жандарға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде. Өз кезегінде кәсіпкерлер де елге пайдасын тигізіп, салығын төлеп, халықты қажетті азық-түлік тауарлармен қамтамасыз етіп, жұмыссыздықпен күресіп, жалпы алғанда ел экономикасының өсуіне ықпал жасауда. 

Түркістан шаһарына тиіп тұрған Сауран ауданы облыс орталығымен бірге дамып отырған өңір. Ауданда жұмыс жоқ деп қарап отырмай, әрекет етіп, кәсіп ашып, тіпті оны сәтті жүргізіп, елге пайдасын тигізіп отырған белсенді кәсіпкерлер көбейіп келеді. 

Бүгінгі таңда жалпы ауданда шағын және орта кәсіпкерліктің саны 6 062-ге жетті. Оның ішінде жұмыс істеп тұрғандар саны 6 010 немесе 99,1 пайызы.

«Еңбек» бағдарламасы аясында ауданда мемлекеттік қайтарымсыз грантқа қатысуға әрбір азаматтың мүмкіндігі бар. Бұл мақсатта жастар мен кәсіпкерлерге өз бизнесін дамыту үшін жеңілдетілген 6 пайызбен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорын кепілдендіру, субсидиялау құралдарын пайдалану арқылы несиелер ұсынуда екен. 

Егер бизнесіңіз қызмет көрсету не болмаса сауда саласына жататын болса кепілсіз 6 пайызбен 5миллион теңгеге дейін қаражатқа қол жеткізуге мүмкіндік бар. Ал «2025 жылға дейін кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» аясында осал топтағы немесе көпбалалы азаматтарға және 29 жасқа дейінгі жастарға грант беріліп келеді. Мәселен, мемлекеттік қайтарымсыз грантқа, яғни 585 мың теңгені бүгінгі таңда ауданда 35 азамат алып, өз кәсіптерін ашып отыр. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер