Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. Бұл салада шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер бар. Атап айтқанда, жұрттың жерге қол жеткізе алмауы, ұзақ мерзімге берілетін «арзан несиенің» болмауы», кәсіби мамандардың тапшылығы. Өнімділікті арттырып, шикізат өндірумен ғана шектелмеу үшін, сондай-ақ қойма және көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында шұғыл шаралар қабылдау керек. Елімізде ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, бидай, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу үшін 7 ірі экожүйе қалыптастыруға болады. Балық шаруашылығына да ерекше мән берген жөн. Біз горизонтальді кооперацияның әлеуетін де естен шығармауымыз қажет. Онсыз агроөнеркәсіп кешенінде қарқынды даму болмайды»,- деп орнықты экономикалық өсімге, ел экономикасын қайта жаңғыртуға, кәсіпкерлік ортаны жақсартуға, тұрғындардың тұрмысын арттыруға, сонымен бірге, ауыл шаруашылығы саласында нәтижелі жұмыс жүргізуге бағытталған басымдықтарды нақты атап көрсеткен болатын.
Ауылшаруашылығы – ел экономикасының негізгі қозғаушы күші, драйвері екені анық. Сондықтан бұл салаға барынша қолдау көрсетіп, оны дамыту еліміз үшін аса маңызды.
Республиканың оңтүстігінде орын тепкен Түркістан облысының негізгі дамушы бағыты ауылшаруашылығы. Оңтүстіктің диқандары қашанда үздіктер қатарынан көрініп келеді.
Түркістан облысында ағымдағы жылы «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы 9 303 гектарға ендірілді. Бұл тәсіл ағын суды 2 есе үнемдеп, өнімділікті 3 есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Республикадағы жылыжайлардың 71 пайызы облысқа тиесілі. Ал 2027 жылға дейін 500 гектарға жаңа жылыжай салу жоспарланған
Осы ретте Сауран ауданының диқандары қазіргі таңда жаңа технологияларды қолдана отырып, бір алқаптан екі кейбірі үш рет өнім алудың мүмкіндіктерін пайдалануда. Бүгінгі таңда ауданда осындай 232 жоба іске қосылған. Бірқатар кәсіпорындар жылыжай шаруашылықтарын дамытуға кірісіп кеткен. Оның аумағы 11,7 гектарға жеткізілді. Таяу болашақта осы саланы барынша дамыту көзделуде.
Сала мамандарының айтуынша, тамшылатып суғару әдісін енгізу бойынша ауданда 443 гектаралқап таңдалған. Қарқынды бау шаруашылығын дамытуға 513 гектар алқап қарастырылған. Жалпы аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатында 370937 гектар жер қарастырылса, оның ішінде 44441 гектары суармалы егістікке бөлінген. Жайылымдық жер 312712 гектарды құрайды. Шабындық жерлер 3257 гектар.
Қазіргі таңда шаруа қожалықтар тоқырап қалумау үшін бірнеше шаруашылық түрін қатар алып жүруде. Оның ішінде асыл тұқымды мал шаруашылығы, құнарлы мал азығын әзірлеу, құс өсіру, мақтаның сапалы түрін өсіруге бет бұруда. Жеке қожалықтардың дені соңғы жылдары тамшылатып суғару әдісіне көшуде. Аудан бойынша егін шаруашылығына 40958,07 гектар жер телімі берілген. Қазіргі таңда диқандар дәндік жүгері, жоңышқа, сүрлемдік жүгері, көкөніс, бидай, күнбағыс, мақта, мақсары егуге көшкен. Сондай-ақ, Сауран ауданына қарасты Оранғайда екі, Иассыда бір, Жаңа Иқанда бір, Ескі Иқан ауылдық округінде екі көкөніс және жеміс-жидек сақтайтын қоймалар орналасқан.
Аудан бойынша биылғы мал қыстату науқанына қажетті 308,2 тонна мал азығы дайындалу керек болса, ол меже 330,2 тонна болып 107 пайызға орындалған.
Ал бұқашықтарды мал өнеркәсіптік бордақылау алаңына өткізу жоспары 7900 бас деп көрсетілсе, ол меже 8858 бас болып, 112 пайызға орындалған. Тауарлы балық өнімін өндіру 700 тонна деп жоспарланса, бүгінгі күнге 745 тонна болып, 106,4 пайызға орындалып отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес. Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс» дей келіп ауыл шаруашылығына басымдық береді.
Ауданда жаңбырлатып суғару қондырғыларын 938 гектар алқапқа орналастыру жоспарланған.Өткен жылы Шаға ауылдық округінде 780 гектар алқапқа жаңбырлатып суару қондырғысы орнатылған. Сонымен қатар, Қарашық, Майдантал және Жібек жолы ауылдық округтерінен «Картекс Агро» және «ИС Жәңгір» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жаңбырлатып суару технологиясын орнату мақсатында, құрал-жабдықтарын сатып алып орнату үстінде. Сонымен бірге ауыл шуыл шаруашылығы техникасы паркі де жаңаруда. Биыл ауданда 78 ауыл шаруашылығы техникасы алынып, техника паркі жиырма пайызға жаңарған.
Сондай-ақ, Сауран ауданына қарасты Оранғай -2, Иассы -1, Жаңа Иқанда-1, Ескі Иқан ауылдық округінде -2 көкөніс және жеміс-жидек сақтайтын қоймалар орналасқан. Сауран ауданы Түркістан қаласы мен басқа да аудандарды және облыстарды азық-түлікпен қамтамасыз етуде. Ол үшін Түркістан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру жобасы жүзеге асырылуда. Жалпы жоба аясында құны 28,7 миллиард теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
Міне осындай серпінді жобалар өндірістің тиімділігін көтеріп қана қоймай, сапасын да едәуір жақсарта түскен.