Шорнақта өзекті мәселелер кезеңімен шешілуде

image.png

Бүгін Сауран ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ербол Жанғазиев бастап, аудан әкімінің орынбасарлары Серік Садибаев пен Мақсат Таңғатаров Жүйнек, Қарашық, Шорнақ ауылдық округі тұрғындарымен арнайы кездесіп, олардың өзекті мәселелерін тыңдады.

Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін. Олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін» деп тапсырма берген болатын. 

Осыған орай, аталған ауылдық округтерде өткен кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан көптеген мәселелер көтерілді. Атап айтсақ, Жүйнек ауылдық округі бойынша электр жарығының нашарлығы, жаңа трансформаторлар орнату, электр бағаналарын жаңарту, ауыз су мәселесі, Шекербұлақ елді мекеніндегі Абылайхан көшесін асфальттау, елді мекенде байланыстың нашарлығын, Жүйнек мектебіндегі жүргізіліп жатқын жылу қазандығының сапасыздығы, жаяу жүргінші жолдарын салу, (тротуар), көшелерді асфальттау, табиғи газ, ағын су тапшылығы, қоқыс жәшіктерін орнату бойынша қордаланған өзекті мәселелер көтерілді.

Бұдан соң кезекті кездесу Қарашық ауылдық округінде өтті. Құмтүйін елді мекеніндегі диқандардың басты мәселесі егістік алқаптарына Жүйнек ауылдық округі тұрғынының жылқылары жайылып, мақта алқаптары шығынға ұшырағанын ашына жеткізді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары тарапынан ағын судың жеткіліксіздігін, суға төлейтін электр жарығының қымбат екенін, шаруаларға ауырға соғып жатқанын, ауыз су, елді мекендердегі трансформаторлардың тозығы жеткенін, интернет байланысының нашарлығын, табиғи газ, көпірді жөндеу, Құмтүйін елді мекеніне кітапхана, мәдениет үйі салынса, ауылда тұрғындарының саны жыл санап артып келетінін, соған орай, учаскелік жер берілуін, балалар ойын алаңдарын салу қажеттегі туралы ұсыныс пікірлерін білдірді. Қарашықтық тұрғындардың тағы бір мәселесі елді мекен айналасындағы заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларға тоқтам салу керектігін жеткізді.

Ал, Шорнақ ауылдық округі тұрғындарымен кездесу аудандық мәдениет үйінде өткізілді. Аудан орталығының тұрғындары тарапынан қордаланған мәселелердің қарасы көп болды. Енді тарқатып айтып өтсек. Кезінде тұрғын үйге берілген жерлердің заңсыз болуы, бүгінде ол жерлерге ауыл тұрғындары үй салып алған екен. Осыларды заңдастырып беруін сұранды. Одан бөлек, ауыз су, Шорнақ елді мекен жанындағы асфальт зауытты көшіру керектігін, жайылым жерлердің жоқтығын, қарттарға демалуға сауықтыру орнына жолдама берілсе, мазаратқа жер анықтап беру, ағын су, елді мекендерге скважина қазу, мазарат маңында қаңғыбас иттердің көптігін, оларды жою, табиғи газ, шаңырақ көтеріп жатқан жастардың көптігін айтып, аудан орталығына көпқабатты үйлердің қажеттігін жеткізді. 

Жалпы Шорнақ ауылдық округі күн санап көркейе түсуде. Бұған аудан орталығы мәртебесіне ие болуы да үлкен жауапкершілік пен ауылдың септігін тигізіп отыр. Осыған байланысты кенттегі кәсіпкерлер қызмет көрсету сапасын көтере түсуде. Қазіргі таңда Шорнақ, Аша, Қосмезгіл, 32 разъезд елді мекендерінде орналасқан заңды 83 жеке кәcіпкерлер бар. Оның ішінде 52-ге жуығы сауда нүктелері. Шорнақ ауылдық округі бойынша жалпы құны 280 миллион теңге болатын 4 инвестициялық жоба тартылып, жеке кәсіпкерлер қаражатына іске асырылып жатыр. Оның ішінде жеке кәсіпкерлер бала-бақша, сауда орны, қонақ үй, дәріхана ашуға кіріскен.

Бүгінгі таңда Қосмезгіл елді мекенінде 120 орынды «Нұр-Жанар» бала-бақша өз жұмысын атқарып, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Соның арқасында 120 әйел аналар өздерінің сүйікті кәсіптерімен айналысуда.

Мемлекет басшысының қолдауымен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жаңа бастамашылықтарды қолдауға арналған мемлекеттік грантты 8 азамат жеңіп алды. Аталған азаматтар 200 есептік айлық көрсеткіш 583400 теңге көлемінде мемлекеттік грант қаржысын алып, кәсіптерін жүргізуде. Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі 20 миллион теңге болса, «Сунақ ата» есімімен жеке кәсіпкер Сирожиддин Шонабаев 30 миллион теңгеге тамақтану орыны, наубайхана құжаттарын жасауда.

Тағы бір айта кетер жайт, ауылдық округінде тұрғындардың қауіпсіздігі ең маңызды мәселенің бірінен саналады. Мұнда әскери патриоттық жұмыстарды атқару бойынша тиісті шаралар жүргізілуде. 

Полиция тірегінде бір учаскелік полиция қызметкерлері жұмыс атқаруда. Учаскелік инспекторлар бекетінде мемлекет тарапынан салынған қызметтік үйде учаскелік инспекторлар өздері түзген кезекшілікпен ауысып тұрады. Рейдтен басқа уақытта жұмыс орнында болады. Тоқсан сайын мектептердегі оқушылармен кездесу өткізіліп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тығыз байланыста болады. Осындай кешенді шаралардың нәтижесінде өткен жылы ешқандай қылмыс орын алған жоқ.

2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқев ҚР Прензиденті қызметіне кіріскенде Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруға арналған Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы жалғасатынын мәлімдегені есте. Осыдан кейін ҚР Үкіметі «Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған» жаңа бағдарлама әзірлеген еді. Бүл күнде сол бағдарламаның шарапатын көріп отырған елді мекендер жетерлік. Мәселен Шорнақ ауылдық округінде аталған бағдарлама аясында 39 көше жөндеуден өтті. 32 көшеге жарықтандыру жүргізілді. Аша елді мекені бойынша «Таза су»-бағдарламасының 2-ші кезеңі жүргізіліп, 2022 жылы қолданысқа берілді.

Ауылдық округтегі өзекті мәселелерді зерделеу барысында ауыл тұрғындарының сұранысы бойынша Арыс-Түркістан каналының бойын толық аралап, ағын-суды шаруалардың егістігіне толық жеткізу мәселесі егжей тегжей қаралған болатын. Мәселені толық шешу үшін «Тұран су» мекемесінің басшыларымен бірнеше рет кездесулер өткізіліп, нәтижесінде егістіктер сумен толық қамтамасыз етілді.

Бұл су өтетін өткелдердің жазда толық тазаланып су жүйелері толығымен жұмыс істеуінің нәтижесі. С.Тоймахан, Ы.Алтынсарин көшелерінің бойында көктемде егілген тал-дарақ, қара күз түскенше күтімде болды. Аауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратының алдына заманауи автотұрақ іске қосылып, әйелдер мен ерлер әжетханасымен қамтамасыз етілген болатын. 

Жоғарыда аталған ауылдық округтердегі кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан айтылған барлық мәселелер жіпке тізілгендей бақылауға алынып, қажеттігіне қарай мерзімдері көрсетіліп, шешу жолдары қарастырылды. Сауран ауданы әкімінің орынбасарлары өздері жетекшілік ететін салалары бойынша көтерілген өзекті мәселелер төңірегінде тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді. Сонымен қатар, кездесулерге сол ауылдық округтерінен сайланған депуттаттар да арнайы қатысып, өздері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарын баяндап өтті. Аталмыш кездесу барлық ауылдық округтерінде өткізілетін болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер